Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 885 қаулысы
Редакция 24.11.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қоса беріліп отырған инвестициялық жобалардың тізбесіне сәйкес «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде бұдан бұрын іске асырылған, бірақ құрылысы аяқталмай тоқтап тұрған Атырау облысының әлеуметтік маңызы бар 14 объектісін аяқтауға Атырау облысы әкімдігіне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 1106667369 (бір миллиард жүз алты миллион алты жүз алпыс жеті мың үш жүз алпыс тоғыз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 885 қаулысына
қосымша
Инвестициялық жобалар тізбесі