• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысы

Осы редакция 05.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-6), 38-7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары бекітілсін.
2. «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 261 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 353-құжат.) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаларға сәйкес есептеледі:
B = Bтэ + Bээ , [тонна],
мұндағы:
B – энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы;
Bжэ – жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы;
Bээ – электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы.
Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысының мөлшерін айқындау.
Bжэ = Bжэ шарт / Э, [тонна];
мұндағы:
Bжэ шарт – жылу энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы [шартты отынның тоннасы];
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялы коэффициенті:
Э = Qр т / 7000,
мұндағы:
Qр т – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];
7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].
Bжэ шарт = Qтәу * bт * 10-3 , [шартты отынның тоннасы],
мұндағы:
Qтәу – тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];