Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 1 шілдедегі
№ 67 бұйрығына
2 қосымша
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжат көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжат көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі – қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 505 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттарының шегінде мұрағаттық анықтамалар мен/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілу нәтижесі – мөрмен басылған мұрағаттық анықтама, мұрағаттық көшірме немесе мұрағаттық үзінді көшірме.
2. Мемлекетік көрсетілетін қызметті көрсету процесіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетер тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша процедураның (әрекеттің) басталуына қызмет берушінің қызмет алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес құжаттарды алуы негіз болады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр процедураның (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) Қызмет берушінің кеңсе қызметкері қызмет алушының құжаттарын қабылдап, тіркейді, оларды қызмет берушінің басшысына жолдайды (қызмет алушының құжаттарын алған күні);
2) қызмет берушінің басшысы екі сағаттың ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілеу үшін құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды,
3) құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағаттың ішінде ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді де ұсынылған құжаттарды оған жолдайды;