«Түрікмен құланын алу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Түрікмен құланын алу туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014, 2015 жылдары «Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы» қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу үшін Алматы облысындағы «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында түрікмен құланының бір дарағын (аталық) алуға рұқсат етілсін.
2. 2014, 2015 жылдары Алматы облысындағы «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу үшін Алматы облысындағы «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында түрікмен құланының екі дарағын (аталық, аналық) алуға рұқсат етілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлардүниесі комитеті:
1) арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу үшін «Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы» қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына түрікмен құланының бір дарағын (аталық) алуға және Алматы облысындағы «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында түрікмен құланының екі дарағын (аталық, аналық) алуға белгіленген тәртіппен рұқсат берсін;
2) түрікмен құланын аулау жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Түрікмен құланын алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба