Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 70 бұйрығы.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9628 тіркелді
Редакция 23.02.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкі(борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құрылсын.
2. Қоса берiлген атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі)жүргiзу жөніндегі Нұсқаулығы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттiң Төрағасына жүктелсiн.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 70 бұйрығымен
бекітілді
Атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған адамдардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды ерікті түрде орындамаған адамдардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған адамдардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды ерікті түрде орындамаған адамдардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) жүргізу жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкін жүргізу
2. Борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі (бұдан әрі- БОДБ) келесі мәліметтерді мазмұндайды:
1) атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған борышкерлер туралы;
2) айыппұл ретінде әкімшілік жазасын салу жөнінде қаулыларды орындамаған борышкерлер туралы.
3. БОДБ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК ААЖ) әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - әкімшілік практика субъектілері) «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 85 бұйрық) сәйкес ұсынған мәліметтерінің негізінде және атқарушылық іс жүргізу органдарының «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығымен көзделген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19882 болып тіркелген) ақпараттық есепке алу құжаттарының негізінде ұсынған мәліметтерінің негізінде қалыптастырылады.
4. Әкімшілік айыппұлдар бойынша міндеттерді ерікті түрде орындамаған борышкерлер туралы мәліметтер ҚСжАЕАК ААЖ-де тұрып және айыппұлды төлеу туралы белгісі жоқ болса, әкімшілік жазасын айыппұл түрінде салу жөнінде қаулының заң күшіне енгеннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң автоматты түрде БОДБ-не келіп түседі.
ҚСжАЕАК ААЖ мәліметтерінің толықтығы мен нақтылығын әкімшілік тәжірибе субъектілерінің басшысы қамтамасыз етеді.
5. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан эрі - Заң) 9-бабымен көзделген атқарушы құжаттары бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау бойынша департаменті (бұдан әрі - САОД) ААЖ-де тұрып және ҚСжАЕАК ААЖ арқылы автоматты түрде БОДБ-не келіп түседі.
Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қысқарту туралы нәтижесін дереу САОД ААЖ-не енгізеді.
6. БОДБ арқылы келесі мәліметтер беріледі:
Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы;
3) тұрған жері (республика, облыс, аудан, елді мекен);
4) құқық бұзушылықты анықтаған органның атауы;
5) жұмыс орны, мемлекеттік қызметіне қатынас өлшемі;
6) материалды (хаттаманы, істі) қараған орган;
7) материалдың (хаттаманың, істің) нөмірі;
8) құқық бұзушылықты саралау;
9) құқық бұзушылықты жасаған (анықтаған) күні;
11) салған айыппұлдың теңгеде мөлшері.
Осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда атқару құжаттары бойынша мәліметтер:
1) борышкердің атауы (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН; заңды тұлға үшін – атауы, БСН;
2) атқару парақтың (құжаттың) нөмірі;
3) сот актінің (орган қаулысының) шығарылған күні;
4) атқарушылық іс жүргізуді қозғау күні, аумақтық органның атауы;
5) азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істің нөмірі;
6) талаптардың санаттары:
айыппұлдарды өндіріп алу;
мемлекеттік баж салығын өндіріп алу;
мүліктік сипатты өндіріп алу;
алименттерді өндіріп алу;
зейнетақы мен жәрдемақыны өндіріп алу;
екінші деңгейіндегі банктердің пайдасына өндіріп алу;
үкім бойынша өндіріп алу;
атқару санкциясын өндіріп алу;
қылмыспен келтірілген материалдық зиянын өндіріп алу;
материалдық зиянын өндіріп алу;
7) борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын шектеу туралы қабылданған шешім: (күні, айы, жылы);
8) лицензиялар мен рұқсаттарды беруге уақытша тыйым салу туралы қабылданған шешім: (күні, айы, жылы);
9) борышкерге бұрын берген лицензиялар мен рұқсаттардың қолдануын тоқтату туралы қабылданған шешім: (күні, айы, жылы);
10) атқару іс жүргізу бойынша қозғалысы:
атқарушы құжатты орындауды кейінге қалдыру,мерзімін ұзарту: (күні, айы, жылы );
тоқтатылған: (күні, айы, жылы);
7. БОДБ борышкердің еспетен алуы, атқару іс жүргізуді қысқарту туралы не ҚСжАЕАК ААЖ әкімшілік айыппұлды төлеу туралы мәлімет түскен сәттен автоматты түрде жүргізіледі.
8. Егер атқарушылық құжаттар бойынша әкімшілік айыппұл не берешек ішінара төленген болса, онда борышкер БОДБ-да толық төлегенге дейін есепке алынған болып қалады. Осы талап, егер БОДБ-дағы борышкерге қатысты екі немесе одан да көп атқарушылық құжаттар және айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылар бойынша мәліметтер бар болған жағдайда қолданылады.
9. Заңмен көзделген шектеулері, және борышкердің Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуын шектеу туралы қабылданған сот актілері, лицензиялар мен рұқсаттарды беруге уақытша тыйым салу, борышкерге бұрын берген лицензиялар мен рұқсаттардың қолдануын тоқтату болатын болса, осы деректер БОДБ-де көрсетіледі.
10. БОДБ деректердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында, атқарушылық іс жүргізудің аумақтық органдар және ҚСжАЕАК басқармалар айда бір рет (есептік айдан кейінгі айдың 2 күніне дейін) САОК пен ҚСжАЕАК жүйелердің арасында борышкерлер бойынша деректердің салыстыруын өткізеді.
11. Мемлекеттік органдарға ақпаратты ұсыну аясында хабарламалармен алмасуды әзірлеу және өткізу барысында қолданылатын бағдарламалық және аппараттық құралдар жұмыс күйінде ұстап тұруы қажет.
12. Ақпарат алмасу, соның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар шектеулі түрде шаралар қабылдайтын борышкерге белгіленген шектеулердің болуына, нақты уақыт тәртібінде мемлекеттік органдардың біріккен көліктік ортасы қорғалған арналары бойынша қашықтықтан қол жеткізу жолымен ҚСжАЕК ААЖ арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар әрқайсына логин мен пароль берілетін пайдаланушылардың тізімін ұсынғаннан кейін ақпараттарын алу үшін жүйе қолданушыларын тіркеуді ҚСжАЕК жүргізеді.
13. Жеке тұлғалар – борышкерлердің бекітілетін деректері: тегі, аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), туылған күні немесе ЖСН. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер – борышкерлердің бекітілетін деректері: атау немесе БСК, ЖСН.
14. Ақпарат алмасу барысында күрделі жағдайлар туындаған кезде, мемлекеттік органдар шұғыл ҚСжАЕК-ті ақпараттандыру және мәселелерді жою шараларын қабылдайды.
Атқарушылық құжаттар
бойынша міндеттемелерді
орындамаған адамдардың,
сондай-ақ әкімшілік айыппұл
салу туралы қаулыларды ерікті
түрде орындамаған адамдардың
орталықтандырылған деректер
банкін (борышкерлердің
орталықтандырылған деректер
банкі) жүргізу жөніндегі
нұсқаулықтың 1-қосымшасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ
ТАӘ не заңды тұлғаның атауы:
=====================================================================
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар туралы мәліметтері бойынша:
Құқық бұзушылықты анықтаған органның атауы:
Жұмыс орны, мемлекеттік қызметіне қатынас өлшемі:
Іс материалын /хаттамасын/ қараған орган:
Іс материалының /хаттамасының/ нөмірі
ҚРӘҚБтК бойынша құқық бұзушылықтың біліктілігі:
Құқық бұзушылықты жасаған (анықтаған) күні:
Салынған айыппұлдың теңгеде мөлшері.
---------------------------------------------------------------------
Тексерудің күні мен уақыты:
Деректер АЕА ААЖ бойынша алынды
Атқарушылық құжаттар
бойынша міндеттемелерді
орындамаған адамдардың,
сондай-ақ әкімшілік айыппұл
салу туралы қаулыларды ерікті
түрде орындамаған адамдардың
орталықтандырылған деректер
банкін (борышкерлердің
орталықтандырылған деректер
банкі) жүргізу жөніндегі
нұсқаулықтың 2-қосымшасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ АНЫҚТАМА
==============================================================
1. Атқарушылық іс жүргізу бойынша мәліметтер:
атқару парақтың (құжаттың) нөмірі;
сот актінің (орган қаулысының) шығарылған күні;
атқарушылық іс жүргізуді қозғау күні, аумақтық органның атауы;
азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істің нөмірі;
айыппұлдарды өндіріп алу;
мемлекеттік баж салығын өндіріп алу;
мүліктік сипатты өндіріп алу;
алименттерді өндіріп алу;
зейнетақы мен жәрдемақыны өндіріп алу;
екінші деңгейіндегі банктердің пайдасына өндіріп алу;
үкім бойынша өндіріп алу;
атқару санкциясын өндіріп алу;
қылмыспен келтірілген, материалдық зиянын өндіріп алу;
материалдық зиянын өндіріп алу;
борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын шектеу туралы
20__жылғы «___»__________
лицензиялар мен рұқсаттарды беруге уақытша тыйым салу
туралы қабылданған шешім: 20__жылғы «___»__________
борышкерге бұрын берген лицензиялар мен
рұқсаттардың қолдануын тоқтату туралы қабылданған шешім:.20__жылғы
орындауы кейінге қалдырылған, мерзімі ұзартылған 20__жылғы
орындау тоқтатылды 20__жылғы «___»__________
сот орындаушысы (тегі,.аты, әкесінің аты)
---------------------------------------------------------------------
Тексерудің күні мен уақыты: