• Мое избранное
«Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қою туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қою туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркіменстан Үкіметтері арасындағы Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркіменстан Үкіметтері,  
Тараптар мемлекеттерінің арасында тату көршілік қатынастарды дамыту ниетін басшылыққа ала отырып,
Каспий теңізінің біріккен су биологиялық ресурстары Тараптар мемлекеттерінің ортақ игілігі екенін мойындай отырып,
Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау үшін Тараптардың келісілген іс-әрекеттерінің қажеттігін атап өте отырып,
2003 жылғы 4 қарашада Тегеран қаласында жасалған Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның ережелерін назарға ала отырып,
Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану үшін келісілген ғылыми зерттеулерді жүргізудің маңыздылығын атап өте отырып,
Тараптар мемлекеттері және оның халықтарының жұмыспен қамту үшін Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын кәсіби аулаудың экономикалық маңызын назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарына қолданылады.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаты үшін мынадай терминдер келесіні білдіреді:
«су биологиялық ресурстар» - балықтар, ұлулар, шаян тәрізділер, сүтқоректілер және су жануарлары мен өсімдіктердің басқа да түрлері;
«біріккен су биологиялық ресурстар» - бекіре тұқымдас балықтар, майшабақтар, итбалықтар, сондай-ақ осы тізбеге Комиссия енгізген балықтардың түрлері;
«өсімін молайту» - су биологиялық ресурстардың қорын жаңарту және ол мыналарға:
- тұқымдық балықтардың табиғи орындарын және уылдырық шашу орнына баратын бағдарларын сақтау мен қалпына келтіруге;
- жасанды жолмен өсірілген дернәсілдерді немесе шабақтарды көбейтуге және жіберуге;
- балықтардың жайылу, уылдырық шашу аудандары мен қыстау шұңқырлары орындарын сақтауға бағытталған іс-шараларды қамтиды.
«Комиссия» - Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың біріккен қорларын басқару жөніндегі комиссия;
«аулау» - белгілі бір кезеңде кез келген күйде өзінің тіршілік ететін ортасынан ауланған барлық су биологиялық ресурстар;
«кәсіптік аулау» - мақсаты су биологиялық ресурстарын олардың тіршілік ететін табиғи ортасынан алу болып табылатын қызметтің кез келген түрі;
«мамандандырылған кәсіптік аулау» - балық аулау қызметінің негізгі мақсаты болып табылатын балық түрлерін аулау;
«коммерциялық кәсіптік аулау» - жасанды өсімін молайту және ғылыми мақсаттардағы кәсіптік аулауды қоспағанда, мамандандырылған кәсіптік аулау;
«кездейсоқ ауланым» - мамандандырылған кәсіптік аулауды жүргізу кезінде ауланатын биологиялық ресурстар түрлерінен басқа биологиялық ресурстар түрлерін алып қою немесе алу.
3-бап
Осы Келісімнің мақсаты Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану, соның ішінде біріккен су биологиялық ресурстарын басқару болып табылады.
4-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар мынадай қағидаттардың негізінде ынтымақтастықты жүзеге асырады:
1) Каспий теңізінің су биологиялық ресурстары сақталуының оның коммерциялық пайдаланылуының алдындағы басымдығы;
2) біріккен су биологиялық ресурстарды тұрақты пайдалану;
3) Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын кәсіптік аулауды реттеуге және сақтауға қатысты Тараптар үшін тиімді жалпы қабылданған халықаралық қағидаларды қолдану;
4) Каспий теңізінің экологиялық жүйесін және су биологиялық ресурстарының биологиялық әртүрлілігін сақтау;
5) су биологиялық ресурстарын сақтау және біріккен су биологиялық ресурстарды басқару үшін негіз ретінде ғылыми зерттеулерді қолдану;
6) Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және барлық таралу аймағы түрлерінің біріккен су биологиялық ресурстарын басқару бойынша шаралардың үйлесімділігін қамтамасыз ету;
5-бап
Осы Келісімнің шеңберінде Тараптар мынадай салалар бойынша ынтымақтасады:
1) келісілген ғылыми зерттеулер жүргізу;
2) біріккен су биологиялық ресурстарды кәсіптік аулауды реттеу бойынша іс-шараларды әзірлеу;
3) су биологиялық ресурстарының заңсыз, хабарландырусыз, реттеусіз кәсіптік аулануына және заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар әзірлеу;
4) Тараптармен келісілген форматта кәсіптік аулау статистикасының деректерін ұсыну және алмасу;
5) бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын қоса алғанда, біріккен су биологиялық ресурстарының өсімін молайту мен қорғау және олардың тіршілік ету ортасын сақтаудың қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
6) біріккен су биологиялық ресурстарына арналған аулау құралдары мен кәсіптік аулау технологияларын пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу;
7) ғылыми ақпараттармен және мамандармен алмасу, семинарлар, конференциялар және оқу курстарын өткізу.
6-бап
1. Тараптар біріккен су биологиялық ресурстарын кәсіптік аулауды Комиссия белгілеген бірыңғай өлшемдердің негізінді айқындалған жалпы шекті аулау, ұлттық квоталар, бірегей реттеу іс-шаралары, заңсыз аулауға қарсы күрес жөніндегі өзара міндеттемелер және өсімін молайту жөніндегі іс-шаралар негізінде жүзеге асырады.
2. Квоталар Тараптармен келісілмеген жағдайда, Комиссияның квота бойынша соңғы шешімі қолданылады.
3. Егер Тараптардың бірінің жалпы шекті аулаудағы өз квотасын игеруге мүмкіндігі болмаса, ол екіжақты келісім жасасу және ұлттық заңнамаға сәйкес басқа да уағдаластықтар арқылы басқа Тарапқа өзінің жалпы шекті аулау квотасының қалғанына қол жеткізуге ұсынады.
7-бап
Бекіре балық түрлерін коммерциялық кәсіптік аулау, өзендерде және олардың сағаларында, сондай-ақ әрбір Тараптар мемлекеттерінің дәстүрлі аулау әдістерін ескере отырып, Комиссия шешімімен белгіленетін теңіз аудандарында жүзеге асырылады.
8-бап
1. Бекіре балық түрлерінің кездейсоқ ауланымы мұндай фактілерді міндетті түрде тіркей отырып, барынша азайтылуы тиіс.
2. Кездейсоқ ауланған бекіре балық түрлерін ұстап тұруға жол берілмейді және мұндай бекіре балық түрлері дереу табиғи тіршілік ету ортасына қайтарылуы тиіс.
3. Осы баптың 1 және 2-бөлігінің ережелері ғылыми зерттеулерді жүргізу, сондай-ақ жасанды молайту мақсаттарындағы аулауға қатысты қолданылмайды.
9-бап
Тараптар су биологиялық ресурстарының, сондай-ақ олардан алынатын өнімдердің заңсыз, хабарланусыз, реттеусіз кәсіптік аулануымен және заңсыз айналымымен күрес бойынша барлық мүмкін болатын шараларды қолданады.
10-бап
1. Осы Келісімнің мақсаттарына жету үшін Тараптар Комиссия құрады.
2. Әрбір Тарап Комиссияға бір өкілін және оның орынбасарын тағайындайды. Әрбір Тараптың өкілі бір дауысқа ие. Комиссия отырыстарында әрбір өкілге сарапшылар еріп жүруіне болады. Комиссия отырысын өткізу үшін барлық Тараптардың өкілдері қатысуы қажет.
3. Комиссия бірінші отырыста рәсім қағидаларын қабылдайды және қажетті жұмыс топтарын құрады.
4. Комиссияға төрағалық етуді әр Тараптың өкілдері кезекпен ағылшын әліпбиі ретімен екі жыл ішінде орындайды.
5. Комиссияның кезекті отырыстары жылына бір реттен сирек емес төрағалық етуші Тарап мемлекетінің аумағында өткізіледі.
Қажеттілікке қарай кезектен тыс отырыстар өткізіледі. Мұндай отырыстар Комиссия Төрағасына жазбаша түрде жүгінген Тараптардың бірінің өтініші бойынша өткізіледі. Кезектен тыс отырыс оны өткізуді кемінде үш Тарап қолдаған жағдайда өткізіледі.
6. Комиссияның жұмыс тілі ағылшын және орыс тілдері болып табылады. Комиссия отырыстарының тілі орыс және парсы тілдері болып табылады.
7. Комиссия шешімдері Тараптар өкілдерімен бірауыздан қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.
8. Тараптар Комиссия шешімдерінің орындалуын ұлттық деңгейде қамтамасыз етеді.
11-бап
Комиссияның мынадай өкілеттіктері бар:
1) біріккен су биологиялық ресурстарды сақтау, өсімін молайту, ұтымды пайдалану бойынша қызметті үйлестіру;
2) біріккен су биологиялық ресурстар түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізу;
3) біріккен су биологиялық ресурстарына жалпы шекті аулауды жыл сайын айқындау және оған ұлттық квотаны бөлу;
4) біріккен су биологиялық ресурстарына жалпы шекті аулауды ұлттық квотаға бөлудің өлшемдерін белгілеу;
5) бекіре балық түрлерін аулаудың ұлттық квотасын өзінің өзендерінде кәсіптік аулауды жүзеге асыратын басқа Тарапқа берген жағдайында, оның көлемін келісу;
6) кәсіптік аулауға шектеу енгізу негізінде біріккен су биологиялық ресурстарды кәсіптік аулау реттеу және сақтау олар мынадай іс-шараларды қамтуы мүмкін:
- белгілі бір аймақтарда және белгілі бір кезеңдерде су биологиялық ресурстарының жекелеген түрлеріне қатысты кәсіптік аулауға тыйым салу;
- белгілі бір аймақтардың және су биологиялық ресурстардың жекелеген түрлеріне қатысты кәсіптік аулауды маусымдық жабу;
- өндірілетін (аулап алынатын) су биологиялық ресурстарының ең аз мөлшерін және салмағын белгілеу;
- су биологиялық ресурстарды өндіретін (аулайтын) құралды торының мөлшері мен құрылысын айқындау;
- кәсіптік аулауға өзге де келісілген шектеулер қою.
7) ұсынылған біріккен су биологиялық ресурстарын аулауға арналған квотаны игеру туралы есепті және Комиссияның басқа да шешімдерін Тараптардың іске асыруы жөніндегі есептерді қарау;
8) кәсіптік аулауға қатысатын және олармен аулауды жүзеге асыратын кемелердің санын қоса алғанда, кәсіптік аулау статистикасының деректерін қарау;
9) біріккен су биологиялық ресурстарға қатысты балық аулау қағидаларын бекіту;
10) тізбесі Комиссиямен бекітілетін сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген біріккен су биологиялық ресурстарды және олардың тіршілік ету ортасын қорғау жөніндегі қажетті бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және бекіту;
11) біріккен су биологиялық ресурстар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының келісілген бағдарламаларын бекіту және үйлестіру, мұндай жұмыстарды жүргізудің кезеңділігін белгілеу;
12) осы Келісімнің мақсатына жету үшін тиісті мамандандырылған халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
13) біріккен су биологиялық ресурстарды сақтау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану саласында даулы мәселелердің шешілуіне жәрдемдесу;
14) шығарылатын балық шабақтарының сандық және сапалық сипаттамаларына бірлескен бағалау рәсімін қамтамасыз ету;
15) жұмыс топтарын құру, олардың қызметінің бағыттарын және бағдарламаларын айқындау;
16) қабылданған шешімдердің орындалуының мониторингін жүзеге асыру;
17) бекіре тұқымдас балық түрлеріне және олардан алынатын өнімдерге қатысты экспорттық квотаны белгілеу;
18) осы Келісімді іске асыруға қажет болуы мүмкін өзге де функцияларды жүзеге асыру және басқа да шешімдер қабылдау.
12-бап
Осы Келісім Тараптардың мемлекеттері қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
13-бап
Осы Келісімнің ешқандай ережесі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша келіссөздердің алдын ала айқындалған нәтижесін түсіндірмейді.
14-бап
Осы Келісімге ешқандай ескертпелер жасауға жол берілмейді.
15-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға байланысты кез келген даулар Тараптар арасында консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
16-бап
1. Осы Келісімнің ережелері Тараптардың уағдаластығы бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
2. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады және осы Келісімнің 18-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен рәсімделеді.
17-бап
Осы Келісімнің депозитарийі Ресей Федерациясының Үкіметі болып табылады.
18-бап
1. Осы Келісім депозитарий Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерінің орындалуы туралы соңғы жазбаша мәлімдесін алған күннен бастап, отызыншы күні күшіне енеді.
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Әрбір Тарап Депозитарийге өзінің осы Келісімнен шығу ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Келісімдегі өзінің қатысуын тоқтатуы мүмкін. Бұл Тарап үшін осы Келісім Депозитарий осындай хабарламаны алған күнінен бастап он екі ай ішінде әрекет етеді.
   2014 жылдың «____»_____________ _______________ қаласында бір данада әзербайжан, қазақ, орыс, түркімен, парсы және ағылшын тілдерінде жасалды және барлық мәтіннің бірдей күші бар.
Келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Осы Келісімнің түпнұсқасы Депозитарийге сақтауға беріледі, ал ол Тараптарға оның куәландырылған көшірмелерін жолдайды.  
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
Иран Ислам Республикасының Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Түркіменстанның Үкіметі үшін
«Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

Мемлекетішілік процедуралар «Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағына және 5-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаның қабылдануы - республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді



5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының делегациясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 8 сәуірдегі № 63-ө өкімі



7

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етілмейді

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

«Болашақ» консалтингтік тобы» ЖШС-нің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 ғылыми-құқықтық сараптаманың қорытындысы

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильді құралдарына материалдарды (үзінділерді) беру

Р ұқсат етіледі

11.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында, интернет-порталында немесе басқа ақпараттық жүйесінде) қаулы жобасын орналастыру туралы ақпарат



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің - www . minagri . gov . kz сайтына орналастырылған

12.

Әлеуметтік маңызы бар, қаулы жобасына мемлекеттік органның пресс-релизінің (пресс-релиздің атауы, күні) интернет-ресурсына (веб-сайтына) орналастыру туралы ақпарат

«Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қою туралы» баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz сайтында орналастырылды

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
   2014 жылғы «_____» ________________