Toggle Dropdown
Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдарының басшылары, мамандары, қызметшілері мен өнеркәсіптік-өндірістік персоналы санының типтік нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9632 тіркелді
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-б бұйрығымен бекітілген Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1)мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдарының басшылары, мамандары мен қызметшілері санының типтік нормативтері;
2)мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдарының өнеркәсіп - өндірістік персоналы санының типтік нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн аспайтын мерзімнен кешіктірмей «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық тасымалдағышта жолдауын;
4)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
______________ Т. Дүйсенова
2014 жылғы 20 маусым
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ
министрінің
2014 жылғы 11 маусымдағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілді
Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдар басшылары, мамандары мен қызметшілері санының типтік нормативтері
1. Осы Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдар басшылары, мамандары мен қызметшілері санының типтік нормативтері (бұдан әрі – нормативтер) мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдар басшылары, мамандары мен қызметшілері санының типтік нормативтері қызметшілердің қажетті санын анықтау және негіздеуге арналған.
2.Нормативтер әзірлеудің негізіне:
2) құбырлар бойынша мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
3) басқарудың қолданыстағы құрылымына талдау, қызметкерлерді нақты орналастыру алынғандар.
3.Нормативтерді әзірлеу кезінде:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 15 бұйрығымен бекітілген Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдардың (кәсіпорындардың, компаниялардың) басшылары, мамандары мен қызметкерлері санының типтік нормативтері;
2)орындалатын жұмыс көлеміне басшылардың, мамандар мен қызметшілердің жұмыс күнінің өзіндік келбетін жасау карталарымен белгіленген уақыт жұмсау мәнін талдау;
3)құрылымдық бөлімшелер туралы қолданыстағы ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтар пайдаланылды.
4.Нормативтер осы нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес экономикалық-математикалық әдістер пайдаланылып, басқарудың барлық орындалатын міндеттеріне есептелді.
5.Басқарудың әрбір міндетіне есептелген нормативтер ұйымдарды басқарудың әлдебір деңгейінде міндеттерді орындаумен айланысатын басшыларды, мамандар мен қызметшілерді қамтиды және мынадай факторларға қарай анықталған:
1)ұйым қызметкерлерінің тізімдік саны, адам;
2)мұнай тасымалдаудың миллион тонна және су жіберудің миллион текше метр жылдық көлемі;
3)мұнай және су құбырларының ұзындығы, километр;
4)негізгі қорлар құны, миллион айлық есептік көрсеткіштер;
5)күрделі құрылыс және күрделі жөндеу көлемі, миллион айлық есептік көрсеткіштер;
6)ұйымның орталық аппараты қызметкерлерінің тізімдік саны, адам;
7)әріптес елмен экспорттың және импорттың жиынтық жылдық көлемі, миллион тонна;
8)әріптес ел аумағында қабылдау - тапсыру пунктерінің саны, бірлік.
6. Нормативтер қабылданған факторлардың түрлі белгіленген мәндеріне арналған формулалары (желілік және желілік-логарифмдікке қарай) және кестелермен берілген. Көрсеткіштердің (факторлардың) нақты мәндері бойынша нормативтік санды анықтау үшін осы нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес кестеде бар көршілес факторлар мәндерімен түсіндіру не тәуелділік теңдеулері бойынша есептеу жүргізу керек.
7. Әр қызмет бойынша сан нормативтерінің бөлшек мәндері жағдайда 0,5 және одан артығы тұтас мәнге дейін дөңгелектеледі, 0,5-тен кем болса алынып тасталады.
8. Ұйым бойынша тұтас алғанда басшылардың, мамандардың, қызметшілердің және жұмысшылардың норматив саны әр қызмет бойынша норматив сан мәндерін жинақтаумен анықталады.
9. Сандық нормативтер шегінде ұйымның бірінші басшысы бірнеше міндеттерді біріктіретін департаменттер, басқармалар немесе бөлімдер (қызметтер) жасақтауға немесе бір міндет бойынша белгіленген басшылар, мамандар мен қызметшілердің нормативтік санын бірнеше бөлімшеге бөлуге құқылы.
10. Шетелдік қатысуы бар ұйымдар үшін басшылар, мамандар мен қызметшілердің сан нормативтеріне шетелдік мамандар санын ескеретін 1,2 коэффициенті қолданылады.
11. Басқарудың нормаланатын міндеттерінің мазмұнында негізгі орындалатын жұмыстар көрсетілген. Жұмыстар мазмұнында көрсетілмеген, бірақ осы басқару қызметтерінің негізгі бөлігі болып табылатын қосалқы жұмыстар уақыт нормасымен ескерілген және жеке нормаланбайды.
12.Жинақта берілген жұмысшылар кәсіптері мен қызметкерлер лауазымдарының атаулары Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес келеді.
13.Корпоративтік басқару нысаны мен жеке меншік нысанына байланысты осы нормативтердің 1-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес лауазымдар атауы республикада қолданылатын қызметкерлер лауазымының номенклатурасына сәйкес бекітілген ұйымды басқару құрылымына сай тұжырымдалуы мүмкін.
14. Осы нормативтермен даярлық-қорыту уақыты, жұмыс орнына қызмет көрсетілетін уақыт, демалыс пен жеке қажеттілікке арналған уақыт ескерілген.
15. Нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген еңбек және қосымша демалыстарына, жүктілікке, босануға және сырқатына мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға жоспарланған шықпау коэффициенті есепке алып белгіленген тізімдік санды қарастырады.
16.Нормативтер түзетулерімен және оларға тиісті ескертпелерімен қолданылады. Түзетулер олар белгіленген нормативтерге ғана қолданылады.
17.Нормативтерді қолдану кезінде пайдаланылатын сан көрсеткіштерінің «дейін» деп көрсетілген шегін қоса түсіну қажет.
18. Персоналдың нормативтік саны іс жүзінде пайдаланып отырған немесе уақытша тоқтатылған, жұмысын жалғастыруды күтіліп отырған нысандарға ғана есептелген.
19.Қызметтік, өндірістік үй-жайларды тазалаушылар және аула тазалаушылар сан нормативтері де қолданыстағы үлгі нормативтер негізінде есептеледі.
20.Нормативтерде басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілердің қабылданған жіктеуіне сәйкес «менеджер (бас)» лауазымы мамандар санатына жатады.