Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Рубрики:
Международные










Международные
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы» қаулы жобасына құжаттама
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы жобалары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бахыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 шілдедегі N 719 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы « » № қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі, табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім жасасуға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісім қолданылатын тұлғалар
Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап
Келісім қолданылатын салықтар
1. Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның орталық жергілікті билік органдарының атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға, оларды алу әдісіне қарамастан қолданылады.
2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жекелеген элементтерінен алынатын кәсіпорындар төлейтін қызмет ақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын, сондай-ақ капитал құнының өсіміне салынатын салықтардың барлық түрлері табысқа салынатын салықтар болып есептеледі.
3.Мыналар, атап айтқанда:
а) Қазақстан Республикасында:
(і) корпоративтік табыс салығы;
(іі) жеке табыс салығы;
(бұдан әрі «Қазақстан салығы» деп аталады); және
а) Хорватия Республикасында:
(і) пайдаға салынатын салық;
(іі) табыс салығы;
(ііі) осы салықтардың біреуінен өндіріп алынатын жергілікті табыс салығы және кез келген басқа айыппұл;
(бұдан әрі – «Хорват салығы» деп аталады, осы Келісім қолданылатын қолданыстағы салықтарт болып табылады.
4. Осы Келісім Келісімге қол қойылған күннен кейін қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына алынатын бірдей немесе мәні бойынша ұқсас кез келген салықтарға да қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары өздерінің тиісті салық заңнамаларындағы кез келген елеулі өзгерістер туралы бірін-бірі хабардар етеді.
3-бап
Жалпы анықтамалар
1. Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, осы Келісімнің мақсаттары үшін:
a) «Қазақстан» термині Қазақстан Республикасын білдіреді және географиялық мағынасында пайдаланған кезде «Қазақстан» термині оның заңнамасына және өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан өзінің егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын аймақтарды қамтиды;
b) «Хорватия» термині Хорватия Республикасының аумағын, сондай-ақ Хорватия Республикасы халықаралық құқыққа және Хорватия Республикасының заңнамаларына сәйкес өзінің егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын теңіз түбі мен жер қойнауын қоса алғанда, аумақтық сулардың сыртқы шекараларына шектес теңіз аймағын білдіреді;
с) «Уағдаласушы Мемлекет» және «екінші Уағдаласушы Мемлекет» терминдері түпмәтінге қарай Қазақстанды немесе Хорватияны білдіреді;
d) «салық» термині түпмәтінге қарай Қазақстан салығын немесе Хорват салығын білдіреді;
е) «тұлға» термині жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бірлестігін қамтиды;
f) «компания» термині салық салу мақсаттары үшін корпоративтік құрылым ретінде қарастырылатын кез келген корпоративтік құрылымды немесе кез келген экономикалық бірлікті білдіреді;
g) «Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны» және «екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны» терминдері тиісінше Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды білдіреді;
һ) «халықаралық тасымал» термині теңіз, әуе кемесі немесе рельссіз автокөлік тек екінші Уағдаласушы Мемлекеттің пункттері арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны пайдаланатын теңіз, әуе кемесімен немесе рельссіз автокөлікпен кез келген тасымалды білдіреді;
(і) «құзыретті орган» термині:
(і) Қазақстанда: Қаржы министрлігін немесе оның уәкілетті өкілін;
(іі) Хорватияда: Қаржы министрлігін немесе оның уәкілетті өкілін білдіреді;
j) «ұлттық тұлға» термині:
(і) Уағдаласушы Мемлекеттің азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
(іі) Уағдаласушы Мемлекеттің қолданыстағы заңнамасының негізінде осындай мәртебе алған кез келген заңды тұлғаны, серіктестікті немесе қауымдастықты білдіреді;
2. Уағдаласушы Мемлекет осы Келісімді қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, Келісім қолданылатын салықтарға қатысты осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша сол кезде қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаны иеленеді, терминнің осы Уағдаласушы Мемлекеттің қолданылатын салық заңнамасы бойынша кез келген мағынасы осы Уағдаласушы Мемлекеттің басқа заңдары бойынша терминге берілетін мағынадан басым болады.
4-бап

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |