Bestprofi Logo

Қаулы № 934 от 2014-08-15г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 03.05.2016 г.

Документ на казахском языке

"Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 934 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.05.2016 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

«1) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы;»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ережедегі 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ЭСК-тің жұмыс органы болып табылады.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 934 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген

Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание