• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 552 Жарлығы

Осы редакция 29.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президенті
 мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19), 21) тармақшаларына, 45-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ереже бекітілсін (1-қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін (2-қосымша).
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 805 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 40-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 235-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; 2007 ж., N 34, 372-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1094 Жарлығының 1-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 201-құжат); 
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 805 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 1351 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 235-құжат); 
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 наурыздағы N 1528 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы; 
5) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 131 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 229-құжат); 
6) "Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі N 413 Жарлығының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 34, 372-құжат).
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 11 наурыздағы
 N 552 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 28.12.2010 жылғы № 1129 Жарлығымен (22.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мәртебесін, миссиясын, негізгі міндеттері мен функцияларын, өкілеттігін, жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
2. Әкімшілік пен оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Әкімшілік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде шоттары, соның ішінде валюталық шоттары болады.
4. Әкімшіліктің құрылымы мен штат санын Президент айқындайды.
5. Әкімшіліктің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі».
6. Әкімшіліктің заңдық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, "Ақорда" резиденциясы.
7. Әкімшіліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Әкімшіліктің миссиясы мен негізгі міндеттері
8. Әкімшіліктің миссиясы Президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.
9. Әкімшіліктің негізгі міндеттері:
1) Президенттің мына салалардағы:
сыртқы саясаты;
әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
кадр саясаты;
Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі - Парламент);
Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі - Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
соттар мен судьяларға қатысты;
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жоғары Сот Кеңесінің және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын өзге де міндеттер болып табылады.
3. Әкімшіліктің негізгі функциялары
10. Президенттің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
1) әлемдік даму процестеріне, сондай-ақ халықаралық қатынастардың өзекті проблемаларына мониторинг, талдау мен болжам жасауды, Президентке оның сыртқы саясаттағы өкілеттіктерін іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды жүзеге асырады;
2) Президент қатысатын халықаралық іс-шаралардың мазмұндық бөлігін үйымдастыруды жүзеге асырады;
3) Президенттің шет елдердің мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен, шетелдің саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;