Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 19 мамырдағы
№ 311 бұйрығына
13-қосымша
Toggle Dropdown
«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ««Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 43-бабының 1-тармағының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін үлгісі: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын (бұдан әрі – үлгі сертификаты) беру болып есептеледі.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
5. Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі. Қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың9-тармағына сәйкес ұсынылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):
Toggle Dropdown
1) қызмет берушінің кеңсесіндегі қызметкер 30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және оларды қызмет берушінің басшысына жібереді;
Toggle Dropdown
2) қызмет берушінің басшысы 30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды қызмет берушінің Ұшу жарамдылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Toggle Dropdown
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;