• Мое избранное

Отправить по почте

«Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 9516 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
2014 жылғы 21 тамыздағы02-20/239 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі - жоба) қарап, мынадай ұсыныстар мен ескертулерді жолдаймыз.
Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) рельстік көлік құралдарын пайдалану, оның ішінде инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, жылжымалы құрамды және арнайы жылжымалы құрамды жөндеу тәртібін белгілеуге тиіс. Осыған байланысты, Қағидаларға «Трамвайды техникалық пайдалану тәртібі» бөлімі бойынша мынадай тарауларды қосуды ұсынамыз:
1. Вагондардың бағыттағы қозғалысын реттеу.
2. Түрлендіргіш электрлік тарту кіші станциялары.
3. Құрылыстар және сигнализация құрылғылары.
4. Байланыс
Қосымша: 51 парақта.
Басқарма мүшесі –  Басқарма Төрағасының орынбасары Г. Курбанбаева
2014 жылғы «___» тамыздағы № ____ хатқа қосымша
Рельстік көліктік құралдарын техникалық эксплуатация ережлерінде (бұдан әрі - Жоба), мынадай ұсыныстар мен ескертулерді енгізуге ұсынамыз.  
Жақшаның ешінде КАПГЭТ-тің алағышқы рет ұсынған жобасына сәйкес номер көрсетілген.
1. Жобаның 166-тармағынан кейін мынадай редакциядағы 4 жана тармақтарды жазуды ұсынамыз:
«166-1. (349.) Трамвай көлігін пайдалануға байланысты рельс көліктік құралдар (бұдан әрі- РКҚ) ұйымының (кәсіпорынның) әрбір қызметкерінің осы Қағидаға, техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қауіпсіздік ережелеріне, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулық және ішкі еңбек тәртібі бойынша білім алады және аттестаттаудан өтеді.  
166-2. (350.) Осы Қағидаларды білуін жүйелі тексеру үшін РКҚ ұйымында комиссия құрылады. Кәсіпорынның басшысы, оның орынбасары, РКҚ ұйымының бас инженері және құрылымдық бөлімшелердің басшылары Комиссия төрағасы бола алады.
166-3. (351.) Кәсіп тізбесі, білімін тексеруді қажет ететін жұмыс, тексеру кезеңділігі және емтихан алушы комиссияның құрамын РКҚ ұйымының басшысы бекітеді.  
166-4. (352.) Трамвай көлігінің тікелей өндіріс учаскелерінде жұмысты ұйымдастыру және жүргізуге байланысты, сондай-ақ бақылау және техникалық қадағалауды жүзеге асырушы басшылары мен мамандарының, осы Қағида бойынша білімдері үш жылда кемінде бір рет, жүргізушілер мен жөндеу персоналы жылына кемінде бір рет тексеріледі.»
2. Жобаның 167-тармағынан кейін мынадай редакциядағы 7 жана тармақтарды жазуды ұсынамыз:
«167-1. (354) Әдеттегідей, депо, жөндеу шеберханалары мен тұрақтарды 1,6 м биіктігімен тұтас қоршау арқылы бір жер теліміне орналастырған жөн.
167-2. (355) Тұрақ деподағы бар тексеру және жөндеу вагон орындарының санын және жоспар бойынша басқа кәсіпорындарда жөндеуде тұрған жылжымалы құрам санын шегергенде, депоға тіркелінген барлық жылжымалы құрамды бір мезгілде орналастыруға арналуы тиіс.  
167-3. (356) Тұрақты асфальт-бетонды немесе цемент төсеммен жоспарлануы тиісм. Трамвай жолдарының бойлық еңістері 2,5‰-дан аспауы тиіс.  
167-4. (357) Депо аумағына трамвай вагондары қозғалысының шекті кедергісін өлшеу үшін жеке учаске қарастыру қажет.
167-5. (358) Тұрақ ашық және жабық екі типті болады. Вагондарға арналған жабық тұрақ бес күнде минус 30 С және төмен температурасы біршама суық қалалар үшін депо жобаланған жағдайда көзделеді.
167-6. (359) Депо аумағына трамвай вагондары үшін бөлек кірер және шығар жолды (негізгі және резервті) қарастыру тиіс. Депо жағынан жолдың жүретін бөлігіндегі қозғалыс бағыты бойымен санағанда кірер жол негізгі шығар жолдан бұрын өтуі тиіс. Шығар жолда әрі-бері өтетін, ал шығар жолда (негізгісінде) бақылау пункті болуы тиіс.
168-7. (360) Депо аумағына кірер немесе одан шығар жолға арналған қақпалар шеткі сызықтан трамвай вагоны шанағы ұзындығынан кем емес шегіну арқылы орналасуы тиіс.
3. Жобаның 170-тармағынан кейін мынадай редакциядағы 7 жана тармақтарды жазуды ұсынамыз:
170-1. (364) Ғимарат қақпаларындағы жұмысшылардың өтуіне арналған кішкене қақпа ғимараттан шығу бағытында ашылуы тиіс, кішкене қақпаның ені 0,8 м-ден кем болмауы тиіс.
170-2. (365) Трамвай рельсінің басынан жетекші құрылым жамылғысына дейін вагондардың жабық тұрағы жайының биіктігі 5,5 м кем емес.
170-3. (366) Депода техникалық қызмет көрсету, ағымдағы ағытып жөндеу, цехтарын, бас механиктің жайлары мен шеберхана бөлімдерін, қойма жайларын қарастыруы тиіс.
Өндірістік және қосалқы құрам жобаның технологиялық бөлігімен нақтылануы тиіс.
170-4. (367) Депо жайының биіктігі кемінде метрде:
  Өндірістік                     3,0 м;
  Ағаш ұста және ұста-рессорлық бөлімше        4,0 м;
Трамвай вагондары кіргізілетін жайлар:
  Түйіспе сымдары болмағанда                   4,5 м;
Түйіспе сымдары болғанда 5,85 м.
170-5. (368) Ғимараттарда трамвай вагондарына техникалық қызмет көрсету аймақтарында негізінен жыралар мен еден бетіндегі жерлерге жұмыс бекеттерін қарастыруға рұқсат етіледі. 
Жоспарда жыралар мен шұңқыр жанын орналастыру техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің қабылданған технологияларына сәйкес белгіленеді.
Жыра тереңдігі 1,4 м, вагонның ернеу бөлігіне орналасқан жабдыққа қызмет көрсету үшін шұңқыр тереңдігі - 0,8 м болуы тиіс.
170-6. (369) Жыра ені кемінде 1,35 м болуы тиіс. 
Жыралар ұзындығы мен арналғанынан тәуелсіз жыра үстінде тұрған вагон габаритімен жабылмаған екі шығар жол болуы тиіс. Жыра ұзындығы бір вагондық орын болғанда, шыға берістерінің бірі (қосалқы) жыраның сыртқы қабырғасында металл қапсырма түрінде орындауға рұқсат етіледі. 
170-7. (370) Диагностикалық және тексеру бөлімшелерінің жыралары мен тегістемелері су өткізу үшін кәріздендірілуі тиіс. Тексеру аймағын бөлу үшін 40,0 м ұзынырақ байқау жырасы артық ені 0,8 м-ден кем емес өтпе көпіршесі қарастырылады. Дәнекерлеу жұмыстарына арналған жыра ғимараттан тыс орналастырылады.
170-8. (371) Бояу бөлімшелерінің құрамында вагондарды дайындау, бояу және кептіру және сырларды дайындау жайлары қарастырылады. Әдетте, бояу бөлімшелеріне тура өтпе болуы тиіс. 
Вагондарды камералық кептіру кезінде, бояу жайын бөлмеуге болады.
170-9. (372) Аккумуляторлық шеберхананы орналастыру кезінде, екі жай қарастырылады: 
бірі – электролитті дайындау учаскесімен жөндеу үшін,