• Мое избранное
«Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 1. Қоса беріліп отырған: 
 1) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі;
 2) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 
 2. Мыналар:
 1) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
 2) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі айқындалсын.
 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
 4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарының және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2014 жылғы
№ 1463 қаулысымен бекітілген
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
  

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысымен бекітілген «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті мен «Т ұрақты және тұрақты емес тасымалдар бойынша автокөлік қызметтері » 2273 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобус тар м ен шағын автобустар

меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері



2

меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен (дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт

меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен (дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері

3

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық қарап тексеруді (инженер-механик) және жүргізушілерді рейс алдында ғы және рейстен кейін гі медициналық қарап тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық қарап тексеруді (инженер-механик) және жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері



4

автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат

тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері



5

автобустармен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамның міндетті техникалық қарап тексеруді өткізгені туралы қолданыстағы куәлік

автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамның міндетті техникалық қарап тексеруді өткені туралы куәліктің көшірмелері



6

автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жұмыс өтілін растайтын құжат

жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін - жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері



7

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйры қ

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы № 1514
қаулысымен бекітілген
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
  

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздерде өндірістік активтер, олар мыналарды қамтиды:

вагондарды дайындау пункттері және жуу-булау станциялары;

техникалық және коммерциялық қызмет көрсету пункттері;

ағымдағы ағытып жөндеу пункттері;

вагон жөндеу депосы;

кірме жолдары;

тиеу/түсіру машиналары және жабдықтары;

бағдарламалық-техникалық құралдар (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны)

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздердегі өндірістік активтердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

қауіпсіздік талаптарына сай келетін тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрам

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрамның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

білікті қызметкерлер штаты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес білікті қызметкерлер штатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

тасымалдаушының қарамағындағы теміржол көлігі объектілеріндегі әскерилендірілген күзет

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес тасымалдаушының қарамағындағы теміржол көлігі объектілерінде әскерилендірілген күзеттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

теміржол көлігімен тасымалдау кезде жүкті алып жүру үшін әскерилендірілген күзет

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес теміржол көлігімен тасымалдау кезінде жүкті алып жүру үшін әскерилендірілген күзеттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарлама

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

қауіпсіздікті басқару жүйесі

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес қауіпсіздікті басқару жүйесі аудитінің жүргізілуін растайтын құжаттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Теміржол көлігімен жүктерді
тасымалдау жөніндегі қызметті
лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша
Көрсетілетін қызметті алушының теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
 1. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау бойынша кіші қызмет түрі үшін мыналардың болуын қамтиды:
 1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік активтердің, оның ішінде:
 вагондарды дайындау пункттері және жуу-булау станциялары;
 техникалық және коммерциялық қызмет көрсету пункттері;
 ағымдағы ағытып жөндеу пункттері;
 вагон жөндеу депосы;
 кірме жолдары;
 тиеу/түсіру машиналары және жабдықтары;
 бағдарламалық-техникалық құралдар (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны), олар мыналарды қамтиды:
 жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі ________________________________________________________________;
 өндірістік активтерді сатып алу-сату не жалға алу шарттарының  
 нөмірі және қол қойған күні ____________________________________________________________________________;
 вагон жөндеуші зауыттармен және (немесе) жылжымалы құрамға
 қызмет көрсету және жөндеу деполары және шеберханаларымен шарттардың
 нөмірі және қол қойған күні ____________________________________________________________________________;
 тиеу/түсіру машиналары және жабдықтарының, бағдарламалық-техникалық құралдардың (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны) болуы туралы ақпарат __________________________;
 2) қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрам, ол мыналарды қамтиды:
 жылжымалы құрамды сатып алу-сату, жалға алу және (немесе)  
 лизинг шарттарының нөмірі және қол қойған күні _________________________________________________________;
 жылжымалы мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі
 және күні ____________________________________________________________________________________________;
   3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (мамандықтарының) тізбесіне және оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білікті
 қызметкерлердің штаты, ол мыналарды қамтиды:
 тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)________________________________________________________________________;
 лауазымы ___________________________________________________________________________________________;
 тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және қол қойған күні _________________________________________________;
 мамандығы бойынша жұмыс өтілі _______________________________________________________________________;
 білімі бойынша мамандығы _____________________________________________________________________________;
 арнайы білім туралы дипломның нөмірі және берілген күні __________________________________________________;
 дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________________________________________________;
 4) өндірістік активтерді күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
 өндірістік активтерді күзетуге арналған шарттың нөмірі және қол  
 қойылған күні _________________________________________________________________________________________;
 шартты жасаған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне берілген лицензияның нөмірі және күні
 _______________________________________________________________________________________________________;
   5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-І бұйрығымен бекітілген теміржол көлігімен тасымалдау кезіңде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесіне сәйкес күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жүктерді күзетуге арналған шарт, ол мыналарды қамтиды:
 өндірістік активтерді күзету шартының нөмірі және қол қойған
 күні ___________________________________________________________________________________________________;
 мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне арналған
 лицензиясының нөмірі және берілген күні ___________________________________________________________________;
 6) тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарлама, ол мыналарды қамтиды:
 бекітілген инвестициялық бағдарламаның нөмірі және күні ______________________________________________________
 ________________________________________________________________________________________________________;
 7) қауіпсіздікті басқару жүйесі, ол мыналарды қамтиды:
 аудиттің қорытындысын жасау нөмірі және күні ___________________________________________________________________.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі №
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
 1. «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
20 қарашадағы № 1463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2013 ж., № 79, 1175-құжат).
 2. «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 
20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,2013 ж., № 60, 824-құжат).
 3. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,2013 ж., № 78, 1030-құжат).
«Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына анықтама-негіздеме
 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-бабы 1-тармағының 
24) тармақшасына сәйкес лицензиялауға көлік саласындағы жекелеген қызмет түрлері жатады.
 Көрсетілген Заңның 10-бабында Қазақстан Республикасы Үкіметінің лицензиарды айқындау және біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту құзыреті регламенттелінген.
 Осыған сәйкес «Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірленді.
 Осымен бірге аталған Заңның негізінде «Лицензиялау туралы» 
2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылды.
 Осыған байланысты «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы 
№ 1463, «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы 
№ 1514, «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 
20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 
18 қазандағы № 1111 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының күші жойылды деп тануға жатады.
 Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Түсiндiрме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тiзбесi

Әзiрлеушi мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 95-ө өкімінің 39-тармағын іске асыру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру қосымша бюджеттік қаражатты жұмсау қажеттігіне әкелмейді

5.

Жобаны, қабылдаудың нақты мақсаттары, күтiлетiн нәтижелердiң мерзiмi және болжанатын тиiмдiлiгi

Лицензиарларды айқындау және жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі мен теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту мақсатында.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Үкiметтiң бұрын қабылданған актілері және олардың iске асырылу нәтижелерi туралы мәлiметтер

«Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

20 қарашадағы № 1463 қаулысы,

«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысы,

«Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1111 қаулысы

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер – Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер



10 .

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсатетіледі

Рұқсат етіледі

11 .

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Рұқсат етіледі

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Баспасөз релизі министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған

 Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
 2014 жылғы «___» _____________