Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 7-бабы 21) тармақшысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы » бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 7-бабы 21) тармақшысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары бекітілсін .
2. Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 303 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде 2013 жылы 18 қыркүйекте №8717 тіркелді, «Егемен Қазақстан» 26.09.2013 ж. №220 (28159), «Казахстанская правда» 26.09.2013 ж. №282 (27556)) жарияланған бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
I-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген және келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3 орынды иеленсе;
ересектер арасындағы Әлем чемпионаттарында 1-2 орынды немесе екі рет 3 орынды иеленсе;
Ойын спорты түрлерінен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
Олимпиада ойындарында және әлем чемпинаттарында (ойын спорты түрлерінен) ақтық сынға немесе УЕФА және Еуропа лигасының ересектер арасындағы топтық турниріне шыққаны үшін.
Олимпиадалық емес спорт түрлерінен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
Әлем чемпионатында ересектер арасында 1 орынды үш рет иеленсе;
Мүгедек спортшылар арасында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда 1-3 орын.
Құрмет атағымен марапаттау қайта жүргізілмейді.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы»
Біліктілік талаптары: олимпиадалық спорт түрлері бойынша төмендегі талаптардың бірін орындаған спортшымен (спортшылармен) кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар:
Ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3 орын иеленген бір спортшыны даярлау;
немесе ересектер арасында әлем чемпионатында 1-3 орын иеленген бір спортшыны даярлау;
немесе әлем кубогі финалында (кезең қосындысы немесе финал) 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
немесе Дүниежүзілік универсиадада 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
немесе Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
немесе жастар (юниорлар) арасындағы әлем чемпионатында 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
немесе жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1 орынды иеленген екі спортшыны немесе екі рет 1 орынды иеленген бір спортшыны даярлау;
немесе ересектер арасындағы жазғы және қысқы Азия ойындарында (Азия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінен) 1 орын иеленген бір спортшыны даярлау.
Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша құрмет атағымен кемінде 20 мемлекет өкілдері қатысқан жарыстарда төмендегі нәтижелерге қол жеткізген спортшыны даярлағаны үшін беріледі:
ересектер арасындағы әлем чемпионатында 1 орынды иеленген үш спортшыны немесе үш рет 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
жастар (юниорлар) арасындағы әлем чемпионатында 1 орынды иеленген үш спортшыны немесе үш рет 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
немесе Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда 1-3 орын иеленген 1 спортшыны даярлау;
немесе мүгедектердің Азия және Дүниежүзілік ойындарында немесе мүгедектер арасындағы әлем чемпионаттарында 1 орын иеленген бір спортшыны даярлау.
Ойын спорты түрлері бойынша (олимпиадалық, олимпиадалық емес) құрмет атағы төмендегі талаптардың бірін орындаған спортшыларды (кемінде 3 спортшы) немесе командаларды даярлағаны үшін:
ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында және әлем чемпинаттарында (ойын спорты түрлерінен) ақтық сынға немесе УЕФА (UEFA) Лига Чемпионатында және УЕФА (UEFA) Еуропа Лигасының топтық турниріне шықса;
немесе ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-6 орын;
немесе жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3 орын;
немесе ересектер арасындағы әлем чемпионатында 1-3 орын;
немесе ересектер арасындағы Азия чемпионатында 1 орын;
немесе 18 жасқа дейінгі жасөспірмдер мен қыздар арасындағы әлем чемпионатындағы жоғары дивизионда 1-3 орын немесе бірінші дивизионда 1 орын;
немесе 20 жасқа дейінгі жасөспірмдер әлем чемпионатындағы жоғары дивизионда 1-5 орын немесе бірінші дивизионда 1 орын;
немесе ересектер арасында Еуропа кубогында клубты командалар арасында 1-3 орын;
немесе дүниежүзлік универсиадада немесе студенттер арасындағы әлем чемпионатында 1-3 орын;
немесе ересектер арасында Азия ойындарында 1-3 орын иеленсе беріледі.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |