• Мое избранное
«Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидаларын бекiту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидаларын бекiту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидаларын бекiту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 177-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « » №
Қаулысымен бекітілген
Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершілiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы халықаралық конвенцияға (бұдан әрi – Конвенция) және «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 177-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленді.  
2. Қағидалар екі мың тоннадан астам мұнайды жүк ретінде құйып тасымалдайтын кеменің кеме иесiнiң ластанудан болатын залал үшiн жауапкершiлiгi сақтандырылғандығын немесе Конвенцияның VII бабына сәйкес өзге тәсiлмен қамтамасыз етiлгендiгiн куәландыратын Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi (бұдан әрi – Куәлiк) беру тәртiбiн айқындайды.  
3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  
1) кеме иесі – кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын тұлға;
2) кеменiң меншiк иесi – Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;
3) мұнай – кеменiң бортында жүк ретiнде немесе осындай кеменiң отын танкерлерiнде тасымалданғанына қарамастан кез келген тұрақты мұнай, атап айтқанда шикi мұнай, мазут, ауыр дизель отыны, жағар май және кит майы;  
4) ластанудан болатын залал – мұнайдың ағуы немесе төгiлуi қай жерде болса да, мұндай ағу немесе төгiлу салдарынан болған кеме сыртындағы ластанудан келтiрiлген шығындар немесе залал және алдын алу шараларының құнын және бұдан басқа алдын алу шараларымен келтiрген шығындар мен залалдарды қамтиды.  
4. Куәліктің түпнұсқасы кеменiң бортында болуға тиiс. Куәліктің көшiрмесi оны берген теңiз портының капитанында сақталады.  
5. Куәлік болмаған жағдайда кемеге Қазақстан Республикасының теңiз портынан кетуге рұқсат етілмейді.  
2. Кемелерге Куәлiк беру тәртібі
6. Кеменің меншік иесі және (немесе) кеме иесі кемеге Куәлiкті алу үшін порттың теңіз әкімшілігіне өтінішті сақтандыру туралы полисті немесе банк кепiлдiгiн, халықаралық өтемақы қоры берген куәлiкті немесе көрсетiлген жауапкершiлiктi өзге де қаржымен қамтамасыз етуді қоса бере отырып, бередi.  
7. Куәлiктi беру туралы өтiнiш теңіз порты капитанының атына:  
1) кеменің атауы, айырым нөмiрi немесе белгiлерi, кеменің тiркеу порты;  
2) Теңіз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмi, бербоут-чартер тiзiлiмi немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімі бойынша кеменiң тiркеу нөмiрi;
3) кемеде жүк ретiнде тасымалдауға болатын мұнай көлемi;  
4) кеме меншік иесінің атауы мен мекенжайы;  
5) кеме иесi (кеме жалдаушы) және оның мекенжайы көрсетiле отырып беріледі.  
Куәлiк беру туралы өтiнiшке кеме иесiнiң мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн жауапкершілігi сақтандырылғанын немесе мысалы, банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтемақы қоры берген куәлiк сияқты, қаржы жағынан өзгеше тәсілмен қамтамасыз етiлгенiн куәландыратын нотариат растаған құжаттың көшiрмесi қоса берiлуi тиiс.
8. Куәлiктi теңiз портының капитаны Куәлікті беру туралы өтiнiштi алған сәтінен бастап бес жұмыс күн iшінде кеме иесiнiң мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн жауапкершілігi сақтандырылғанын немесе мысалы, банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтемақы қоры берген куәлiк сияқты, қаржы жағынан өзгеше түрде қамтамасыз етiлгенiн куәландыратын құжаттың қолданылу мерзіміне бередi.  
9. Кемелерге Куәлiк беруден ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оған үш жұмыс күні ішінде дәлелді жазбаша бас тарту беріле отырып, бас тартылады.
10. Куәлiкте:  
1) «қамтамасыз ету түрi» деген бағанда - сақтандыру немесе мысалы, банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтем қоры берген куәлiк сияқты өзге де қаржымен қамтамасыз ету;
2) «қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi» деген бағанда - кеме иесiнің жауапкершілігi ұсынған полисі бойынша сақтандырылғанға немесе мысалы, банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтем қоры берген куәлiк сияқты өзге де түрмен қаржы жағынан қамтамасыз етiлгенге дейiнгi күнi көрсетiледi.  
Куәлiкте ол жарамды болғанға дейінгі күн көрсетiлуге тиiс. Бұл күн «қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмі» деген бағанда көрсетiлген күнге сәйкес келуге тиiс.
11. Кеменің меншік иесі Куәлікті жоғалтқан жағдайда, теңіз портының капитаны кеменің меншік иесінің еркін нысанда жасалған өтініші бойынша оған көрсетілген Куәліктің төлнұсқасын үш жұмыс күні ішінде береді.
 ________________________________
Мұнаймен ластанудан
болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидаларына
қосымша
Нысан
Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлік Свидетельство о страховании или ином финансовом обеспечении гражданской ответственности за ущерб от загрязнения нефтью Сertificate of insurance or other financial security in respect of civil liability for oil pollution damage
1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру туралы халықаралық конвенцияның VII бабының ережелеріне сәйкес берілді.
Выдано в соответствии с положениями статьи VII Международной конвенции о гражданской ответственности за ущерб от загрязнения нефтью 1969 года.
Issued in accordance with the provisions of article VII of the International Convention on Civil Liability for Oil Pollution Damage, 1969.
 

Кеменің атауы

Название судна

Name of ship

Айырым коды мен белгілері

Отличительный номер и знаки

Destinctive number or letters

Тіркеу порты

Порт приписки

Port of registry

Кеме меншік иесінің атауы мен мекенжайы

Наименование и адрес собственника судна

Name and address of owner

























Осымен жоғарыда аталған кемеде 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру туралы халықаралық конвенцияның ІІІ бабының талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру полисі немесе өзге де қаржымен қамтамасыз етуі бар екені куәландырылады.  
Настоящим удостоверяется, что названное выше судно имеет страховой полис или иное финансовое обеспечение, удовлетворяющее требованиям статьи III Международной конвенции о гражданской ответственности за ущерб от загрязнения нефтью 1969 года.  
This is to sertify that there is in force in respect of the above-named ship a policy of insurance or other financial security satisfying the requirements of article III of International Convention on Civil Liability for Oil Pollution Damage, 1969.
Қамтамасыз ету түрі
  Вид обеспечения _____________________________________________
Type of Security  
Қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі
  Срок действия обеспечения _____________________________________
Duration of Security
Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе қаржымен қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаның (тұлғалардың) атауы және мекенжайы:
Наименование и адрес страховщика (страховщиков) и/или лица (лиц), предоставивших финансовое обеспечение:
Name and address of Insurer(s) and/or Guarantor(s):
Атауы  
  Наименование_________________________________________________
Name
Мекенжайы  
  Адрес________________________________________________________
Address
  Осы куәлік ______________ қолданылады  
  Настоящее свидетельство действительно до______________  
This сertificate is valid until  
Берілген  
  Выдано в _____________________________________________________
Issued in on  
  (Орын)  (Күні)  
  (Место) (Дата)  
  (Place) (Date)  
  ____________________________________________________________
    (Теңіз портының капитаны)
  (Капитан морского порта)
  (Sea harbour Master)
«Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына анықтама-негіздеме
«Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына «Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің сараптамалық қорытындысы бойынша келесі хабарланады.
«Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі
Қағиданың 2-тармағын 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын  
залал үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Халықаралық Конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) енген өзгерістерге сәйкестендіру мәселесі бойынша;  
Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн жауапкершілігi  
сақтандырылғанын немесе қаржы жағынан өзгеше түрде қамтамасыз етiлгенiн, куәландыратын нотариалдық құжаттың көшiрмесiн алып тастау мәселесі туралы;
Сақтандыру қызметі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы  
қолданыстағы заңнамаларға тиісті өзгерістер енгізу мәселесі бойынша;  
Қазақстан Республикасы 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан  
болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Халықаралық Конвенцияға өзгеріс туралы 1992 жылғы хаттамасы ратификациялаудан өткенге дейін Қағиданы қабылдауды кейінге қалдыру туралы ескертулер жолдады.
Қағиданың 2-тармағын 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан  
болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Халықаралық Конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция ) енген өзгерістерге сәйкестендіру мәселесі бойынша  
«Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қамқорымен қабылданған Халықаралық конвенцияларға және ИМО туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы жоғарыда айтылған Конвенцияға қосылды. Сонымен қатар, қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Халықаралық Конвенцияға өзгеріс туралы 1992 жылғы хаттамаға қосылған жоқ.  
Осыған байланысты, жоғарыда аталған хаттама ратификациялаудан өткенге шейін, Қағидада аталған хаттаманың нормаларын имплементациялау мүмкіндігі жоқ.
Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн жауапкершілігi сақтандырылғанын немесе қаржы жағынан өзгеше түрде қамтамасыз етiлгенiн, куәландыратын нотариалдық құжаттың көшiрмесiн алып тастау мәселесі туралы.  
Аталған құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн алып тастауды мүмкін емес деп санаймыз, себебі оны жасанды немесе жалған жасау мүмкіндігі туады.  
Қазіргі кезге дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығымен бекітілген, Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру ережесiнің талаптарына сәйкес, Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi (бұдан әрі - Куәлік) Ақтау теңіз портының капитаны берген.
Бұл аталған Ережеде де жоғарыда аталған құжатты беру нотариалды куәландырылған көшірме түрінде қарастырылған, бұл өз ретінде кеме иелерінің Куәлікті алуы үшін кедергі болмаған.
Сақтандыру қызметі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы қолданыстағы заңнамаларға тиісті өзгерістер енгізу мәселесі бойынша  
Жоғарыда аталған заңнамаларға өзгерістерді енгізу осы Қағиданың реттеу мақсатына жатпайды.  
Қазақстан Республикасы 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Халықаралық Конвенцияға өзгеріс туралы 1992 жылғы хаттамасы ратификациялаудан өткенге дейін Қағиданы қабылдауды кейінге қалдыру туралы
Аталған Қағида «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 203-V ҚРЗ  
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.
Одан басқа, қазіргі кезде аталған Заңды іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Өкімі қабылданды. Өкімге сәйкес Қағиданы Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу мерзімі үстіміздегі жылдың шілде айы деп белгіленген. Осыған байланысты, Қағиданы қабылдауды кейінге қалдыру мүмкін емес.
«Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне келіспеушілік туралы 2014 жылғы 16 маусымдағы №22-01-22-3/854 хат жіберілді.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрі Ә. Исекешев
«Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші – мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында

3.

Жоба қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы халықаралық конвенциясының талаптарына сәйкес Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру тәртібін айқындауға мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7 .

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9 .

Өзге де мәліметтер

«Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалардың бірлестігі 4 ескертуі ұсынды (4- де есепке алынбады). C араптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне анықтама – негіздеме қоса беріледі.

10 .

Материалдарды ( үзінді көшірмелерді ) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі.

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Талап етілмейді

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрі Ә. Исекешев
2014 жылғы « »