• Мое избранное
«Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 55) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
Қоса беріліп отырған Мүгедек-спортшыларға жіктелім жүргізу тәртібі мен шарттары бекітілсін.  
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Қанағатов Е.Б.) белгіленген тәртіпте мыналарды қамтамасыз етсін:  
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;  
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;  
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.  
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
         «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік қорғау министрі  
  _________________ Т. Дүйсенова
       «_____» ____________ 2014 жыл
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігінің
2014 жылғы « » қыркүйектегі
№ ______ бұйрығымен
бекітілді
Мүгедекспортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттары  
Жалпы ережелер  
1. Осы Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттары «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 55) тармағына сәйкес әзірленді және мүгедекспортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын (бұдан әрі – сыныптау) реттейді.  
2. Осы Тәртіпте келесі түсініктер пайдаланылады:  
1) сыныптау – мүгедек спортшылардың функционалдық мүмкіндіктері ұқсас деңгейдегі басқа спортшылармен бірдей шарттарда жарысқа түсу мүмкіндіктерін құру және спортшылардың жарыстарға қатысу үшін жарамдылығын анықтау мақсатында мүгедек спортшылардың сыныбын (сыныптау санатын) сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының анықтау үдерісі;  
2) спорттық сынып –спортшының алған зақымының нәтижесінде оның белсенділігінің шектелуіне байланысты жатқызылатынын әрбір халықаралық федерациясы анықтайтын санат;  
3) спорттық сыныптың дәрежесі – сыныптау талаптарын және наразылық білдіру мүмкіндіктерін анықтау үшін әрбір спортшыға берілетін санат;  
4) сыныптаушы – Сыныптау тобының мүшесі ретінде спортшының спорттық сыныбын және спорттық сынып дәрежесін анықтауға құқық беретін даярланған және халықаралық федерация сертификатына ие ресми тұлға;  
5) аға сыныптаушы – Спортшыны бағалаудың халықаралық стандарттары мен Наразылықтар мен апелляциялар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес нақты жарыс кезінде аталған спорт түрінде сыныптау мәселелеріне басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын тұлға;  
6)сыныптау жетекшісі – халықаралық федерация жетекшілікке, басқаруға, үйлестіруге және сыныптауды іске асыруды жүзеге асыруға жауап беретін сыныптаушы;  
7) сыныптау тобы – Сыныптау қағидаларына сәйкес спортшылардың спорттық сыныбы мен спорттық сынып дәрежесін анықтайтын сыныптаушылар тобы;  
8) мүгедек спортшыны тестілеу – федерациялардың сыныптау қағидаларына сәйкес спортшы тексерілетін үдеріс;  
9) мүгедек спортшыны бағалау – федерацияның Сыныптау қағидаларына сәйкес спорттық сыныпты және/немесе спорттық сынып дәрежесін анықтау мақсатында спортшыны тестілеу үдерісі.  
3. Сыныптаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:  
1) сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының тірек-қозғалыс аппаратты зақымданған және көру қабілеті төмендеген мүгедек спортшылар арасында функционалдық мүмкіндіктері ұқсас деңгейдегі басқа мүгедек спортшылармен жарысу мүмкіндігін жасау мақсатында мүгедек спортшылардың сыныбын анықтау;  
2)спорттық әлеуетін ашу арқылы тұлғаны жан-жақты дамытуға арналған шарт жасау;  
3) мүгедектерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға тарту.  
2. Сыныптау жүргізудің тәртібі  
4. Мүгедек спортшыларда мыналар болу керек:
1) тиісті спорттық киім;
2) науқасы (диагнозы)туралы тиісті ақпарат;
3) көмекші құралдар;
4) жарыстарға немесе күнделікті пайдалануға арналған арба;  
5)жарыстарға немесе күнделікті пайдалануға арналған протездер мен ортопедиялық аппараттар;  
6) көру қабілетінің деңгейін анықтау;  
7) рентгенограмма;
8) жарыс кезінде пайдаланатын кез келген басқа құрал.  
5. Көру қабілеттері бұзылған мүгедекспортшылар сыныптау жүргізуге өздерімен бірге көру қабілеттерін түзету үшін пайдаланатын көзілдіріктерін немесе жанама линзаларын әкелулері керек.  
6. Сыныптаушы тестілеу басталғанға дейін мүгедекспортшының денсаулығы туралы ақпаратты қосымша сұратуға құқылы.  
7. Егер мүгедекспортшы тестілеу кезінде оның ынтымақтастығын шектейтін ауырсынуларды сезінсе, сыныптаушы оның сыныптауын ауыстыруға құқылы.  
8. Мүгедекспортшыны тестілеу басталмас бұрын сыныптаушы мүгедекспортшы мен оны сүйемелдеушіні сыныптаудан өту процедурасымен қысқаша таныстырады.  
9. Сыныптау келесі ақпаратты қамтиды:  
1) мүгедекспортшы туралы ақпаратты жинау және сақтау;  
2) мүгедекспортшыны сыныптау бойынша хаттама;  
3) мүгедекспортшыны бағалаудағы уақыт шеңберлері;  
4) жаттығу барысында мүгедекспортшыны бағалау бойынша хаттама;  
5) спорттық сыныптар мен спорттық сыныптар дәрежесін анықтау бойынша хаттамалар;  
6) жарыс барысында мүгедекспортшыларды бақылау бойынша хаттамалар.  
10. Мүгедекспортшы сыныптаудан өтуге өзінің ниетін және сыныптаудан өту кезінде толық ынтымақтастық көрсететінін білдіре отырып тестілеуге жазбаша келісім беруі қажет.  
11. Мүгедекспортшы спорт түрінің ерекшелігіне қарай барлық құрамдас бөліктерді қоса алғанда, толық сыныптау үдерісінен өтуге және сыныптаушымен толық ынтымақтастық жасауға міндетті.  
12. Сыныптаудан өтпеген мүгедекспортшы спорттық жарыстарға қатысуға жіберілмейді.  
13. Сыныптаушыларға тестілеу кезінде ауырсынулар мен ыңғайсыздықтар келтіргені үшін жауапкершілік жүктелмейді.  
14. Денсаулық жағдайын бағалау және техникалық бағалау сыныптауға тестілеу жүргізу кезінде өткізіледі.  
15. Сыныптаушылар мүгедекспортшыны спортшының имитациялық спорттық жарыстық әрекеттерін орындауын бақылау мақсатында белгілі талаптар қоюы мүмкін.  
16.Сыныптаушы жаттығу немесе жарыс кезінде спорт түрінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнайы дағдыларды көрсететін мүгедек спортшыны бақылауға құқылы.  
17. Сыныптаушысыныптау жүргізу мақсатында жарыспен байланысты фото мен бейне түсірілімдерді пайдалануға құқылы.  
18. Аға сыныптаушы жарыстан кейін Сыныптау жетекшісіне есеп дайындап, ұсынады.  
3. Сыныптаудың түрлері  
20. Көру қабілеті жай-күйінің спорттық сыныптары:  
1) В1 сыныбы – оның болғанына дейін әрбір көзде жарықты сезінудің болмауы, алайда кез келген ара қашықтықта немесе кез келген бағытта қолдың кескінін айыру қабілетсіздігі.  
2) В2 сыныбы –2/60 көру қабілетінің өткірлігіне дейін және/немесе 5 градустан кем көру өрісіне дейін қолдың кескінін айыру қабілетінің болмауы.  
3) В3 сыныбы – көру қабілетінің 2/60 аса 6/60 дейін өткірлігінің болмауы немесе 5 градустан аса және кем дегенде 20 градус көру өрісінің болуы. Сыныптау екі көз бойынша, бірақ барынша жақсы түзету арқылы жүзеге асырылады. Жанама немесе түзету линзаларын пайдаланатын барлық спортшылар сыныптаудан өту кезінде жарыс кезінде пайдаланатын, пайдаланбайтынына қарамастан оларды өздерімен бірге алулары керек.
20.Көру қабілеті жай-күйінің спорттық сыныптары барлық спорт түрі үшін әмбебап.  
21. Тірек-қозғалыс аппараты зақымданған және церебальді сал ауруы бар спортшылардың спорттық сыныптары.  
22. Тау шаңғысы спорты:  
Тұра алатын спортшылардың санаты:  
LW 1 сыныбы – тізеден жоғары екі жақты ампутация;
LW 2 сыныбы – тізеден жоғары бір жақты ампутация;
LW 3 сыныбы – тізеден төмен екі жақты ампутация немесе церебальді сал;  
LW 4 сыныбы – тізеден төмен бір жақты ампутация;
LW 5/7 сыныбы – қолдың екі жақты ампутациясы;  
LW 6/8 – бір қолдың ампутациясы немесе басқа да зақымдар;  
LW 9 сыныбы – бір қол және бір аяқ басының зақымы.  
Отыратын спортшылардың санаты:
LW 10 сыныбы – отырған қалыпта функционалдық тепе-теңдіктің болмауы;  
LW 11 сыныбы – отырған қалыпта аздаған тепе-теңдіктің болуы;  
LW 12 сыныбы – отырған қалыптағы жақсы тепе-теңдік, жарым-жарты параплегия немесе аяқ басының немесе бастарының ампутациясы.  
23. Тау шаңғысы және биатлон:
1) Тұра алатын спортшылардың санаты:
LW 1 сыныбы – тізеден жоғары екі жақты ампутация;
LW 2 сыныбы – тізеден жоғары бір жақты ампутация;
LW 3 сыныбы – тізеден төмен екі жақты ампутация немесе церебальді сал;  
LW 4 сыныбы – тізеден төмен бір жақты ампутация;  
LW 5/7 сыныбы – қолдың екі жақты ампутациясы;  
LW 6/8 – бір қолдың ампутациясы немесе басқа да зақымдар;  
LW 9 сыныбы – бір қол және бір аяқ басының зақымы.  
2) Отыратын спортшылардың санаты:
LW 10 сыныбы – отырған қалыпта функционалдық тепе-теңдіктің болмауы;
LW 10,5 сыныбы – аяғының (аяқтарының) бастары мен денесі зақымданған. Спортшының құрсақ тығыршығы мен бүгілетін жерлерінің жоғары бұлшық еттері зақымданған, немесе омыртқаларының (сколиоз) зақымы болғандықтан, қозғалыс қызметтері аздап зақымданған, немесе жұлыны толық зақымданбай аталған сыныптың бағамдарына жауап беретін омыртқалары жоғары деңгейде зақымданған.  
Спортшы қолының сүйемелдеуінсіз сынаққа арналған орындықта белбеумен тиісті бекітіліп отырған қалпында тұрақты қалыпты сақтай алады. Бөксе сезімталдығы жоқ.  
LW 11 сыныбы – аяғының/аяқтарының бастары зақымданған, жамбас бұлшық еттерімен байланысқанда құрсақ тығыршығы мен бүгілетін жерлерінің бұлшық еттері зақымданған спортшылар. Сан бұлшық еттерінің қызметі бұзылған, бөксе сезімталдығы жоқ. Спортшы көлбеу орындықта қолдарының сүйемелдеуінсіз тиісті белбеумен бекітіліп отыра алады және сынақтың кейбір түрлерін орындай алады.  
LW11,5 сыныбы–аяғының/аяқтарының бастары зақымданған, дене бұлшық еттерінің қызметі қалыптыға жақын, бөксе сезімталдығы мен санның жамбас бөлігі (бөліктері) сезімталдығынан айырылған санның бүгілу қызметі бұзылған спортшылар.  
жартылай параплегия немесе аяғының немесе аяқ бастарының ампутациясы;  
24. Жеңіл атлетика:
1) Жүре алатын спортшылар:
Жүгіру түрлерінде пайдаланылатынLAT3 және LAT4, T35, T36, T37, T38, T11, TI2, TI3, T20 сыныптарын қоса алғанда, T42, T43, T44, T45, T46 сыныптары.  
Лақтыру мен секіру кезінде пайдаланылатын LAF4, LAF5 и LAF6, сондай-ақ тұратындарға арналған F58 сыныбы, F35, F36, F37, F38, F11, F12, F13, F20 сыныптарын қоса алғанда, F40, F42, F43, F44, F45, F46 сыныптары.  
2) Арбада отыратын спортшылар:
Арбамен жарысқан кезде пайдаланылатын ескі LAT1 және LAT2, T32, T33 және T34 сыныптарын қоса алғанда, T51, T52, T53, T54 сыныптары;  
Арбада отырған спортшылардың лақтыру кезінде пайдаланатын ескі LAF1, LAF2 және LAF3, F32, F33 және F34 сыныптарын қоса алғанда, F51, F52, F53, F54, F55, F56, F57, F58 сыныптары;  
25. Жүзу:
1) Жүзуде аяқтарының/қолдарының бастарынан айырылған, церебальді сал болған (үйлестіру және қимыл-қозғалысты шектеу), омыртқаның жарақаты бар (әлсіздік немесе аяқ-қолдардың басына әсер ететін сал) және басқа да зақымдар(ергежейлілер) аралас келеді. Сыныптардың барлық белгілеулері S әріпінен басталады;  
2) S1 – S10 сыныптары– дене бітімдері зақымданғандар S11 – S13 –көру қабілеттері зақымданған спортшылар (В1, В2 және В3). S белгілеуі еркін стильге, шалқалап жүзетіндерге және баттерфляйға жатады.SB белгілеуі кеудемен жүзетіндерге қатысты. SM белгілеуі жеке аралас жүзетіндерге қатысты;
26. Садақ ату:  
ARW1 (ARW1-C кіші сыныбы), ARW2 ARST (ARST-C кіші сыныбы) сыныптары;
ARW1 сыныбы – аталған сыныпқа мүгедектер арбасындағы тетраплегиялы спортшылар немесе салыстырмалы зақымдары бар спортшылар жатады;  
ARW2 сыныбы – бұл сыныпқа мүгедектер арбасымен қозғалатын сал болған немесе салыстырмалы зақымдары бар спортшылар жатады;  
ARST сыныбы – бұл сыныпқа тұра алатын немесе орындықта отырып ата алатын спортшылар жатады;  
ARST-C В сыныбы ARST сыныбының шеңберіндегі қолдарының бастары айтарлықтай зақымданған спортшылар ARST-C төменгі сыныбында белгіленуі мүмкін, оларға жеңілдетілген шарттарда жарыстарға қатысуға рұқсат беріледі;  
27. Оқпен ату:
1) Спортшылар сыныптаудан өтіп, басында басты сыныптар SH1 SH2 және SH3-ке анықталуы тиіс, бұл сыныптардың шегінде олар кіші сыныптарға анықталады:  
SH1: SH1 - SH1B - SH1C;
SH2: SH2A - SH2В - SH2С;
SH3: SH3x - SH3А - SH3B - SH3C;
2) SH1 сыныбының сипаттамасы:
Бұл сыныпқа қаруды сүйемелдеп тұру үшін арнайы құрал талап етілмейтін тапаншадан және винтовкадан оқ ату жатады. SH1A сыныбы
3) Тұра алатын және дене бітімінің қызметі қалыпты арбада отырған спортшылар. Атуға арналған арбада арқалықтың болуына рұқсат етілмейді. Бұл спортшылар қалауы бойынша тұрып та жарысқа түсе алады.  
SH1B сыныбы – аяқтарының бастары семіп қалған, немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ жамбаспен жақсы басқара алатын арбада отырған спортшылар. Атуға арналған арбада төмен арқалықтың болуына рұқсат беріледі.  
SH1C сыныбы – Аяқтарының бастары семіп қалған, немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған және әлсіз/денесін басқара алмайтын арбада отырған спортшылар. Атуға арналған орындықта арқалықтың болуына рұқсат беріледі;  
4) SH2 сыныбының сипаттамасы:
Винтовкадан оқ ату, қолдарының басы өлшемді және/немесе көрінетіндей зақымданғандар, сол себепті олар жарыс кезінде винтовканың салмағын қолмен ұстап тұруға қабілетсіз, және оларға қаруды сүйемелдеп тұратын арнайы құрал қажет.  
SH2A сыныбы – бір қолының басы семіп қалған немесе қолдарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ дене бітімі қалыпты арбада отырған спортшылар. Атуға арналған арбада арқалықтың болуына рұқсат етілмейді. Бұл спортшылар қалаулары бойынша түрегеп тұрып жарысқа түсе алады;  
SH2B сыныбы – аяқтарының бастары семіп қалған немесе аяқтарының бастары айтарлықтай зақымданған, бірақ жамбаспен басқару функциясы жақсы арбада отырған спортшылар. Атуға арналған арбада төмен арқалықтың болуына рұқсат етіледі;  
SH2C сыныбы – аяқтарының бастары семіп қалған немесе аяқтарының басы айтарлықтай зақымданған, денелерін әлсіз басқаратын/басқара алмайтын арбада отырған спортшылар. Атуға арналған арбада жоғары арқалықтың болуына рұқсат етіледі;
28. Пауэрлифтинг:  
1) Аз зақымданған(А1-А4 сыныптарының ампутациясы бар спортшылар):  
А1 сыныбы – санының екі жақты ампутациясы (ұзындығына қарамастан);  
А2 сыныбы– санының бір жақты ампутациясы; Пирогов бойынша басқа аяғы табанының ампутациясымен тіркескен санының бір жақты ампутациясы; түрлі деңгейдегі басқа аяғы табанының ампутациясымен тіркескен санының бір жақты ампутациясы; басқа аяғындағы жіліншігінің ампутациясымен тіркескен санының бір жақты ампутациясы;  
А3 сыныбы жіліншігінің екі жақты ампутациясы; Пирогов бойынша басқа аяғы табанының ампутациясымен тіркескен жіліншігінің бір жақты ампутациясы; Пирогов бойынша табанының екі жақты ампутациясы. Аталған сыныпқа жатқызудың негізгі принципі – бір тізе буыны сақталып қалса да,екі тірегін жоғалтуы.  
А4 сыныбы – жіліншігінің бір жақты ампутациясы; басқа аяғы табанының ампутациясымен тіркескен жіліншігінің бір жақты ампутациясы; табанының екі жақты ампутациясы (өкшеге жақсы сүйену); жарыстарға жіберу үшін ең аз дегендегі физикалық жетіспеушілік – ампутация, кем дегенде, жіліншік-табан буыны арқылы өтуі керек.  
2) «Басқалар» санатына жататын аз зақымданған спортшылар (А4 сыныбындағыдай);  
Бала кезден церебальді сал ауруына ұшыраған спортшылар;  
Жұлыны зақымданған спортшылар (жартылай немесе толық).  
29. Футбол 7х7:
Бала кезден церебальді сал ауруына ұшыраған С5, С6, С7 және С8 сыныбындағы спортшылар қатысады:  
5 сыныбы – диплегиялық спортшылар – аздап зақымданған. Бұл спортшы түрегеп тұрған қалыпта немесе лақтыру кезінде мүлдем міндетті емес, бірақ жүру кезінде көмекші құралдарды пайдалануды қажет етуі мүмкін. Ауырлық орталығын ауыстыру тепе-теңдікті жоғалтуына әкеп соғуы мүмкін. Спортшылар бұрылған, айналған немесе тоқтаған кезде қиындықтарға ұшырайды. Әдетте спортшы тек қысқа қашықтыққа жүгіре алады.  
6 сыныбы – Атетозды немесе атаксиялы спортшы – аздап зақымданған. Спортшы көмекші құралдарсыз қозғалады. Атетоз аздаған спастикалық квадроплегиясы болғанымен (яғни диплегия болғанымен қолдарын көбірек қимылдатады), осы сыныпқа сәйкес анықталатын басым фактор болып табылады. «Атетоз» тұрақсыздықты, қимыл-қозғалыссыз қалу қабілетінің жоқтығын білдіреді. Аяқ-қолдарының бастары (төртеуі де) әдетте спорттық жарыстарға функционалдық қатысу мүмкіндігін көрсетеді. 6 сыныбының спортшыларында 5 сыныбының спортшыларына қарағанда қолдарының бастарын басқаруда қиындықтары бар, бірақ әдетте, әсіресе жүгірген кезде аяқтары жақсы қимылдайды.  
7 сыныбы – гемиплегиялы спортшылар. Бұл гемиплегиялы жүре алатын спортшыларға арналған сынып. 7-сыныптың спортшыларында денесінің жартысында 3-тен 2-ге дейін спастика деңгейі бар. Олар көмекші құралдарсыз жүреді, бірақ аяқ бастарының спастикасынан жиі ақсаңдап жүреді. Денесінің басым бөлігінде жақсы функционалдық қабілет байқалады. Спортшы денесінің зақымданған бөлігінде айналған кезде және тепе-теңдікті сақтаған кезде қиындықтарға ұшырайды, сол себепті зақымданбаған бөлігімен айналады және зақымданбаған аяғымен доп соғады.  
8 сыныбы – Аз зақымданған спортшы. Бұл сынып 1 деңгейдегі спастикасы бар аздаған диплегиялы немесе 1 деңгейдегі спастикасы бар гемиплегиялы немесе моноплегиялы спортшыларға арналған; аздаған атетозды немесе атаксиялы спортшы. Спортшы сыныптау кезінде көзге көрінетіндей функционалдық төмендеуге ұшырауы керек. Ол қалыпты дейтіндей жүгіре алуы мүмкін, алайда алаңда ойнағанда немесе жаттығу кезінде спастиканы (жоғары тонус), атаксияны, атетозды немесе дистоникалық қимыл-қозғалыстарды негізді дәлелдейтін қызметіндегі шектеулерді сыныптаушыға көрсетуге тиіс.  
4. Спорттық сынып және спорттық сынып дәрежесі
30. Спорттық сынып дәрежесін көрсету мынадай жағдайлардағы мүгедекспортшыларды анықтауға көмектеседі:  
1) спорттық сыныптауды өтпеген;  
2) өз спорттық сыныбын қайта қарау процедурасынан өтуге тиіс;  
3) белгілі бір жарысқа қатысу үшін жіктелімді қажет етпейтін;  
31. «N» жаңа спорттық сынып дәрежесі халықаралық сыныптаудан тестілеу өтпеген және спорттық сыныбы жоқ мүгедекспортшыға тиесілі.  
32. «N» жаңа спорттық сынып дәрежесін, сондай-ақ жарыстарға қатысуға өтінім беру мақсатында спорттық сыныпты Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиялық Комитеті анықтаған мүгедек спортшылар алады.  
33. «R» спорттық сынып дәрежесі бар мүгедек-спортшыларға мыналар жатады:  
1) спорттық сыныбын растау үшін жарыс кезінде одан әрі бақылау қажет мүгедекспортшы,  
2) денсаулықтарындағы ақаулары өзгеруі мүмкін мүгедек спортшылар;  
3) халықаралық жарыстарға қатысқанға дейін сыныптаудан өтуге тиіс «N», «R» спорттық сыныбы дәрежесіндегі мүгедекспортшылар.  
34. «C» спорттық сынып дәрежесін сыныптаушылардың халықаралық тобы мүгедек спортшының спорттық сыныбы өзгеріске ұшырамайды деп анықтаған мүгедек спортшыға беріледі.  
34. Мүгедек спортшыға бастапқы спорттық сынып пен мүгедек спортшының жай-күйіне физикалық немесе техникалық бағалау аяқталғаннан кейін спорттық сынып дәрежесі белгіленеді.  
35. Спорттық іс-шараны ұйымдастырушы сыныптаушыдан белгілі ақпаратты алғаннан кейін мүгедек спортшының сыныптау нәтижелері туралы барлық тиісті тараптарға хабарлауға жауапты болады.  
5. Наразылықтарды қарау  
36. Аға сыныптаушысыныптауды бағалау кезеңінің кестесінде мүгедекспортшыларға бастапқы белгіленген спорттық сыныпқа қатысты спортшылардан наразылықтар қабылдауды қарастырады.  
37. Аға сыныптаушы наразылықтарды қарау кестесінде жаңадан белгіленген спорттық сыныптарға қарсы берілген наразылықтарды қарастырады. Егер ұйымдастыру кезеңдері мүгедек спортшының келесі шыққанына дейін наразылықтарды қарауға мүмкіндік бермесе, онда мүгедек спортшы соңғы ретте оған белгіленген спорттық сыныпта жарысқа түсуі тиіс.  
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына
АНЫҚТАМА НЕГІЗДЕМЕ
 

р/с№



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының

2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының

7-бабының 37) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаның мақсаты м үгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын бекіту

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және\немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері

туралы мәліметтер

Жоқ.



7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ



10.*

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

www. mks .gov.kz сайтында орналастырылған.

Бұйрықтың жобасы – 10 189 байт.

Түсіндірме жазба – 50 808 байт.

12.

Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасының баспасөз-релизін (баспасөз -релизінің атауы, жарияланған күні) мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта) орналастыру туралы ақпарат

Баспасөз -релизі 2014 жылғы __ _______ www. mks .gov.kz сайтында орналастырылған.

* Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы 
№ 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.  
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрі А. Мұхамедиұлы
  «___» __________ 2014 жыл