| Р/ с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабына сәйкес (1994 жылғы 21 қыркүйек) |
| 3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды |
| 4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Қажет емес |
| 5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары үшін қолайлы жағдай жасау, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін ұлғайту, сауданы дамыту, логистикалық және кедендік рәсімдерді жүзеге асыруды жеделдету мақсатында көлік-логистикалық орталықтарын дамыту қажет. |
| 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | Жоқ |
| 7. | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Талап етілмейді |
| 8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері. | Жоқ |
| 9. | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
| 10. | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
| 11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www . mtc . gov . kz интернет-ресурсында орналастырылған |
| 12. | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www . mtc . gov . kz интернет-ресурсында орналастырылған |