1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (Жалпы бөлім): (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Кіші кәсіпкерлік субьектілеріне жататын заңды тұлғаларға аталған талап қойылмайды.»;
118-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады. Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу кезі деп - өтініш берілген кез, ал электрондық тіркеген кезде - жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жөнелту арқылы тіркеу органының құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) и туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растаған кез танылады.»;
152-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңдармен және тараптардың келiсiмiмен қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiленген нысанды бланкiге жазу, мөр болса, онымен бекiту және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиiс.»;
167-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және егерде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бұл ұйымның мөрі болуы қажет жағдайда сол ұйымның мөрiмен бекiтiледi.».
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат, № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат):
663-баптың жетінші тармағы алып тасталсын;
1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат, № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат):
1) мазмұнында мынадай мазмұндағы 28-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«28-1-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша
басқаруды енгізу туралы және мерзімінен бұрын тоқтату
туралы істерді қарау
2) мазмұнында мынадай мазмұндағы 285-1, 285-2, 285-3, 285-4-баптардың тақырыбымен толықтырылсын:
«285-1 бап. Өтініш беру»;
«285-2 бап. Өтінішті қарау»;
«285-3-бап. Өтініш бойынша соттың шешімі
«285-4-бап. Соттың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша басқаруды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімі»;
3) 237-бап мынандай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша басқаруды енгізу туралы және мерзімінен бұрын тоқтату туралы.»;
4) мынадай мазмұндағы 28-1-тараумен толықтырылсын:
«28-1-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша
басқаруды енгізу туралы және мерзімінен бұрын тоқтату
туралы істерді қарау
285-1 бап. Өтініш беру
1. Жер учаскесін уақытша басқаруды енгізу туралы өтініш жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізетін органмен беріледі.
жер пайдаланушының атауы;
уақытша басқаруды енгізу негіздемесі көрсетілуі тиіс.
Өтінішке мыналар:
Жер учаскесін пайдаланылмайтындығы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатындығы туралы акті;
облыс (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімімен қол қойылған жер учаскесін уақытша басқаруды енгізудің негіздемесі қоса беріледі.
285-2 бап. Өтінішті қарау
Сот ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша басқаруды енгізу туралы өтінішті өтініш түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.
285-3-бап. Өтініш бойынша соттың шешімі
1. Жер учаскесін уақытша басқаруды енгізу туралы өтінішті қарау нәтижесі бойынша сот уақытша басқаруды енгізу туралы шешім шығарады, онда мыналар қамтылуы тиіс:
жер пайдаланушының атауы;
жер учаскесінің орналасқан жері;
уақытша басқаруды енгізу негіздемесі;
жер учаскесін уақытша басқаруды бекіту туралы;
жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жер учаскесін сенімді басқару туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы.
2. Соттың жер учаскесін уақытша басқаруды енгізу туралы шешімі дереу орындалуға жатады.