Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 19 мамырдағы
№ 311 бұйрығына
3-қосымша
«Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 61-бабының 2-тармағының және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағазбен және (немесе) электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған).
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Ұшуды орындау құқығына куәлік (куәлік телнұсқасын) (бұдан әрі - куәлік, куәліктің телнұсқасы) беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) беру болып табылады.
2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі. Қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс - қимылдары):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынылған де құжаттарын кiрiс хаттарды тіркеу журналында тіркейді және қызметті берушінің басшысына жолдайды;
2) қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарастырады және оларды қызметті берушінің Ұшуды пайдалану басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жолдайды:
Куәлікті беру үшін - сертификациялық тексеру аяқталған кезден бастап күнтізбелік бір күн ішінде;
Куәліктің көшірмесін беру үшін – өтінішті тіркеген күнінен бастап күнтізбелік бір күн;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған де құжаттарын қарастырады және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдайды;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) келесі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын мерзімде куәліктің ресімделуін және оған көрсетілетін қызметті беруші басшының қол қоюын қамтамасыз етеді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) келесі күнтізбелік 8 (сегіз) күннен аспайтын мерзімде куәліктің телнұсқасына қызметті беруші басшының қол қоюын қамтамасыз етеді;
5) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде куәлікті (куәліктің телнұсқасы) қызметті алушының жеке келуінде берілген куәліктерді (куәліктердің телнұсқасы) есепке алу және тіркеу журналында қолхатпен тапсырады.
Куәліктің телнұсқасы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күннен бастап күнтізбелік 10 күнге дейінгі мерзімде тапсырылады.