• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2014 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 163 бұйрығына 6 қосымша

«Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы регламент күшін  жойды ҚР Қаржы министрінің  02.07.2014 жылғы №  298 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қаржы министрлігі мен аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардағы салық басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
мыналарды:
салық төлеушімен келісілген салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау кестесімен қоса салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін өзгерту туралы;
салық төлеушімен келісілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау кестесімен қоса салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы;
бас тарту негіздерін көрсете отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомалары бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы;
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы заңының 49-бабының 33 және 34 абзацтарында көрсетілген импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген «Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша уәжделген бас тарту табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. «Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау» бөлімі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып көрсетілетін қызметті алушымен стандарттың 9-тармағында кқрсетілген құжаттарды тапсыруы табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің рәсімі (іс-қимылдары):