Toggle Dropdown
Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 895 қаулысы
Toggle Dropdown
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 52) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 895 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидалары «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 52) тармақшасына сәйкес әзірленді және Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары (бұдан әрі – медициналық ұйымдар) базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту (бұдан әрі – оңалту) тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия алған, жарақаттанған, мертіккен және сырқаттанған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін (бұдан әрі – қызметкерлер) оңалту тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Оңалту қызметкер ағзасының функцияларын сақтауға, бұзылғандарын және (немесе) жойылғандарын, жартылай немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту тәртібі
Toggle Dropdown
4. Қызметкерлерді оңалту мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) амбулаториялық-емханалық көмек;
Toggle Dropdown
2) стационарлық көмек;
Toggle Dropdown
3) қалпына келтіріп емдеу;
Toggle Dropdown
4) санаторий-курорттық емдеу.
Toggle Dropdown
5. Төтенше жағдайларды жою барысында қызметкерлерді оңалтуды төтенше жағдай ауданында орналасқан медициналық ұйымдар жүргізеді.
Toggle Dropdown
Амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмекті қызметкерлер бекітілген медициналық ұйымдар көрсетеді.
Toggle Dropdown
Қызметкерлерді қалпына келтіріп емдеу және санаторий-курорттық емдеу медициналық ұйымдарда, оңалту орталықтарында, санаторийлерде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6. Денсаулықтың, психофизиологиялық көңіл-күйдің бұзылуын, қажығандықты және кәсіби жұмыс істеу қабілетінің төмендеуін уақтылы анықтау мақсатында қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру өткізіледі:
Toggle Dropdown
1) жыл сайынғы – жылына бір рет;
Toggle Dropdown
2) ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымының басталуына бір сағат қалғанда (төтенше жағдайды жою барысында жұмыс ауысымына дейін және одан кейін).
Toggle Dropdown
Жыл сайынғы медициналық тексерулер қызметкерлер тіркелген медициналық ұйымдарда өткізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметкерлерді ауысым алдында медициналық куәландыруды азаматтық қорғау органдарының авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының штаттық персоналы жүргізеді.
Toggle Dropdown
7. Оңалту жүргізетін медициналық ұйымдарда емделу үшін қызметкерге амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық жоғары білімі бар медицина қызметкерінің жолдамасы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық картасынан немесе науқастың стационарлық картасынан үзінді қажет.
Toggle Dropdown
8. Қызметкерлерге жүргізілетін оңалту іс-шараларының көлемі және оңалтудың барлық кезеңдерінде болу ұзақтығы ағза фунцияларының, денсаулықтың бұзылу дәрежесіне және тіршілік әрекетінің шектелуіне, оңалту көмегінің деңгейіне және сатысына байланысты.
Toggle Dropdown
9. Қызметкерлер төтенше жағдайларды жоюға қатысқаннан кейiнгi бір жыл ішiнде медициналық айғақтар болған кезде қайтадан оңалтуды жүзеге асыруға болады.
Toggle Dropdown
10. Оңалтуды жүргізу мерзіміне және оңалту орнына бару мен кері қайту күндеріне (кезекті және қосымша демалыстарды есепке алмағанда) қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ұзартылады.
Toggle Dropdown
11. Қызметкерлер санаторий-курорттық емделуге азаматтық қорғау органдары комиссияларының шешімі бойынша жіберіледі.
Toggle Dropdown
12. Қызметкерлер санаторий-курорттық емделуге жіберілген кезде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық құжаттама ресімделеді.
Toggle Dropdown
13. Қызметкерлерді санаторий-курорттық емдеу республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізіледі.