• Мое избранное
Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 888 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 76-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 888 қаулысымен
бекітілген
Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу қағидалары
1. Осы Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) көлік құралдарын сенімхаттың негізінде пайдаланатын адамдарды (бұдан әрі – сенім білдірілген адамдарды) тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу үшін сенім білдірілген адамдар ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністеріне, халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі – ТЕБ/ХҚО) жүгінеді, сондай-ақ www.e.gov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеле алады.
3. Тіркеу үшін ТЕБ/ХҚО-ға жүгінген кезде сенім білдірілген адам:
1) көлік құралын басқаруға сенімхатты;
2) көлік құралын тіркеу туралы куәлікті;
3) сенім білдірілген адамның жеке куәлігін ұсынады.
Қарапайым жазбаша нысанда ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда көлік құралы иесі өзінің жеке куәлігімен қатысуы қажет.
4. Сенім білдірілген адамдар тіркеу үшін ТЕБ/ХҚО-ға жүгінген кезде ТЕБ/ХҚО-ның қызметкері ішкі істер органдарының ақпараттық жүйесіне мынадай деректерді:
1) көлік құралы туралы мәліметтерді (маркасы/моделі, шығарылған жылы, шанақ нөмірі, шасси нөмірі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің сериясы, нөмірі мен берілген күні);
2) көлік құралының иесі туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрақты не уақытша тіркелген мекенжайы, жұмыс орны, байланыс телефоны);
3) сенім білдірілген адам туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі мен түрі, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрақты не уақытша тіркелген мекенжайы, жұмыс орны, байланыс телефоны);
4) сенім білдірілген адамның көлік құралын пайдалануына негіз болатын құжат туралы деректерді:
қарапайым жазбаша нысанда ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда – сенімхаттың атауын, кім және қашан бергенін, сенімхаттың қолданылу мерзімін;
нотариат ресімдеген сенімхатты ұсынған жағдайда – сенімхаттың атауын, кім және қашан бергенін, сенімхаттың қолданылу мерзімін, сенімхаттың сериясы мен нөмірін, тіркелген күні мен тізілім бойынша беру нөмірін енгізуді қамтамасыз етеді.
5. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінген кезде көлік құралының иесі электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жібереді.
6. Көлік құралы иесінің, сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін ТЕБ/ХҚО қызметкері электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
7. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінген кезде көлік құралының иесі «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіліп, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама алады.
8. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізу кезінде көлік құралдарының нөмірлік агрегаттарына айдап әкету және көлік құралын тіркеу заңдылығы тұрғысынан, сенім білдірілген адамның сауалнамалық деректерін – іздестіру тұрғысынан тексеру жүргізуге автоматты түрде сұрау салу қалыптастырылады.
9. Тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу процесінде сенімхатта:
1) ТЕБ/ХҚО атауы бар мөртаңба;
2) сенімхаттың тіркелген күні;
3) ТЕБ/ХҚО қызметкерінің қолы, тегі мен аты-жөні көрсетіледі.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинетінде» алған көлік құралын басқару құқығына сенімхатты көлік құралының иесі өзі басып шығарады. Бұл ретте сенімхатты ТЕБ/ХҚО-да қосымша тіркеу талап етілмейді.
10. Сенім білдірілген адамды ТЕБ-те тіркеу және есепке алу уақыты құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 сағаттан, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеу кезінде – 2 сағаттан аспайды.
11. Тіркеу іс-әрекеттері аяқталғаннан кейін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар сенім білдірілген адамға қайтарылады.