• Мое избранное
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидаларын, Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын, сондай-ақ кәсіби бірлестіктермен өзінің іс-қимылы туралы есепті ұсыну үлгісін және мерзімділігін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 шілдеде № 9609 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.03.2024 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 28.05.2016 жылғы № 573 Бұйрығымен (23.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4) кәсіби бірлестіктермен өзінің іс-қимылы туралы есепті ұсыну үлгісі және мерзімділігі.
1-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.03.2024 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;  
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
4-қосымша
Осы Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.03.2024 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кәсіби бірлестіктермен өзінің іс-қимылы туралы есепті ұсыну үлгісі және мерзімділігі

Р/с №

Атауы

6 айда

12 айда

1

Кандидаттардың оқытушыға, өндірістік оқыту шеберлеріне және жүргізуді оқыту шеберлеріне өткізілген аттестациялардың саны (жалпы саны)


 


 

2

Кандидаттардың оқытушыға аттестациядан өткен адамдардың деректері


 


 

3

Кандидаттардың өндірістік оқыту шеберіне аттестациядан өткен адамдардың деректері


 


 

4

Кандидаттардың жүргізуді оқыту шеберіне аттестациядан өткен адамдардың деректері


 


 

Ескертпе:
Кәсіби бірлестіктер жылына екі рет айдың 10 күніне дейін (келесі айдың есепті кезеңімен бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін және жылдың қорытындысы бойынша 10 қаңтарына дейін) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Полиция департаменттеріне көрсетілген кестеге сәйкес жолдайды.