Bestprofi Logo

null № 138/НҚ от 2014-05-16г./null

«Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 28.06.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 138/НҚ бұйрығына 3-қосымша

«Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 28 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.04.2015 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес

1. «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт).

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электроныдық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Мемлеккеттік қызмет көрсету рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастаудың негізі көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес құжаттардың болуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау бөлімінің қызметкерімен құжаттарды қабылдау;

2) құжаттар топтамасын тапсырған уақыттан бастап 10 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді дайындау;

3) 5 минут ішінде ақпаратты басып шығарып және оған басшының қолын қою, мөрмен куаландыру;

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі, ол келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

1) мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттарды қабылдау;

2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді дайындау;

3) ақпаратты басып шығару және басшының қолын қою;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесін;

1) өтініштерді қабылдайтын және ақпарат беретін, қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау бөлімінің қызметкері;

8. Әр рәсімнің (іс-қимылдын) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелілігінің сипаттамасы:

1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау бөлімінің қызметкерімен құжаттарды қабылдау;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание