• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидалары
Внимание! Документ утратил силу с 22.07.2016 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 367 бұйрығына 1-қосымша

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидалары
Қағидалар алынып тасталды 2016 жылғы 22 шілдеден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 28.05.2016 жылғы № 573 Бұйрығына сәйкес
1. Осы Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі Заң) сәйкес әзірленді және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерін (бұдан әрі кәсіптік бірлестіктер) аккредиттеуден өткізу тәртібін белгілейді.  
2. Кәсіптік бірлестіктер көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсіптік бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғының негізінде әрекет етеді.  
3. Кәсіптік бірлестіктер уәкілетті орган олардың заңды құқықтарын ресми тануы мақсатында Заңға сәйкес аккредиттеуден өтеді.  
4. Аккредиттеу үшін кәсіптік бірлестіктер уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) қағаз тасымалдағыштарда:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
құрылтай құжаттардың, жарғының және мемлекеттік тіркелгенін және бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
2) қағаз және электрондық тасымалдағыштарда:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының, кәсіптік бірлестіктер мүшелерінің тізбесін;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымы, жұмыс органдарының бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынады.
5. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган кәсіптік ұйымды аккредиттеу немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды.
6. Кәсіптік бірлестіктердің құжаттарын қарау (өтінішті қабылдаған сәттен бастап) және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі он жұмыс күнінен аспауы тиіс.
7. Егер:  
1) құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса және құжаттарды ресімдеу осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
2) ұсынылған құжаттардың шынайы еместігі анықталса, кәсіптік бірлестікті аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тарту туралы шешім шығарылады.  
Кәсіптік бірлестік көрсетілген заң бұзушылықтарды жойған жағдайда аккредиттеу туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.  
8. Атауы (оның ішінде ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны), орналасқан жері өзгерген жағдайда кәсіптік бірлестік он күндік мерзімде бұл туралы құрылымдық бөлініске хабарлайды және оған тиісті мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса отырып, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.  
9. Кәсіптік бірлестік аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда:
1) нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы мәліметтерді мерзімді баспа басылымдарында және Кәсіптік бірлестіктердің және Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурстарында жариялау;  
2) уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы және нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, телнұсқа беру туралы өтініш беру қажет.
10. Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.  
11. Аккредиттеу туралы куәлік өз әрекетін мынадай:
1) заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылған, жеке кәсіпкер банкротқа ұшыраған;
2) аккредиттеу туралы куәліктің әрекетін ерікті түрде тоқтату туралы өтініш берілген;
3) уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәліктің әрекетін тоқтатқан себептер жойылмаған;
4) аккредиттеу туралы куәліктің әрекеті бірнеше рет тоқтатылған (соңғы он екі айдың ішінде екі рет) жағдайларда тоқтатылады.  
12. Кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің әрекетін тоқтату кәсіптік бірлестік уәкілетті органның белгіленген мерзімде заңдылықты бұзушылықты жою туралы жазбаша ұйғарымын орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда жүзеге асырылады.  
13. Кәсіптік бірлестіктің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңында көзделген міндеттерді орындамағаны туралы жазбаша ұйғарымды уәкілетті органның лауазымды адамы береді.  
14. Кәсіптік бірлестік:  
1) аккредиттеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде біліктілік комиссиясын құрмаса;
2) күнтізбелік он екі айда орташа санынан он пайыз, бірақ кәсіптік бірлестіктің мүшелері - көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі бес оқу ұйымы көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен осындай кәсіптік бірлестіктің тарапынан өтініш болмай алынып тасталса;
3) бір жыл ішінде жүйелі түрде (екі рет қатарынан) осы қағидаларды бұзса;  
4) өзі және өзінің қызметі туралы уәкілетті органға көрінеу жалған ақпарат ұсынса;  
5) уәкілетті органның ұйғарымы шығарылған себеп үш ай ішінде жойылмаса, аккредиттеу туралы куәліктен айырылады.
15. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде кәсіптік бірлестік аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті органға қайтарады.  
16. Кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәлік аккредиттеуді куәландыратын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган жүргізетін кәсіптік ұйымдар тізіліміне міндетті тіркеуге жатады.
17. Кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәлік әрекет ету мерзімі шектеусіз беріледі.  
18. Кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындауды, есепке алуды және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады.  
Көлік құралдары жүргізушілерін
 даярлау жөніндегі кәсіптік
 бірлестіктерді аккредиттеу
 қағидаларына 1-қосымша
нысан
___________________________
(уәкілетті органға)
Өтініш
  Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін __________________________________
  ___________________________________________________________________________________________________________
 (кәсіптік ұйымның толық атауы)
аккредиттеуді сұраймын.
  Орналасқан жері: ____________________________________________________________________________________________