Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 894 қаулысы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылға 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 53) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 894 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары
1. Осы Қағидалар жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде (бұдан әрі — қорғалмаған елді мекендер) өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру тәртібін айқындайды.
2. Жергілікті атқарушы органдар өрт сөндіру бекеттерін қорғалмаған елді мекендерде кезекші ауысымға, өрт сөндіру автомобиліне немесе өрт сөндіруге бейімделген жылжымалы техникаға арналған, телефон байланысымен, электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтумен қамтамасыз етілген үй-жайлары бар ғимараттарда құрады.
3. Тиісті әкімшілік аумақтарда өрт сөндіру бекеттерін құру, олардың қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
4. Өрт сөндіру бекеттері осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өрт-техникалық жабдық пен жарақтың ең аз санымен жасақталған өрт сөндіру автомобилімен немесе өрт сөндіруге бейімделген жылжымалы техникамен жарақталады.
5. Өрт сөндіру автомобилі не өрт сөндіруге бейімделген жылжымалы техника жанар-жағармай материалдарымен және өрт сөндіргіш заттармен қамтамасыз етіледі, олардың қорын жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша өрт сөндіру бекетінің басшысы айқындайды.
6. Өрт сөндіру бекеттерінің жұмыс істеуі үшін ерікті өрт сөндірушілер, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес баска да адамдар тартылады.
7. Өрт сөндіру бекеттерін өрттерді сөндіруге тарту тәртібі тиісті өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдарын тартудың аудандық жоспарымен айқындалады.
Жергілікті атқарушы органдардың
мемлекеттік өртке қарсы қызмет
бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт
сөндіру бекеттерін құру, оларды
материалдық-техникалық
жарақтандыру қағидаларына
1-қосымша
Өрт сөндіру автомобиліне өрт-техникалық жабдық пен жарақтың ең аз тізбесі
Жергілікті атқарушы органдардың
мемлекеттік өртке қарсы қызмет
бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт
сөндіру бекеттерін құру, оларды
материалдық-техникалық
жарақтандыру қағидаларына
2-қосымша
Өрт сөндіруге бейімделген жылжымалы техникаға өрт-техникалық жабдық пен жарақтың ең аз тізбесі