• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 367 бұйрығына 2-қосымша

Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары
Редакция 25.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы Қағидалар «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі біліктілік комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Комиссияны конкурсты жеңіп алған Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік (бұдан әрі – Кәсіптік бірлестік) құрады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.05.2016 жылғы № 573 Бұйрығына сәйкес (23.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Комиссия Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын жүргізуге кандидаттарды даярлаумен және оқытумен айналысуға ниет білдірген адамдарға «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау мақсатында құрылады.  
4. Комиссия мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ереженің (жарғының) негізінде әрекет етеді.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 28.05.2016 жылғы № 573 Бұйрығымен (23.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6. Кәсіптік бірлестік оның мүшелері болып табылатын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының (бұдан әрі - оқу ұйымы), жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайына құрылып жатқан Комиссияның құрамына қосу үшін кандидатуралар ұсыну туралы сұрау салу жібереді.
Комиссияның құрамына қосу үшін оқу ұйымдары ұсынған кандидатуралардың қатарынан Кәсіпкерлік бірлестіктің басқару органы Комиссияны қалыптастырады.
Комиссияның құрамына уәкілетті органнан бір өкілден кіреді.  
7. Уәкілетті орган сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комиссияның құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі туралы Кәсіптік бірлестікке жазбаша хабарлайды.
8. Комиссияның төрағасын оның құрамы қалыптасқаннан кейін Комиссия мүшелері сайлайды. Комиссияның төрағасы болып оқу ұйымдарының мүшелері қатарынан олардың көп дауыс жинаған өкілі сайланады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.05.2016 жылғы № 573 Бұйрығына сәйкес (23.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9. Комиссияның отырыстары Комиссия төрағасы жыл сайын бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.  
Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде 51 пайызы болған кезде ғана Комиссия отырысы заңды деп есептеледі. Комиссияның шешімдері қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.  
10. Комиссияның кезектен тыс отырыстары Комиссия төрағасының немесе Комиссияның кем дегенде үш мүшесінің талабы бойынша өткізіледі.
11. Қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған Комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.  
Іс жүргізуді, хаттамалар дайындауды Комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.