• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1390 Қаулысы

Осы редакция 15.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 1 қарашадағы
 № 1390 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
алпыс сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы алпыс тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау.».
2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақта:
бір жүз елу жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлеуге қатысу;»;
мынадай мазмұндағы бір жүз елу сегізінші, бір жүз елу тоғызыншы, бір жүз алпысыншы, бір жүз алпыс бірінші, бір жүз алпыс екінші, бір жүз алпыс үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«жеке сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын орындауын бақылау;
мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылау;
жеке сот орындаушыларының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауын және өздерінің міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастыру;
интегралды микросхема топологиясын пайдалануды мемлекеттік бақылау;
аумақтық нотариалдық палаталар қызметін бақылау;
нотариустың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылау.».
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеде:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) экономика салаларының кадрларға қажеттілігін салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;