Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9636 тіркелді
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған мынадай нысандар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өрттер туралы жалпы мәліметтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары туралы мәліметтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өрттердің шығу себептері туралы мәліметтер;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өрттер шыққан объектілер туралы мәліметтер;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тұрғын үй секторындағы өрттер мен олардың зардаптары туралы мәліметтер;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес дала өрттері мен тұтанулар туралы мәліметтер.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне уақытылы ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігінің төрағасы
Ә. Смайылов
2014 жылғы «___»_________
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 320 бұйрығына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Өрттер туралы жалпы мәліметтер
Есептік кезең ____________ 20 __ ж.
Ұсынады: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне
Ұсыну мерзімі - есептік кезеңнен кейінгі айдың 27 күніне дейін
| № | Көрсеткіштер атауы | барлығы | қалаларда | ауылдық жерде |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1 | Өрттердің саны | | | |
| 2 | Шығын сомасы (мың теңге) | | | |
| 3 | Қаза болған адамдар (барлығы), оның ішінде: | | | |
| 3.1 | балалар | | | |
| 3.2 | мас күйіндегі адамдар | | | |
| 3.3 | өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық нәтижесінде, өрт жағдайы болмаған, улы газбен уланудан қаза болған адамдар | | | |
| 4 | Өртте жарақат алған адамдар (барлығы), оның ішінде: | | | |
| 4.1 | өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық нәтижесінде, өрт жағдайы болмаған, улы газбен уланудан қаза болған адамдар | | | |
| 5 | Өрт кезінде құтқарылған адамдар | | | |
| 6 | Құтқарылған материалдық құндылықтар (мың теңге) | | | |
Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме қосымшада көрсетіледі
Ұйымның атауы ________________________________________________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________________________________________________
Электрондық мекенжайы _________________________________________________________________________________
Орындаушының Т.А.Ә. ______________________ қолы _______________
Бастықтың (басшының) Т.А.Ә. _______________ қолы ________________
Күні «___» _______________ 20__ жыл
Өрттер туралы жалпы
мәліметтер есепке қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Өрттер туралы жалпы мәліметтер
1. Осы түсіндірме Өрттер туралы жалпы мәліметтер нысанын (бұдан әрі - Есеп нысаны) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Есеп нысаны «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен бекітілген әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесінің 6-тармағына сәйкес әзірленген.
3. Есеп нысаны бастапқы есепке алу деректерінің негізінде жыл басынан бастап есепті ұсынған сәттегі іс жүзіндегі жағдай бойынша өспелі қорытындысымен толтырылады және ұсынылады.
4. Есеп нысанына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының бастығы (басшысы), ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме
5. 1- тармақта өрттердің саны көрсетіледі.
6. 2-тармақта мың теңгемен және бір ондық белгіге дейінгі дәлдікпен есептелген шығын сомалары туралы деректер көрсетіледі.
7. 3-тармақта өрт кезінде қаза болған адамдар саны көрсетіледі.
8. 3.1-тармақта өрт кезінде қаза болған балалар саны көрсетіледі.
9. 3.2-тармақта мас күйінде өртте қаза болған адамдар саны көрсетіледі.
10. 3.3-тармақта өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық нәтижесінде, өрт жағдайы болмаған, улы газбен уланудан қаза болған адамдар саны көрсетіледі.