«Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2-1), 5) және 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте
«Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2-1), 5) және 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтiмдерiнде почта мөртабанын қолдану қағидалары н бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 339-бет, Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 5, 50-бет):
осы қаулымен бекітілген Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленді және почта операторлары, Ұлттық почта операторы мен тағайындалған оператор пайдаланушыларға почта байланысы қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) почта байланысының әмбебап қызметтерін көрсету, олар почта жәшіктерінен жиналып алынған және (немесе) операциялық терезелер арқылы қабылданған жай хаттарды, почталық карточкаларды және бандерольдерді жіберуді білдіреді;»;
3-тармақта:
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Дүниежүзілік почта одағы (бұдан әрі - ДПО) – аумағында халықаралық почта жөнелтімдерімен өзара алмасу үшін біртұтас почта аумағын құрайтын мүше-елдерден тұратын, мақсаты почта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым;
6) Дүниежүзілік почта одағының актілері (бұдан әрі - ДПО актілері) –Дүниежүзілік почта одағының Конгресінде Дүниежүзілік почта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) халықаралық почта жөнелтімі – Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге жіберу үшін қабылданатын, Қазақстан Республикасының аумағына келіп түсетін не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін және ДПО Актілерінде көзделген құжаттармен бірге жүретін почта жөнелтімі;»;
2-бөлім мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Тағайындалған оператор және почта операторы халықаралық почта жөнелтімін ДПО актілерінде көзделген ілеспе құжаттарымен қамтамасыз етеді.
Осындай жөнелтімдерді ресімдеу осы Қағидаларда және ДПО актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. Бағдарлар мен көліктің жүру кестесін құрастыру Ұлттық почта операторымен қолданыстағы әмбебап почта байланысы қызметтерінің сапа параметрлеріне, почта жөнелтімдерін өңдеу, тасымалдау және жеткізудің ішкі нормативтері мен бақылау мерзімдеріне сәйкес жасалады.»;
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«100. Халықаралық почта жөнелтімін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) тапсыру, жеткізу және (немесе) табыс ету бойынша операцияларды тағайындалған оператор және почта операторлары ДПО актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау кезінде ішкі почта жөнелтімдерінде жіберуге тыйым салуда қойылатын талаптарынан басқа, қосымша ДПО ақпаратын (циркуляры) негізінде баратын елде қолданылатын тыйымдар туралы мәліметтерді басшылыққа алу қажет.»;
148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«148. Почта операторы почта байланысы қызметінің төлемақы көлемін, сондай-ақ почта жөнелтімдерін жіберуде қолданылған (әуе немесе жерүсті жолымен) әдіске байланысты белгілейді (уәкілетті органмен бекітілетін әмбебап қызметтердің тарифтерінен басқа).»;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 50, 575-бет):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторының (бұдан әрi - Ұлттық почта операторы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес почта байланысының әмбебап қызметтерiн, арнайы байланыс қызметтерiн ұсыну, қаржылық қызметтi және қаржылық қызметтер көрсетудi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелерiне байланысты өкiлеттiктерiн, негiзгi мiндеттерi мен функцияларын белгiлейдi.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кез келген елдi мекенде кез келген пайдаланушыға почта байланысы саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келетiн почта байланысының әмбебап қызметтерiн ұсынады;»;
«8. Почта байланысының әмбебап қызметтерiнiң қолжетiмдiлiк деңгейi жөнiндегi берiлген сапа параметрлерiн орындау мақсатында Ұлттық почта операторы:».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы « » №___
қаулысымен
бекітілді
Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында почта қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету және Дүниежүзілік почта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында тағайындалған операторды тағайындау және оның өкілеттігін кері қайтарып алу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мына негізгі ұғымдар қолданылады:
1) Дүниежүзілік почта одағы – халықаралық почта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін аумақтары біртұтас почта аумағын құрайтын мүше мемлекеттерден тұратын, мақсаты почта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым;
2) Дүниежүзілік почта одағының актілері – Дүниежүзілік почта одағының Конгресінде Дүниежүзілік почта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар;
3) почта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде почта байланысы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, почта операторларының қызметiн мемлекеттiк бақылауды, үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) почта байланысының стационарлық бөлімшесі – бүкіл пайдаланушыларға почта байланысы қызметтерін ұсынуға жабдықталған және арналған жылжымайтын мүлік объектісінде орналасқан операциялық терезе (терезелер) түріндегі почта операторының өндірістік объектісі;
5) почта байланысының жылжымалы бөлімшесі – бүкіл пайдаланушыларға почта байланысы қызметтерін ұсынуға жабдықталған және арналған көлік құралдарының базасында, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттар бойынша құрылатын почта операторының өндірістік объектісі;
6) тағайындалған оператор – почталық қызметтерді пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік почта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау үшін уәкілетті орган тағайындайтын почта операторы;
7) почта операторы – почта жұмысы саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға.
2. Тағайындалған операторды тағайындау тәртібі
3. Уәкілетті орган тағайындалған оператор почта операторын тағайындау мақсатында почта операторларынан өтінімдерін қабылдайды. Почта операторының өтініш берудің тәртібі туралы ақпарат уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
4. Уәкілетті орган почта операторынан өтініштерді жұмыс күндері қабылдайды. Уәкілетті органның мекенжайы және байланыс мәліметтері уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
5. Почта операторы уәкілетті органға өтінімды осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынады.
6. Почта операторы өтініммен бірге мына құжаттарды ұсынады:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың немесе жеке кәсіпер анықтамасының көшірмесі;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (жарғы немесе құрылтай шарт) көшірмесі;
3) осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;
4) мынадай растайтын құжаттар:
почта байланысының стационарлық (аудандық маңызы бар және одан жоғары мәртебеге ие елді-мекендерде), жылжымалы бөлімшелерінің және почтальондардың (аудандық маңызы бар мәртебеден төмен елді-мекендерде) саны мен орналасқан жері;
Қазақстан Республикасының барлық елді-мекендерінде почта жәшіктерінің саны мен орналасқан жері;
барлық пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының аумағында барлық ауылдық елді мекендерде почта байланысының қызметтерін ұсыну кезінде қолданылатын почта бағыттары (қолданылатын – жеке және жалдамалы көлікті көрсете отырып);
почта жәшіктерінен хаттарды жинап алу, почтаны тасымалдау, жазбаша хат-хабарды және посылкаларды жеткізу жылдамдығы мен жүйелігі (хаттарды жинап алу, почтаны тасымалдау, жазбаша хат-хабарды және посылкаларды жеткізу графиктері).
почта операторының кіріс және шығыс халықаралық почта жөнелтімдерін өңдеуді жүзеге асыру және басқа халықаралық почта жөнелтімдерін транзиттеу үшін, сондай-ақ көрсетілген жөнелтімдерді кеден органдары кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін көзделген тиісті объектісі;
7. Почта операторындағы ұсынылатын құжаттар құпия болған жағдайда, онда олардың сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасын ететін арналар бойынша оларды жіберуге құқылы.
8. Уәкілетті орган почта операторларынан өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан соң отыз күнтізбелік күн ішінде ұсынылған өтінімдер мен қоса берілген құжаттарды қарастырады.
9. Почта операторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізімін ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде өтінім берген почта операторына себептерін көрсете отырып почта операторын тағайындаудан жазбаша дәлелді бас тартуын жібереді.
Почта операторы уәкілетті органға тиісті ескертулерді жойып қайта өтініш береді.
10. Өтінімді қараудың оң қорытындысы болған жағдайда, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде тағайындалған оператор ретінде почта операторын тағайындайтыны туралы шешім қабылдайды және тағайындалған оператор ретінде өтінім берген почта операторына тағайындалған оператор ретінде почта операторына жазбаша хабарламайды.
11. Уәкілетті орган тағайындалған оператор почта операторын тағайындау туралы бұйрық шығарған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде ДПО Халықаралық бюросын почта қызметін пайдалану және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ДПО актілерін қолданудан туындайтын міндеттемелерді орындау үшін ресми түрде тағайындалған почта операторының атауы және мекен-жайы туралы ресми хабарлайды.
Тағайындалған оператор туралы және (немесе) олардың саны жөнінде мәліметтер өзгерсе уәкілетті орган он күнтізбелік күн ішінде ДПО Халықаралық бюросын ресми хабарлайды.
3. Почта операторынан тағайындалған оператор өкілеттігін кері қайтарып алу тәртібі
12. Уәкілетті орган тағайындалған оператордың әрікетін тексеруді ақпараттар және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды сұрату арқылы:
1) тағайындалған оператор ретінде өз қызметін жүзеге асыру барысында тағайындалған оператор үшін почта байланысы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ДПО актілерімен белгіленген бір немесе бірнеше міндеттемелерді тағайындалған оператор сақтамағаны туралы куәландыратын деректер анықталған;
2) жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан тағайындалған оператор қызметіне шағымдар мен өтініштер келіп түскен жағдайда жүргізеді.
13. Уәкілетті орган жүргізген тексеру қорытындысы тағайындалған оператор өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ДПО актілерімен белгіленген нормаларды сақтамау фактісін растаған жағдайда, уәкілетті орган жүргізілген тексеру аяқталған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей мерзімінде тағайындалған операторға анықталған бұзушылық туралы жазбаша хабарламаны жібереді.
14. Тағайындалған оператор екі ай мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, уәкілетті орган тағайындалған операторға он күнтізбелік күн ішінде почта операторынан тағайындалған оператор өкілеттігін кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Почта операторының өтінішті жолдауы тағайындалған оператор құзыретін кері қайтаруға итермелеген бұзушылықтарды жойғаннан кейін мүмкін болады.
_______________
Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
______________________
(уәкілетті орган)
Тағайындалған оператор почта операторын тағайындауы үшін өтінім
___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның атауы) БСН/ЖСН__________________________________________________________
Заңды мекен-жайы __________________________________________________
Нақты мекен-жайы __________________________________________________
_____________________________________________________________атынан
(заңды тұлғаның басшысы)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
тағайындалған оператор етіп _____________________________ (почта операторының атауын көрсету) тағайындауды сұрайды және
___________________________________________________________________ (нормативтік құжаттың атауы және белгілеу) сәйкес өтініш беру сәтінде әрекет ететін тағайындалған оператор үшін белгіленген барлық талаптарға сәйкестігін растайды.
Қоса берілетін құжаттар:
___________________________/_____________________________
М.о.
20____ж. «____»______________________
Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидаларына № 2-қосымша
Нысан
Тағайындалған оператор почта операторын тағайындауы үшін сауалнама
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның атауы
____________________________________________________________________
БСН
____________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы
1-бөлім. Бизнесті ұйымдастыру
1.01-кіші бөлім. Ұйымдастырушылық сипаттама
| 1.01 | сауал | көрсеткіш | жауап |
| 1. | Көрсетіңіз Құрылтайшылардың, акционерлердің ТАӘ (заңды тұлғаның атауы) | Мәртебесі (құрылтайшы; ТАӘ (жеке тұлғалар үшін) |
|
| 2. | Заңды тұлға басшыларының, орынбасарларының (оның ішінде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларының, орынбасарларының) ТАӘ, ЖСН көрсетіңіз | Атқаратын лауазымы - |
|
| 3. | Заңды тұлға қызметінің негізгі түрін көрсетіңіз | Заңды тұлғаның жарғысына сәйкес қызметтің түрі |
|
| 4. | Көрсетіңіз : (олар болған жағдайда) С. Ұйымдастыру-құқықтық нысан, D. Почта байланысының өндірістік объектілерінің атауы, орналасқан жері
| А. Сандық көрсеткіш С. Ұйымдастыру-құқықтық нысан, (филиал, орналасқан жері |
|
1.02-кіші бөлім. Почта байланысы қызметтерін көрсету мәселелері бойынша заңды тұлғаның ішкі ұйымы
| 1.02 | сауал | көрсеткіш | жауап |
| 1 | Көрсетіңіз А. Заңды тұлғаның штатында қанша адам жұмыс істейді? В. Почта байланысының өндірістік объектілерінің штатында қанша адам жұмыс істейді? | А. Сандық көрсеткіш В. Сандық көрсеткіш |
|
| 2 | Көрсетіңіз : А. Почта байланысы қызметтерін ұсынуға арналған және жабдықталған почта байланысының өндірістік объектілерінің саны. В. Почта байланысы қызметтерін ұсынуға арналған және жабдықталған почта байланысының өндірістік объектілерінің орналасқан жері. | А. Сандық көрсеткіш В. Атауы, заңды мекен-жайы, нақты мекен-жайы |
|
| 3 | А. Кіріс және шығыс халықаралық почта жөнелтімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ көрсетілген жөнелтімдерді кеден органдары кедендік бақылаудан өткізетін өндірістік объектілердің саны. В. Кіріс және шығыс халықаралық почта жөнелтімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ көрсетілген жөнелтімдерді кеден органдары кедендік бақылаудан өткізетін өндірістік объектілердің орналасқан жері. | А. Сандық көрсеткіш В. Орналасқан жері , атауы |
|
| 4 | Әр өңірдегі почта жәшіктерінің санын көрсете отырып Қазақстан Республикасының аумағындағы почта жәшіктерінің саны және орналасқан жері
| Әр өңір бойынша сандық көрсеткіш |
|
| 5 | Көрсетіңіз : А. Астана, Алматы қалаларында және облыс орталықтарында почта жәшіктерінен хаттарды жинап алу жиілігі; В. Әкімшілік аудан орталықтарында және қалаларда почта жәшіктерінен хаттарды жинап алу жиілігі; С. Ауылдық елді мекендерде почта жәшіктерінен хаттарды жинап алу жиілігі. | А. Хаттарды жинап алу графигі В. Хаттарды жинап алу графигі |
|
| 6 | Көрсетіңіз : А. Магистральды желілер (облысаралық бағыттар) арқылы почтаны тасымалдау жиілігін; В. Облысаралық бағыттар бойынша почтаны тасымалдау жиілігі; С. Ауданаралық бағыттар бойынша почтаны тасымалдау жиілігі. | А. Почтаны тасымалдау г рафи гі В. Почтаны тасымалдау г рафи гі |
|
| 7 | Көрсетіңіз : А. Астана, Алматы қалаларында және облыс орталықтарында жазбаша хат-хабарды жеткізу жиілігі; В. Әкімшілік аудан орталықтарында және облыс бағынысындағы қалаларда жазбаша хат-хабарды жеткізу жиілігі. | А. Жазбаша хат-хабарды жеткізу г рафи гі В. Жазбаша хат-хабарды жеткізу г рафи гі |
|
2-бөлім. Заңды тұлғаның почта байланысы қызметтерін көрсету мәселелері бойынша есепке алу және логитика жүйесі
| 2.01 | сауал | көрсеткіш | жауап |
| 1 | Сізде хаттарды жинап алу, почтаны тасымалдау және жазбаша хат-хабарды жеткізу жиілігі бойынша почта байланысы қызметтері сапасының көрсеткіштері сақталуын ішкі бақылау жүйесі бар ма? | Керегінің астын сызу | ИӘ / ЖОҚ * |
| 2 | Әдетте, өз қызметіңізде қандай көлік түрін пайдаланасыз? | Көлік түрі |
|
___________________________/_____________________________
М.о.
20____ж. «____»______________________
«Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу тәртібін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
| № | Баптың құрылымы | Қолданыстағы редакция | Ұсынылатын редакция | Негіздеме /т үсініктеме | |
| « Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтiмдерiнде почта мөртабанын қолдану қағидалары н бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысы | |||||
| Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары | |||||
| 1 | 1 -тармақ | 1. Осы Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына , Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттарына сәйкес әзірленген және почта операторларының пайдаланушыларға почта байланысы қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды. | 1. Осы Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына , Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленді және почта операторлары, Ұлттық почта операторы мен тағайындалған оператор пайдаланушыларға почта байланысы қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды. | «Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес келтіру | |
| 2 | 2-тармақтың 1) тармақшасы | 2. Почта байланысыны ң қ ызмет к ө рсетуіне мыналар жатады: 1) почта байланысыны ң барш а ғ а қ олжетімді қ ызметтерін к ө рсету, олар почта ж ә шіктерінен жиналып алын ғ ан ж ә не (немесе) операциялы қ терезелер ар қ ылы қ абылдан ғ ан жай хаттарды, почталы қ карточкаларды ж ә не бандерольдерді жіберуді білдіреді; | 2. Почта байланысыны ң қ ызмет к ө рсетуіне мыналар жатады: 1) почта байланысыны ң әмбебап қ ызметтерін к ө рсету, олар почта ж ә шіктерінен жиналып алын ғ ан ж ә не (немесе) операциялы қ терезелер ар қ ылы қ абылдан ғ ан жай хаттарды, почталы қ карточкаларды ж ә не бандерольдерді жіберуді білдіреді; | «Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес сөздерді ауыстыру | |
| 3 | 3-тармақ 5) тармақша | 5) Дүниежүзілік почта одағы (ДПО) – почта байланысы саласындағы халықаралық ұйым; | 5) Дүниежүзілік почта одағы (бұдан әрі - ДПО) – аумағында халықаралық почта жөнелтімдерімен өзара алмасу үшін біртұтас почта аумағын құрайтын мүше-елдерден тұратын, мақсаты почта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым; | «Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес сөздерді ауыстыру | |
| 4 | 3-тармақ 6) тармақша | Дүниежүзілік почта одағының актілері ( бұдан әрі - ДПО актілері) – Дүниежүзілік почта одағының Жарғысы, Жалпы регламенті, Дүниежүзілік почта конвенциясы, Жазбаша хат-хабарлар регламенті, Почталық посылкалар регламенті, Почта төлемдерінің қызметі туралы келісім және Келісімнің регламенті; | 6) Дүниежүзілік почта одағының актілері (бұдан әрі - ДПО актілері) –Дүниежүзілік почта одағының Конгресінде Дүниежүзілік почта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар; | ||
| 5 | 3-тармақ 25) тармақша | 25) халықаралық почта жөнелтімі – ДПО-ға мүше елдердің аумағы шегінде алушыға жіберу және жеткізіп беру үшін қабылданатын жөнелтім; | 25) халықаралық почта жөнелтімі – Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге жіберу үшін қабылданатын, Қазақстан Республикасының аумағына келіп түсетін не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін және ДПО Актілерінде көзделген құжаттармен бірге жүретін почта жөнелтімі; | ||
| 6 | 2 -бөлім | 2. Пайдаланушылар ғ а қ ызмет к ө рсетуді ұ йымдастыру бойынша талаптар ж ә не операциялы қ к ү нді ө ткізу т ә ртібі Жоқ | 2. Пайдаланушылар ғ а қ ызмет к ө рсетуді ұ йымдастыру бойынша талаптар ж ә не операциялы қ к ү нді ө ткізу т ә ртібі 8-1. Та ғ айындал ғ ан оператор ж ә не почта операторы халы қ аралы қ почта ж ө нелтімін ДПО актілерінде к ө зделген ілеспе құ жаттарымен қ амтамасыз етеді. Осындай ж ө нелтімдерді ресімдеу осы Қ а ғ идаларда ж ә не ДПО актілерінде белгіленген талаптар ғ а с ә йкес ж ү ргізіледі. | «Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес келтіру | |
| 7 | 75-тармақ | 75. Бағдарлар мен көліктің жүру кестесін құрастыру Ұлттық почта операторымен қолданыстағы баршаға қолжетімді почта байланысы қызметтерінің сапа параметрлеріне, почта жөнелтімдерін өңдеу, тасымалдау және жеткізудің ішкі нормативтері мен бақылау мерзімдеріне сәйкес жасалады. | 75. Бағдарлар мен көліктің жүру кестесін құрастыру Ұлттық почта операторымен қолданыстағы әмбебап почта байланысы қызметтерінің сапа параметрлеріне, почта жөнелтімдерін өңдеу, тасымалдау және жеткізудің ішкі нормативтері мен бақылау мерзімдеріне сәйкес жасалады. | Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес сөздерді ауыстыру | |
| 8 | 100 -тармақ | 100. Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау кезінде ішкі почта жөнелтімдерінде жіберуге тыйым салуда қойылатын талаптарынан басқа, оларға қосымша ДПО ақпаратына (циркулярына) сүйеніп, баратын елдегі қолданылатын тыйымдар туралы мәліметтерді басшылыққа алу қажет. | 100. Халықаралық почта жөнелтімін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) тапсыру, жеткізу және (немесе) табыс ету бойынша операцияларды тағайындалған оператор және почта операторлары ДПО актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау кезінде ішкі почта жөнелтімдерінде жіберуге тыйым салуда қойылатын талаптарынан басқа, қосымша ДПО ақпаратын (циркуляры) негізінде баратын елде қолданылатын тыйымдар туралы мәліметтерді басшылыққа алу қажет .».
| «Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес келтіру | |
| 9 | 148-тармақ | 148. Почта операторы почта байланысы қызметінің төлемақы көлемін, сондай-ақ почта жөнелтімдерін жіберуде қолданылған (әуе немесе жерүсті жолымен) әдіске байланысты белгілейді (уәкілетті органмен бекітілетін баршаға қолжетімді қызметтердің тарифтерінен басқа). | 148. Почта операторы почта байланысы қызметінің төлемақы көлемін, сондай-ақ почта жөнелтімдерін жіберуде қолданылған (әуе немесе жерүсті жолымен) әдіске байланысты белгілейді (уәкілетті органмен бекітілетін әмбебап қызметтердің тарифтерінен басқа). | Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес сөздерді ауыстыру | |
| «Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1386 қаулысы | |||||
| Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ереже | |||||
| 10 | 1 тармақ | 1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторының (бұдан әрi - Ұлттық почта операторы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметтерiн, арнайы байланыс қызметтерiн ұсыну, қаржылық қызметтi және қаржылық қызметтер көрсетудi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелерiне байланысты өкiлеттiктерiн, негiзгi мiндеттерi мен функцияларын белгiлейдi. | 1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторының (бұдан әрi - Ұлттық почта операторы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес почта байланысының әмбебап қызметтерiн, арнайы байланыс қызметтерiн ұсыну, қаржылық қызметтi және қаржылық қызметтер көрсетудi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелерiне байланысты өкiлеттiктерiн, негiзгi мiндеттерi мен функцияларын белгiлейдi. | «Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес сөздерді ауыстыру | |
| 11 | 4-тармақтың 1) тармақшасы | 4. Ұ лтты қ почта операторы: 1) кез келген елдi мекенде кез келген пайдаланушы ғ а почта байланысы саласында ғ ы у ә кiлеттi органны ң нормативтiк құқ ы қ ты қ кесiмдерiнi ң талаптарына с ә йкес келетiн почта байланысыны ң барша ғ а қ олжетiмдi қ ызметтерiн ұ сынады; ... | 4. Ұ лтты қ почта операторы: 1) кез келген елдi мекенде кез келген пайдаланушы ғ а почта байланысы саласында ғ ы у ә кiлеттi органны ң нормативтiк құқ ы қ ты қ кесiмдерiнi ң талаптарына с ә йкес келетiн почта байланысыны ң әмбебап қ ызметтерiн ұ сынады; ... | «Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес сөздерді ауыстыру | |
| 12 | 8-тармақтың бірінші абзацы | 8. Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметтерiнiң қолжетiмдiлiк деңгейi жөнiндегi берiлген сапа параметрлерiн орындау мақсатында Ұлттық почта операторы: ... | 8. Почта байланысының әмбебап қызметтерiнiң қолжетiмдiлiк деңгейi жөнiндегi берiлген сапа параметрлерiн орындау мақсатында Ұлттық почта операторы: ... | «Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес сөздерді ауыстыру | |
Министр Ә. Исекешев
2014 жылғы «___» ___________
«Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына түсіндірме жазба
Министр Ә. Исекешев
2014 жылғы «___» ___________

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |