2014 жылғы 8 тамыздағы шығыс № ДЮС-1/1053-ВН хатқа қатысты
Отправить по почте
«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарымен құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 9542 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
2014 жылғы 8 тамыздағы шығыс № ДЮС-1/1053-ВН хатқа қатысты
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарымен құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарымен құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі – 1-Қағида) бойынша.
1.1. 1-Қағиданың бүкіл мәтіні бойынша бақылаудағы тауарлар ұғымы қолданылады. Бұл ретте осы ұғымның айқындамасы, бақылаудағы тауарлар тізбесін бекітетін НҚА-ға сілтеме және т.б. жоқ.
Жобамен кеден органдарымен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (бұдан әрі – СЭҚҚ) қолданылуы тиіс қағидалар бекітілетіндігін ескере отырып, 1-Қағиданың 3-тармағын ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы тауарлар тізбесі бекітілген НҚА-ға міндетті түрде сілтеме келтірумен «бақылаудағы тауарлар» ұғымына айқындама беретін 3) тармақшамен толықтыру мақсатқа сай деп санаймыз.
1.2. 1-Қағиданың 3-тармағы «автомобиль өткізу пунктіндегі мемлекеттік бақылау органы» ұғымына айқындама беретін 4) тармақшамен толықтырылсын, себебі осы ұғым 1-Қағидада қолданылады.
1.3. 1-Қағиданың 5-тармағымен әкелуі әртүрлі рұқсат беретін құжаттармен немесе оларсыз жүзеге асырылатын кейбір тауарлар айқындалады. Бұл ретте осындай тауарлардың КО СЭҚ ТН бойынша кодтары көрсетілмейді, бұл осы норманы іс жүзінде қолдану кезінде екіұшты және тіпті біркелкі емес түсіндіру қаупін төндіреді.
Іс жүзінде осындай тауарлардың тізбесі СЭҚ ТН бойынша кодтары, рұқсат беретін құжаттың түрі және т.б. көрсетілетін тізбе түрінде қабылданады.
Айтылғандарға байланысты, Ветеринариялық-санитариялық бақылау қағидасының 5-тармағын алып тастау, ал 4-тармақта «осы Қағиданың 5-тармағымен» деген сөздерді «осы Қағиданың 1-қосымшасымен» деген сөздермен ауыстыру мақсатқа сай деп санаймыз.
1.4. Ветеринариялық-санитариялық бақылау қағидасының 6-тармағы 1-абзацының соңғы сөйлемі алып тасталынсын, себебі транзитке рұқсат беруді қамтитын мәліметтер тізбесі Кеден одағының уәкілетті органымен әзірленетін НҚА-да айқындалады.
1.5. 1-Қағиданың 6-16 тармақтарымен келесілер айқындалған:
- Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы транзиті кезінде бақылаудағы тауарлардың қозғалысына рұқсат берілуі қажет жағдайлар;
- әкелінетін немесе шығарылатын бақылаудағы тауарларға қатысты қолданылатын бақылау түрлері;
- тасымалдаушыға немесе оның тапсырысы бойынша қызмет ететін тұлғаға бақылау функцияларын өту үшін кеден органдарына тауарларға ілеспе құжаттарды ұсыну туралы талаптар;
- лауазымды тұлғалардың құжаттарды тексеру кезіндегі іс-әрекеттері және т.б.
Бұл ретте ТБЖ тетіктерінің негізінде шешімдер қабылдау, бақылау процестерін автоматтандыру және т.б. кезінде адам факторын барынша азайтуға мүмкіндік беретін ережелер жоқ.
Яғни 1-Қағиданың ережелерінде соңғы уақытта енгізілген және кеден органдарында жемісті қолданылып отырған, келесілерді:
- тек ТБЖ негізінде ғана бақылаудың қандай да бір функцияларын жүргізу мүмкіндігін;
- СЭҚҚ бастапқы ақпаратты беруі кезінде алынған мәліметтерді алдын ала тексеру тетіктерін енгізуді;
- олар кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде және мемлекеттік органдардың басқа да ақпарат көздерінде бар болған жағдайда, қандай да бір мәліметтерді ұсыну талаптарын алып тастауды;
‑лауазымды тұлғалардың бақылауды жүргізу процестерін және уақытын толық регламенттеуді айқындайтын шешімдер мен тетіктер ескерілмеген.
Айтылғандар негізінде, шешімдер қабылдау кезінде адам факторын барынша азайтуға бағытталған шешімдерді енгізе отырып, 1-Қағиданы пысықтау мақсатқа сай деп санаймыз.
2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды кеден органдарының жүзеге асыру және кеден органдары мен өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл қағидасы бойынша (бұдан әрі – 2-Қағида).
2.1. 2-Қағиданың 4-26 тармақтарында 1-Қағидадағы кемшіліктерге ұқсас осы сараптамалық қорытындының 1.5-тармағында егжей-тегжейлі көрсетілген кемшіліктер бар.
Осыған орай, 2-Қағиданың ережелерін келесілерді:
‑ бақылаудың қандай да бір функцияларын, оның ішінде тек ТБЖ негізінде ғана алғашқы карантиндік фитосанитариялық бақылау кезіндегі функцияларды жүргізу мүмкіндігін;
- СЭҚҚ бастапқы ақпаратты беруі кезінде алынған мәліметтерді алдын ала тексеру тетіктерін енгізуді;
- олар кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде және мемлекеттік органдардың басқа да ақпарат көздерінде бар болған жағдайда, қандай да бір мәліметтерді ұсыну талаптарын алып тастауды;
‑ лауазымды тұлғалардың бақылауды жүргізу процестерін және уақытын толық регламенттеуді айқындайтын тетіктер мен шешімдерді енгізе отырып, пысықтау мақсатқа сай деп санаймыз:
2.2. 2-Қағиданың 16-тармағымен әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдерден карантиндік объектілер табылған жағдайда, қайтарылуға, залалсыздандыруға, карантиндік арамшөптерден тазартылуға немесе техникалық өңдеуге жататындығы айқындалған. Бұл ретте бұдан әрі 2-Қағидада лауазымды тұлға:
- кері қайтару туралы;
- карантиндік арамшөптерден тазарту туралы;
- техникалық өңдеу туралы шешім қабылдауы қажет жағдайлар толық жазылмаған.
Лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін толық жазып көрсететін нормалардың жоқтығы оларды екіұшты түсіндіру және қолдану қаупін төндіреді. Бұл өз кезегінде фитосанитариялық бақылауды жүргізу процестерінде сыбайлас жемқорлық өрісінің пайда болу қаупін тудырады.
Аталған қауіптерді болдырмау мақсатында, осы қорытындының 2.1-тармағында көрсетілген шешімдер мен тетіктерді енгізе отырып, тиісінше залалсыздандыру, рефрижерациялау, алу, сақтау, актілерді толтыру және т.б. рәсімдерді регламенттейтін қалған тармақтарды өзгертіп, фитосанитариялық бақылау жүргізу процесін автоматтандыру мақсатқа сай деп санаймыз.
Жоба бойынша ескертулердің көп болуына байланысты, қолданылуы жаңа әкімшілік кедергілердің қалыптасуына алып келетін нормативтік актінің қабылдануын болдырмау мақсатында, осы сараптамалық қорытындының ұсыныстарын ескере отырып, жобаны толығымен қайта өңдеу және оған түзетулер енгізу мақсатқа сай деп санаймыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, дәлелді жауап жіберуді сұраймыз.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары Р. Ошақбаев