«Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9684 тіркелді
1.«Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
08 «Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер» сыныбында:
1 «Мемлекеттік баж» кіші сыныбында:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
06 «Басқа да салықтық емес түсімдер» сыныбында:
1 «Басқа да салықтық емес түсімдер» кіші сыныбында:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын:
2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж. Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.