• Мое избранное

Отправить по почте

Тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру, айыру, сондай-ақ, олардың орнын ауыстыру мәселелері жөніндегі Арнайы комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 61 бұйрығы

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру, айыру, сондай-ақ, олардың орнын ауыстыру мәселелері жөніндегі Арнайы комиссия (бұдан әрі - Арнайы комиссия) құрылсын.
2. Қоса берілген:
1) Арнайы комиссияның Ережесі;
2) Арнайы комиссияның құрамы.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлеу жөніндегі арнайы комиссиясын құру туралы» 2007 жылғы 21 тамыздағы № 222 бұйрығының күші жойылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазастан Республикасының Мәдениет вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасының
 Мәдениет министрінің
 2014 жылғы 11 маусымдағы
 № 61 бұйрығымен бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру, айыру, сондай-ақ, олардың орнын ауыстыру мәселелері жөніндегі Арнайы комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру, айыру, сондай-ақ, олардың орнын ауыстыру мәселелері жөніндегі Арнайы комиссия туралы ереже (әрі қарай - Арнайы комиссия) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Арнайы комиссия тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, олардың мәртебесінен айыру, сондай-ақ, олардың орнын ауыстыру мәселелері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын;
2) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын;
3) «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1032 қаулысын «Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығын;
4) өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Арнайы комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
4. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың:
1) тарихи-мәдени мұра объектісіне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру;
2) тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгерту туралы ұсыныстарын қарайды.
5. Комиссия тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде:
1) объектіге тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру немесе бермеу;
2) объектінің тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру немесе айырмау;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыру және (немесе) оларды өзгерту немесе ауыстырмау және (немесе) оларды өзгертпеу туралы шешім қабылдайды.
6. Комиссия белгіленген тәртіппен және өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша:
1) ескерткіштердің одан әрі сақталуы жөнінде ұсынымдар әзірлеуге;
2) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне Комиссия құрамына өзгеріс енгізу туралы ұсыныстар;
3) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажетті ақпарат сұратуға;
4) Комиссия мәжілістерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жауапты өкілдерін, сараптама және жұмыс топтары жетекшілерін тыңдауға;
5) Комиссия мүшелерін тарих және мәдениет ескерткіштерінің орналасқан жеріне іссапарға жіберу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылықты жүргізеді, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Комиссия мәжілісінің хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
9. Комиссияның құрамына ғалымдар, мамандар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, шығармашылық одақтар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енеді.
10. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
11. Комиссия қызметінің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жұмыс органы қамтамасыз етеді.
12. Комиссияның мәжілісі қажеттілігіне қарай өткізіледі және оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы деп саналады.
13. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.
14. Заңнамада қарастырылған құжаттардың толық топтамасы ұсынылған ұсыныстар Комиссияның қарауына шығарылады.
15. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелері ерекше пікірге құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы тиіс.
Комиссия мәжілістерінің нәтижелері бойынша, оған қатысушы мүшелер қол қойған хаттама жасалады.
16. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің шешімі негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасының
 Мәдениет министрінің
 2014 жылғы 11 маусымдағы
 № 61 бұйрығымен
 бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру, айыру, сондай-ақ, олардың орнын ауыстыру мәселелері жөніндегі Арнайы комиссияны құру туралы

Бөрібаев Асқар Исмайылұлы

- Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі, төраға

 

Әбілдинова Әлия Сапабекқызы

- Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы, төраға орынбасары

 

Алтаев Базарбай Еркебайұлы

- Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы, хатшы

 

Әбжанов Хангелді Махмұдұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

 

Агитаев Сәдуақас Сахиұлы

- Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми-жобалау филиалының бас сәулетшісі, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі

 

Байтанаев Бауыржан Әбішұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ә. Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

 

Хасбулатов Равиль Андреевич

- Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары

 

Рүстембеков Ақмырза Исаұлы

- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстан Сәулетшілер одағының төрағасы (келісім бойынша)

 

Самашев Зейнолла

- археолог, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

 

Тұяқбаев Қанат Қымызұлы

- Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры

 

Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлы

- өнертанушы, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы (келісім бойынша)

 

Чиканаев Аманжол Шаймерденұлы

- профессор, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі, Астана қаласының еңбек сіңірген сәулетшісі (келісім бойынша)