Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 19 мамырдағы
№ 311 бұйрығына
5-қосымша
«Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабының 9-тармағының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің үлгісі: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру болып есептеледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
5. Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі. Қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):
1) қызмет берушінің кеңсесіндегі қызметкер 30 минут ішінде қызметті алушының өтінішін кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және оны қызмет берушінің басшысына жібереді;
2) қызмет берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде қызмет берушінің Ұшу жарамдылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде қызметті алушының өтінішін қарайды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті алушының өтінішін алған күнінен бастап күнтізбелік сегіз күннен аспайтын мерзімде айтылған талаптарға сәйкестігін қарайды, рұқсатты ресімдейді және оған қол қою үшін қызмет берушінің басшысына жібереді;
5) қызмет берушінің басшысы рұқсатқа қол қояды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
6) қызметті алушы өзі келген жағдайда Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) берілген рұқсаттарды есепке алу және тіркеу журналына қызметті алушының қолын қойғызып, 15 минут ішінде рұқсатты береді.
7. Келесі ресімді (әрекетті) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет у жөніндегі ресімнің (әрекеттің) нәтижесі: