Toggle Dropdown
1. «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 44-бабының 1-тармағының және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.