• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 14.08.2015 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 311 бұйрығына 11-қосымша

«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 14 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 622 Бұйрығына сәйкес
1. «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ««Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабының 2-тармағының|521487830] негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қызмет көрсетушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үлгісі: қағазбен және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған).
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификат (сертификаттың телнұсқасын) (бұдан әрі – сертификат, сертификаттың телнұсқасы) беру болып есептеледі.
     2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызмет берушінің   құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті   тәртібінің сипаттамасы 
5. Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі. Қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылады:
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):
1) қызмет берушінің кеңсесіндегі қызметкер 30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және оларды қызмет берушінің басшысына жібереді;
2) қызмет берушінің басшысы күнтізбелік бір күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды қызмет берушінің Ұшу жарамдылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күннен бастап күнтізбелік жиырма сегіз күн мерзімде және сертификаттың телнұсқасын беруге қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап, олардың айтылған талаптарға сәйкестігін қарайды, сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) ресімдейді және қол қою үшін қызмет берушінің басшысына жібереді;
5) қызмет берушінің басшысы сертификатқа (сертификаттың телнұсқасына) қол қояды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
6) қызметті алушы өзі келген жағдайда Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) берілген сертификаттарды (сертификаттардың телнұсқаларын) есепке алу және тіркеу журналына қызметті алушының қолын қойғызып, 15 минут ішінде сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) береді;
Сертификаттың телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде беріледі.
7. Келесі ресімді (әрекетті) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі ресімнің (әрекеттің) нәтижесі: