Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1283 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1283 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1283 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісім жобасына 1-қосымшада:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Санкт-Петербург – Оренбург – Сагарчин (Ресей Федерациясы) / Жайсан (Қазақстан Республикасы) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас (Қазақстан Республикасы) / Хоргос (Қытай Халық Республикасы) – Үрімші – Ляньюньган.»;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) Кант – АПП «Ак-Тилек» (Қырғыз Республикасы) / Қарасу (Қазақстан Республикасы) – Тараз – Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Жайсан (Қазақстан Республикасы) / Сагарчин (Ресей Федерациясы) – Оренбург – Санкт-Петербург.
Көрсетілген маршруттың ашылуы 2020 жылдан кешіктірілмейді.
6) Ат-Башы – Торугарт (Қырғыз Республикасы) / Туругарт (Қытай Халық Республикасы) – Кашгар – Үрімші – Ляньюньган.
Көрсетілген маршруттың ашылуы 2020 жылдан кешіктірілмейді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1283 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
| Р/с № | Құрылымдық элемент | Қолданыстағы редакция | Ұсынылатын редакция | Негіздеме |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| « Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қол қою туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1283 қаулысы | ||||
| 1 | 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын | 2. « Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевқа Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін » | 2. « Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін » | «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі құрылды. |
| 2 | Келісімге 1- қосымшаның 1-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын | 2) Санкт-Петербург – Оренбург – Сагарчин (Ресей Федерациясы) / Жайсан (Қазақстан Республикасы) – Алматы – Коргас (Қазақстан Республикасы / Хоргос (Қытай Халық Республикасы – Үрімші – Ляньюньган. | 2) Санкт-Петербург – Оренбург – Сагарчин (Ресей Федерациясы) / Жайсан (Қазақстан Республикасы) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас (Қазақстан Республикасы) / Хоргос (Қытай Халық Республикасы) – Үрімші – Ляньюньган. | Бұдан бұрын келісілген маршрутты нақтылау туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісім жобасын әзірлеу бойынша ШЫҰ мүше-мемлекеттері сарапшыларының отырысы Хаттамасының 3-тармағын орындау үшін |
| 3 | Келісімге 1- қосымша келесі мазмұндағы 5) және 6)тармақшаларымен толықтырылсын
| Жоқ | 5) Кант – АПП «Ак-Тилек» (Қырғыз Республикасы) / Қарасу (Қазақстан Республикасы) – Тараз – Шымкент – Қызылорда – Ақтобе – Жайсан (Қазақстан Республикасы) / Сагарчин (Ресей Федерациясы) – Оренбург – Санкт-Петербург. Көрсетілген маршруттың ашылуы 2020 жылдан кешіктірілмейді. 6) Ат-Башы – Торугарт (Қырғыз Республикасы) / Туругарт (Қытай Халық Республикасы) – Кашгар – Үрімші – Ляньюньган. Көрсетілген маршруттың ашылуы 2020 жылдан кешіктірілмейді. | Екі маршрутты толықтыру туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісім жобасын әзірлеу бойынша ШЫҰ мүше-мемлекеттері сарапшыларының отырысы Хаттамасының 1-тармағын орындау үшін |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1283 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
| Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
|
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы №54 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысы орынбасарының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 2401 тапсырмасы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 17-37/2461 тапсырмасы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Е. Қошановтың 2014 жылғы 26 тамыздағы № 12-47/4223 тапсырмасы.
|
| 3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды. Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының транзит-көліктік әлеуетінің және көлік-логистикалық жүйесінің дамуына ықпал етеді.
|
| 4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді
|
| 5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | Осы қаулының мақсаттары: 1) халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдай жасау; 2) халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту үшін Тараптардың іс-қимылдарын үйлестіру; 3) халықаралық автомобиль тасымалдарына қатысты Тараптардың құжаттамаларын, рәсімдерін, талаптарын жеңілдету және үйлестіру
|
| 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
| «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1283 қаулысы.
|
| 7. | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Жобаны қабылдау қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді талап етпейді
|
| 8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
| Талап етілмейді |
| 9. | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
| 10. | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
| 11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www . mtc . gov . kz интернет-ресурсында орналастырылған |
| 12. | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www . mtc . gov . kz интернет-ресурсында орналастырылған |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
2014 жылғы «___» __________