Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының газ секторын 2030 жылға дейін дамыту концепциясын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасының газ секторын 2030 жылға дейін дамыту концепциясын бекіту туралы
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының газ секторын
2030 жылға дейін дамыту концепциясы бекітілсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 201__ жылғы «___» _________ № ____қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының газ секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
Мазмұны
1.2. Газ секторын дамытудың ағымдағы жағдайын және беталысын талдау
Ресурстық база
Өндіру және пайдалану
Қазақстанда газды өндіру 2013 жылдың қорытындысы бойынша 42,3 млрд. м3 құрады, ол алдыңғы жылғы көрсеткіштен 5,4% жоғары. Қазақстан Республикасында негізгі газ өндіретін компаниялар:
Газ тасымалдау жүйелері
Магистральдық газ құбырлар. Қазақстанның магистральдық газ құбырларының жалпы ұзындығы 16 042 км, оның ішінде:
Тауарлық газдың экспорты, импорты және транзиті
Өндіру және қайта өңдеу секторын дамыту
Бұл бағыт бойынша дайындық кезеңі уақытында (2015-2016жж.) тиімділігі келесі мәселелерді шешумен тікелей байланысты Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас сызбасын іске асыруды бастау күтіледі:
Газ генерациясын және газ-химия өнеркәсібін дамыту
Газ-мотор отыны нарығын дамыту
Энергия үнемдеуді және энергия тиімділікті арттыру
Реттеу үлгісін және баға белгіленімі жүйесін жетілдіру
1-бөлім. Газ секторын дамыту пайымы
1.1. Кіріспе
Қазіргі уақытта әлемдік энергия жеткізгіштер нарығының жоғары құбылмалылығы байқалатын жағдайда көптеген мемлекеттер мен ірі трансұлттық мұнай-газ компаниялар өзінің болашақ дамуының негізгі бағдарын жасау үшін әлемдік экономиканың көмірсутек ресурстарындағы қажеттіліктерін дамытудың жаһандық сценарийіне айтарлықтай көңіл бөлуде.
Қазақстанда Мемлекет басшысының басшылығымен елді тұрақты дамытудың маңызды басымдығының бірі ретінде табыстылық, инвестиция қайтарымы және бәсекеге қабілеттілік принциптеріндегі жалпы қамтитын экономикалық прагматизм айқындалған, оның ішінде елдің газ ресурстарын және тұтастай газ саласын басқарудың ағымдағы жүйесін қайта қарауды тұспалдайтын «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» елді дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы әзірленді және табысты іске асырылуда.
Осы Тұжырымдама 2030 жылға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының газ секторын кезең-кезеңімен реформалауға және кешенді дамытуға пайымды және негізгі тәсілдерді айқындайды.
1.2. Газ секторын дамытудың ағымдағы жағдайын және беталысын талдау
Ресурстық база
ҚР Запастар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы алынатын газ запасын - 3,9 трлн. м3 , оның ішінде ілеспелі газ - 2,6 трлн. м3 , және табиғи (бос) газ - 1,3 трлн. м3 деңгейінде бекіткен.
Сол кезде British Petroleum-нің деректері бойынша Қазақстандағы газ запасы 1,3 трлн. м3 құрайды, ол республикаға осы көрсеткіш бойынша әлемде 22-орынға және ТМД елдері арасында Ресейден және Түркменстаннан кейін 3-орынға ие болуға мүмкіндік береді. Көрсеткіштердің мұндай сәйкессіздігі ҚР газ қорларындағы ілеспелі мұнай газдың жоғары үлесінен де, республика халықаралық стандарттарға ауысуды тездетуі керек қорларды есептеудің әдістемелеріндегі айырмашылықтармен де туындаған.
Газдың бүкіл запасының 98% жуығы Қазақстанның батысында, бұл ретте 87% - ірі мұнай-газ (Теңіз, Қашаған, Королевское) және мұнай-газ конденсаты (Қарашығанақ, Жаңажол, Имашевское) кен орындарында шоғырланған.
Дереккөз : ҚР Энергетика министрлігі
ҚР ірі кен орындары көмірсетугін қатты тереңдіктен (5 мың м аса) алудың күрделілігімен, газ құрамының көп құрамбөлігімен (метанның өте аз үлесі) және күкіртті сутекті қосылыстардың көп болуымен сипатталады. Жатқан жері қатты терең емес және күкіртті қосылыстары көп емес қолданыстағы газ кен орындарының газ запасы көп еместігімен сипатталады және жергілікті аумақты газдандыру үшін жергілікті маңызы бар.
2000-2012 жылдар ішінде Қазақстан бойынша газ запасының өсімі 126,6 млрд. м3 , сол уақытта көрсетілген кезең ішінде газды жинақтап өндіру 342,2 млрд. м3 құрады. Осылайша, республиканың газ бойынша минералдық-шикізаттық базасының орнын толтыру 38% аспайтын жеткіліксіз деңгейде.
2-сурет. Газ запасын өндіру және өсімі арақатынасының динамикасы, млрд. м3
Дереккөз : ҚР Энергетика министрлігі
Әлемнің бұрыннан келе жатқан мұнай-газ өндіруші аудандарының бірі бола отырып, Қазақстан, сондай-ақ, көмірсутектің іске асырылмаған болжамдық ресурстарына ие. Мысалы, республикадағы дәстүрлі (табиғи және ілеспелі) газдың болжамдық ресурстары 6-8 трлн. м3 деңгейінде бағаланады. Бірінші кезекте, бұл Каспий теңізі айдынының, оның ішінде оның Каспий маңы, Бұзашы және Оңтүстік Маңғышлақ аймақтарының қазақстандық секторына жатады.
Жаңа елеулі ашылымдардың жоғары ықтималдығы Каспий маңы ойысының құрлықтағы бөлігінде және Арал теңізінің айдынында сақталады. Сонымен қатар басқа тұнба бассейндерде өнеркәсіптік мұнай-газдың көптігінің дәлелденген және дәлелденбеген мұнай мен газдың жаңа кен орындарын ашу ықтималдығы да сақталады. Барланған қорлар жиынтығында бұл болжамдық бағалаулар бүгінгі күні әлемнің мұнай-газ өндіруші елдерінің арасында елеулі орын алатын Қазақстанның едәуір әлеуеті бар екендігін куәландырады.
Көмір қабатының метаны. Газдың дәстүрлі ресурстарынан басқа, Қазақстанның көмір қабаты метанын (КҚМ) барлау және өндіру бөлігінде едәуір әлеуеті бар. Қазақстанның көмір кен орындары метанының болжамдық ресурстары 7 трлн. м3 дейін, ал Қарағанды көмір бассейнінің метан ресурстары тек 1500 м дейінгі тереңдігінің өзінде 490,47 млрд. м3 құрайды. Бұл ретте Қарағанды бассейнінің газының құрамындағы метан 80-нен 98% дейін құрайды, оны дәстүрлі табиғи газға толық балама ретінде пайдалануға болады.
Өз кезегінде, Екібастұз көмір бассейні метан запасының нысанасына жеткіліксіз зерделеген, алайда аудан бірлігіне шаққанда көмірдің шоғырлану және газ ресурстарының тығыздығы бойынша бірегей болып табылады. Көмірдің қалған кен орындары бойынша метан запасы туралы жеткілікті ақпарат жоқ.
КҚМ өндіру дәстүрлі кен орындарындағы өндірумен салыстырғанда едәуір қымбат бағалы процесс болып табылады және энергетикалық рентабельділігінің аз көрсеткіштерімен сипатталады. Егер құмдақтағы газ қабаттың қысымы есебінен жер бетіне еркін шығатын болса, онда көмір кендерінде оларды қабатты гидрожару және кейіннен суды тартып алу арқылы жылжыту үшін арна жасау қажет. Осыған байланысты КҚМ өндіру, бірінші кезекте, дәстүрлі газдың жетіспеушілігі немесе запасының сарқылуы байқалатын елдерде белсенді түрде дамуда.
Сонымен қатар Қазақстан жағдайында көмір қабатының метанын өндіру технологиясы бірқатар жағдайларда (бірінші кезекте ҚР Солтүстік өңірлерін газдандыру үшін) экономикалық жағынан тартымды болуы мүмкін, ол тиісті зерттеулерді жүргізу қажеттігімен және анағұрлым зерделенген Қарағанды көмір бассейнінде өндіру бойынша пилоттық жобаны іске асырумен байланысты.
Көмірді газдандыру. Қазақстан көмірдің ірі запасы бар елдердің ондығына кіреді, олар, British Petroleum-нің деректері бойынша, шамамен 33,6 млрд. тонна құрайды. Бұл ретте олардың едәуір үлесін сапасының төмендігінен және қоршаған ортаға әсер ету деңгейінің жоғары болуынан энергетикада іс жүзінде пайдаланылмайтын күлі көп, күкірті көп көмір құрайды.
Сол уақытта аталған көмірлер негізгі өнімі синтетикалық (генераторлық) газ деп аталатын тұншықтырғыш газ бен сутектің қоспасы болып табылатын жерасты немесе жерүсті газдандыру әдістерін пайдалану үшін жарамды болып табылады. Бұл газ электр және жылу энергиясын өндіру үшін, сондай-ақ кейіннен синтетикалық мұнай өнімдерін шығару үшін пайдалануға болады.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |