Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
міндетін атқарушысының
2014 жылғы 3 сәуірдегі
№ 221 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы 16 және 39-баптарының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыру саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысы:
Toggle Dropdown
1) қағаз түрінде бербоут - чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік);
Toggle Dropdown
2) Стандарттың 12-тармағына сәйкес электронды құжат немесе қағаз түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық бөлімшелердегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің) iс-қимылдары тәртiбiн сипаттау
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының, Стандарттың 10-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің кеңсесінің қызметкері бір сағат ішінде өтінішті қабылдау, ашу және кіріс корреспонденциясы журналында тіркеуді жүргізеді және оны Министрліктің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
Toggle Dropdown
2) Министрліктің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде өтінішті қарайды және оны Министрліктің Су көлігі департаментінің басшысына (бұдан әрі – Министрліктің СКД) береді;
Toggle Dropdown
3) Министрліктің СКД отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны Министрліктің СКД Теңіздегі кеме қатынасы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасына (бұдан әрі – Министрліктің СКД ТКҚСМСҚБ) береді;
Toggle Dropdown
4) Министрліктің СКД ТКҚСМСҚБ отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны СКДТПІСКДБ-ның жауапты орындаушысына береді;
Toggle Dropdown
5) Министрліктің СКД ТКҚСМСҚБ-ның жауапты орындаушысы тоғыз жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды, оны белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және оны Министрліктің басшысына қол қоюға жолдайды;
Toggle Dropdown
6) Министрліктің басшысы төрт сағат ішінде рұқсатқа немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және оны Министрліктің кеңсесіне жолдайды;
Toggle Dropdown
7) Министрліктің кеңсесінің қызметкері бір сағат ішінде рұқсатты немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді;
Toggle Dropdown
8) көрсетілетін қызметті алушы егер Министрлік рұқсат етуді ұсынған жағдайда өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;
Toggle Dropdown
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бір сағат ішінде өтініштің тіркеуін жүргізеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
Toggle Dropdown
10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызмет берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысына береді;
Toggle Dropdown
11) Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысына береді;
Toggle Dropdown
12) Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысы күнтізбелік жиырма жеті күн ішінде өтінішті қарайды және оны белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, бербоут-чартер тізіліміне жазу енгізеді, куәлікті немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;