Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 8 тамыздағы № 341 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасы халықаралық іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 341 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау тәртібі туралы нұсқаулық
1. Осы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қағидаларын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің құрылымдық бөлімшелері мен қарауындағы ұйымдардың Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау тәртібі
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің құрылымдық бөлімшелері (Жастар ісі комитеті, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Ғылым комитеті, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті халықаралық ынтымақтастық департаменті Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті) жыл сайын 15 қазаннан кешіктірмей өз құзыреттеріне қатысты мәселелер бойынша білім беру қызметі саласындағы күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының есепті кезеңінде орындалуы туралы ақпаратты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынады.
1) білім беру қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық тиісті шарттарының ережелерін іске асыру туралы мәліметті;
2) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын бағалауды;
3) халықаралық шарттардың орындалуы барысында анықталған проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды қамтуы тиіс.
Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау тәртібі
4. Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті Білім және ғылым министрілігінің құрылымдық бөлімшелер мен қарауындағы ұйымдар ұсынған ақпаратты ескере отырып, білім және ғылым қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуына талдау жүргізеді және мынадай ақпаратты дайындайды:
1) осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша білім беру кызметі саласындағы күшіне енген екіжақты және көпжақты Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ағымдағы жыл ішінде орындалу барысы туралы;
2) осы Нұсқаулықтың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша білім беру және ғылым қызмет саласындағы үшін қол қойылған және күшіне енбеген екіжақты және көпжақты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша мемлекетішілік рәсімдердің орындалу барысы туралы, оның ішінде олардың орындалмау себептері туралы.
5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті дайындаған ақпаратты Білім және ғылым министрлігі жыл сайын 10 қарашадан кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық жеткізгіштерде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне енгізеді.
6. Ұсынылатын ақпараттың уақтылығы, толықтылығы және дұрыстылығы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің құрылымдық бөлімшелері мен қарауындағы ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау
және қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау нұсқаулығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының күшіне енген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
| Р/с № | Мәліметтердің деректемелері | Мемлекеттік органдардың ақпараты |
| 1. | Халықаралық шарттың толық, ресми атауы | |
| 2. | Халықаралық шартты жасасу күні | |
| 3. | Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) | |
| 4. | Халықаралық шарттың күшіне ену күні | |
| 5. | Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) | |
| 6. | Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні) | |
| 7. | Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) | |
| 8. | Халықаралық шарттың реттеу нысанасы | |
| 9. | Есепті кезең ішіндегі халықаралық шартты іске асыру барысын талдау (статистика, халықаралық шартты орындау шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру, контрагенттің өз міндеттемелерін орындауы) | |
| 10. | Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар | |
| 11. | Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау | |
| 12. | Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету) | |
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау
және қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау нұсқаулығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының күшіне енген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
| Р/с № | Мәліметтердің деректемелері | Мемлекеттік органдардың ақпараты |
| 1. | Халықаралық шарттың толық, ресми атауы | |
| 2. | Халықаралық шартты жасасу күні | |
| 3. | Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) | |
| 4. | Халықаралық шарттың күшіне ену күні | |
| 5. | Қазақстан тарапының халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) | |
| 6. | Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні) | |
| 7. | Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) | |
| 8. | Халықаралық шарттың реттеу нысанасы | |
| 9. | Халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер | |
| 10. | Есепті кезең ішіндегі халықаралық шартты іске асыру барысын талдау (статистика, халықаралық шартты орындау шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру, контрагенттің өз міндеттемелерін орындауы) | |
| 11. | Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар | |
| 12. | Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау | |
| 13. | Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету) | |
Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарының орындалуы туралы ақпаратты
дайындау және оны Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің
жобаларын келісу және оларды іске асыру,
Қазақстан Республикасы Президент қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген
уағдаластықтарды орындау нұсқаулығына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
| Р/с № | Мәліметтердің деректемелері | Мемлекеттік органдардың ақпараты |
| 1. | Халықаралық шарттың толық, ресми атауы | |
| 2. | Халықаралық шартты жасау күні | |
| 3. | Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) | |
| 4. | Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы контрагент хабарламасының болуы (атауы, күні мен нөмірі) | |
| 5. | Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) | |
| 6. | Халықаралық шарттың реттеу нысанасы | |
| 7. | Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға байланысты проблемалық мәселелердің болуы | |
| 8. | Халықаралық шарттың күшіне енбеуінің себептері | |
Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарының орындалуы туралы ақпаратты
дайындау және оны Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің
жобаларын келісу және оларды іске асыру,
Қазақстан Республикасы Президент қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген
уағдаластықтарды орындау нұсқаулығына
4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
| Р/с № | Мәліметтердің деректемелері | Мемлекеттік органдардың ақпараты |
| 1. | Халықаралық шарттың толық, ресми атауы | |
| 2. | Халықаралық шартты жасасу күні | |
| 3. | Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) | |
| 4. | Халықаралық шарттың күшіне ену талаптары | |
| 5. | Контрагенттердің халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы депозитарий хабарламасының болуы (атауы, күні мен нөмірі) | |
| 6. | Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) | |
| 7. | Халықаралық шарттың реттеу нысанасы | |
| 8. | Халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер | |
| 9. | Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға байланысты проблемалық мәселелердің болуы | |
| 10. | Халықаралық шарттың күшіне енбеуінің себептері | |