• Мое избранное

Отправить по почте

«Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 16-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Талдамалық нысанды толтыру бойынша нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Талдамалық нысан осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) Уәкілетті органның қорытындысының нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін ;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т. М. Жақсылыковқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрлігі                                                         
А. Мамытбеков

2014 жылғы «     » ___________ 
	«Келісілді»
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігі                                                         
Б. Сұлтанов

2014 жылғы «     » ___________
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы 
Әділет министрлігі                                                                    
Б. Имашев

2014 жылғы «     » ___________
	«Келісілді»
Қазақстан Республикасы Ұлттық 
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Н. Абықаев

2014 жылғы «     » ___________
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрлігі                                                        
А. Сәрінжіпов

2014 жылғы «     » ___________
	«Келісілді»
Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрлігі                                                         
Қ. Қасымов

2014 жылғы «     » ___________
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және                                        
әлеуметтік даму министрлігі                                                       
Т. Дүйсенова

2014 жылғы «     » ___________
	«Келісілді»
Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрлігі                                                         
В. Школьник


2014 жылғы «     » ___________
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрлігі                                                          
Ә. Исекешев

2014 жылғы «     » ___________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы «___» ________ № _____
бұйрығына 1-қосымша
Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидалары
Осы Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру үшін әзірленген және енгізілетін және қолданыстағы рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану тәртібін реттейді.  
Жалпы ережелер
Осы қағидаларда келесі түсініктер қолданылады:  
1) реттеуші мемлекеттік органдар – рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі енгізілген немесе енгізу жоспарланып жатқан нақты салада кәсіпкерлік қызметті реттеуге жауапты мемлекеттік органдар;  
2) рұқсат беру тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін тұлғаның осы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жарамды рұқсатқа ие болу міндетін белгілеу;
3) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган – рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
4) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсерін талдау– кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің пайдасы мен шығындарын салыстырудың аналитикалық рәсімі (бұдан әрі – реттеушілік әсерді талдау);
5) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қатаңдату – өтініш берушілерге, лицензиаттарға немесе екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілерге қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту;  
6) хабарлама жасау тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндетін белгілеу;
7) реттеуші құрал – рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібі;  
8) реттеу субъектілері – реттеуші құралдарды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің әрекеті таралатын субъектілер немесе қатаңдатылған реттеу, соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері және басқа да тұлғалар;  
9) Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия –рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге міндеттер мен функцияларды орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия);  
10) қоғамдық талқылау – мүдделі тұлғаларға реттеуші мемлекеттік органдардың жаңа реттеуші құралды енгізу, қолданыстағыны қатаңдатуға қатысты жоспарын, сондай-ақ бар реттеудің жағдайын жеткізу мақсатында, қоғамның норма шығару үдерісіне қатысуын және мемлекет пен бизнестің өзара әрекет деңгейін жоғарылатуға арналған, барысында реттеу субъектілерімен кері байланыс орын алатын, олардың пікірлері мен ұсыныстары алынатын іс-шаралар.  
Реттеушілік әсерді талдауға:
1) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуді немесе қатаңдатуды көздейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының  жобалары және құжаттары;
2) Қазақстан Республикасының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуді немесе қатаңдатуды көздейтін заңдар жобаларының тұжырымдамалары;
3) Қазақстан Республикасының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуді немесе қатаңдатуды көздейтін заңдарының жобалары және заңдары;
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін және бекітілетін лицензиарларды, лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау; ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту; екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсатты беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау және рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту; рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары міндетті түрде жатады.
Бұл ретте, заң жобаларының тұжырымдамалары Заң жобалау жұмыстары жөніндегі ведомствоаралық комиссия қарауына шығарылғанға дейін реттеушілік әсерді талдаудан өтеді.
3. Реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ уәкілетті органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және осы Қағидаларға сәйкес басқа да мүдделі тұлғалар реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар әзірлеген, осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттар жобаларына қатысты жүргізеді.
4. Жаңа реттеу құралын енгізу тек Ведомствоаралық комиссия отырысында қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
5. Реттеуші мемлекеттік органдар қолданыстағы реттеуші құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдауды осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібінде жүргізеді.
Қолданыстағы реттеуші құралдарды қайта қарауды реттеуші мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін жоспарларға сәйкес жүзеге асырады. Жоспарлар оларды бекіткен сәттен бастап 5 жыл ішінде бұрын реттеушілік әсерді талдау жүргізілмеген реттеуші құралдарға талдау жүргізуге болатындай құрулуы керек.
Бұрын реттеушілік әсерді талдау жүргізілген қолданыстағы реттеуші құралдар да Ведомствоаралық комиссия осы Қағидалардың 7-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ұсынған мерзімге сәйкес жоспарларға қосылады.
Реттеушілік әсерді талдау осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 5) - 11) тармақшаларына сәйкес қайта қарау тәртібінде жүргізіледі.
6. Ведомствоаралық комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:  
жаңа реттеу құралдарын енгізу немесе реттеуді қатаңдату қажеттілігіне немесе қажеттілігінің жоқтығына қатысты ұсынымдарды пысықтау;  
қолданыстағы реттеу құралдарын сақтауға немесе алып тастауға немесе реттеуді оңайлатуға қатысты ұсынымдарды пысықтау;