• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою туралы жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бахыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1356 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов   
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « » 
№ қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Кувейт Мемлекетiнiң Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiм
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Кувейт Мемлекетiнiң Үкiметi
өз арасында Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім жасасу жолымен өзара экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға ниет бiлдiре отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Келiсiм қолданылатын тұлғалар
Осы Келiсiм Уағдаласушы мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап
Келiсiм қолданылатын салықтар
1. Осы Келiсiм оларды алу әдiсiне қарамастан, Уағдаласушы мемлекеттiң немесе оның саяси бөлiмшелерiнiң, орталық немесе жергiлiктi билiк органдарының атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға қолданылады.
2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсiмiне салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жеке элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi табысқа салынатын салықтар болып есептеледi.
3. Мыналар осы Келiсiм қатысты болатын қолданыстағы салықтар болып табылады:
а) Қазақстан Республикасы жағдайында:
  (i) корпоративтік табыс салығы;
  (ii) жеке табыс салығы
  (бұдан әрi «Қазақстан салығы» деп аталатындар); және
b) Кувейт Мемлекетi жағдайында:
  (i) корпоративтік табыс салығы;
  (ii) Кувейт Ғылымды Дамыту Қорына (КҒДҚ) төленетiн, кувейттiк компаниялардың акцияларын ұстаушылардың таза пайдасынан алынатын салық;
  (iii) Зекет;
  (iv) қызметшiнiң материалдық қамтамасыз ету ұлттық заңнамасына сәйкес алынатын салық
  (бұдан әрi «Кувейт салығы» деп аталатындар).
4. Уағдаласушы мемлекеттiң заңнамасына сәйкес Келiсiм күшiне енген күннен кейiн қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына алынатын кез келген бiрдей немесе мәнi бойынша ұқсас салықтарға да осы Келiсiм қолданылады. Уағдаласушы мемлекеттердiң құзыреттi органдары өздерiнiң тиiстi салық заңнамаларындағы кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етіп отырады.
3-бап
Жалпы анықтамалар
1. Егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
а) «Уағдаласушы мемлекет» және «екiншi Уағдаласушы мемлекет» терминдері түпмәтiнге байланысты Қазақстанды немесе Кувейттi бiлдiредi;
b) «Қазақстан» термині Қазақстан Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынасында қолданған кезде «Қазақстан» деген термин оның ұлттық заңнамасына және ол қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан өзiнiң егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын аймақтарды қамтиды;
с) «Кувейт» термині халықаралық заңнамаға сәйкес Кувейт заңнамасының негiзiнде Кувейт өзiнiң егемендiк құқықтарын немесе юрисдикциясын жүзеге асыра алатын аймақ ретiнде болған немесе кейiннен солай есептелетiн аумақтық сулардан тыс кез келген аймақтарды қоса алғанда, Кувейт Мемлекетiнiң аумағын бiлдiредi;
d) «тұлға» термині кез келген жеке тұлғаны немесе компанияны және тұлғалардың кез келген басқа бiрлестiгiн қамтиды;
е) «ұлттық тұлға» термині мыналарды:
  (i) Уағдаласушы мемлекеттiң азаматтығын алған кез келген жеке тұлғаны;
  (ii) өз мәртебесiн Уағдаласушы мемлекеттiң қолданыстағы заңнамасының негiзiнде алған кез келген заңды тұлғаны, әрiптестiкті немесе қауымдастықты бiлдiредi;
f) «компания» термині салық салу мақсаттары үшiн корпоративтік бiрлестiк ретiнде қарастырылатын кез келген корпоративтік құрылымды немесе кез келген экономикалық бiрлiктi бiлдiредi;
g) «Уағдаласушы мемлекеттiң кәсiпорны» және «екiншi Уағдаласушы мемлекеттiң кәсiпорны» терминдері тиiсiнше Уағдаласушы мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
h) «халықаралық тасымал» термині теңiз немесе әуе кемесi екiншi Уағдаласушы мемлекеттегi пункттер арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы мемлекеттiң кәсiпорны пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiмен кез келген тасымалды бiлдiредi;
i) «салық» термині түпмәтiнге байланысты қазақстандық немесе кувейттiк салықты бiлдiредi;
j) «құзыреттi орган» термині мыналарды:
  (i) Қазақстан жағдайында: Қаржы министрлігiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн;