• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағаны жөнінде мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 шілдедегі № 67 бұйрығына 1 қосымша

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағаны жөнінде мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 29 қарашадан бастап ҚР Бас прокурорының 12.10.2015 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағаны жөнінде мәліметтің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 17 мамырындағы № 505 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызмет Стандартына (әрі қарай-Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық басқармаларымен (әрі қарай-қызмет көрсетуші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін үйлестіру бойынша Комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» шаруашылығын жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (әрі қарай-Орталық);
2) «электрондық үкімет» веб-порталымен (әрі қарай- портал).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (болмаса) қағаз жүзінде (шетелге шығу үшін қызмет алғандарға).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағаны жөнінде мәліметтің болуы немесе болмауы туралы ақпарат (әрі қарай-ақпарат) осы Регламентке қоса берілген 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуде құрылымдық бөлімшелердегі (жұмыскерлердің) қызмет көрсетушінің іс-әрекетінің тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-әрекетін) бастаудың негізі қызмет алушымен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімдемеге сәйкес, электронды түрде немесе қағаз жүзінде құжаттарды өткізу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізу құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) ақпараттық жүйедегі тізілімге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет көрсетушінің кеңсесі қызметкерімен ұсынылған құжатты қабылдау, тіркеу және оны қызмет көрсетушінің басшысына жіберу 30 минуттың ішінде;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет көрсетушінің басшысымен қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберу екі сағаттың ішінде;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құрылымдық бөлімшенің басшысымен қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және жауапты орындаушыға жіберу екі сағаттың ішінде;
4) қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен көп емес уақытта, ал қызмет алушы ақпаратты шетелге шығу үшін алған жағдайда, осы мемлекеттік қызметті көрсетуді 4 күннен көп емес уақытта жауапты орындаушымен дайындау;
5) ақпаратқа ақпаратты дайындаған күні қызмет көрсетушінің басшысымен қол қою;
6) қол қойылған ақпаратты кеңсе қызметкерімен курьер арқылы Орталыққа жолдау.
Порталда:
1) мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушының «жеке кабинетінен» құжаттарды қабылдау, оны алғашқы тексеру;
2) құжаттарды (ақпаратты) дайындау;
3) құжаттың басшымен қаралуы және оны жолдауға дайындау;
4) қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасымен ЭСҚ қол қойылған электронды нысан түріндегі ақпаратты «жеке кабинетке» жіберу.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет көрсетушінің кеңсесінде қызмет алушымен ұсынылған қажетті құжатты қабылдау, тіркеу және оны басшыға жіберу;
2) құрылымдық бөлімше басшысының қарауы үшін қызмет көрсетушінің басшысының бұрыштамасы;
3) жауапты орындаушының қарауы үшін құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасы;
4) ақпаратты жауапты орындаушымен рәсімдеу және оны қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға беру;
5) қол қойылған ақпаратты кеңсе қызметкерімен курьер арқылы Орталыққа жолдау;
6) қызмет алушыға ақпаратты беру.
Порталда: қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасымен ЭСҚ қол қойылған электронды нысан түріндегі ақпаратты «жеке кабинетке» жіберу.
3.Мемлекеттік қызмет көрсетуде құрылымдық бөлімшелердегі (жұмыскерлердің) қызмет көрсетушінің өзара байланысы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету іс-әрекетіне қатысатын қызмет көрсетушінің (жұмыскерлер) құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) Орталықтың инспекторы- құжатты қабылдайды және береді;
2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы - тізілім құрастырады және қызмет көрсетушіге жолдайды;
3) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері - тізілім бойынша немесе қызмет алушының «жеке кабинетінен» (портал арқылы) мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды қабылдайды және тіркейді, дайындалған ақпаратты курьер арқылы Орталыққа, қызмет алушының «жеке кабинетіне» жібереді;
4) жауапты орындаушы – ақпаратты дайындайды;
5) қызмет көрсетушінің басшысы – ақпаратқа қол қояды.
8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген жұмыскерлердің арасындағы рәсімнің (іс-әрекеттің) сабақтастығының сипаттамасы:
1) қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды ақпараттық жүйеде 30 минуттың ішінде тіркеу және оны қызмет көрсетушінің басшысына жолдау;
2) қызмет көрсетушінің басшысымен құжаттарды екі сағаттың ішінде қарау және құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдау;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысымен екі сағаттың ішінде құжаттарды қарау және жауапты орындаушыға жолдау;
4) қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен көп емес уақытта, ал қызмет алушы ақпаратты шетелге шығу үшін алған жағдайда ақпаратты 4 күннен көп емес уақытта дайындау;
5) қызмет көрсетушінің басшысының ақпаратқа қол қоюы;
6) ақпаратты курьер арқылы Орталыққа, порталда қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолдау;
7) ақпаратты беру.
4.Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (болмаса) басқа қызмет көрсетушілермен өзара байланыс жасау тәртібінің сипаттамасы, сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету іс-әрекетінде ақпараттар жүйесін пайдалану тәртібі
9. Веб-портал, портал арқылы қызмет көрсеткенде қызмет алушының жүгіну және мемлекеттік қызмет көрсету іс-әрекетінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің сипаттамасы:
1) қызмет алушы порталда тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (әрі қарай- ЖСН/БСН) көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылармен жүзеге асырылады);
2) 1-ші іс-әрекет – мемлекеттік қызмет алу үшін порталға қызмет алушымен ЖСН/БСН және парольды енгізу (авторизация іс-жүргізуі);