Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін шығарудың Тақырыптық жоспарын қалыптастыру жөніндегі Сараптамалық кеңес туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысының 2014 жылғы 23 маусымдағы № 83 бұйрығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9-1) тармағына сәйкес және әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін шығарудың тақырыптық жоспарын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін шығарудың Тақырыптық жоспарын қалыптастыру жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамы бекітілсін.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрлігінің
Жауапты хатшысының
2014 жылғы 23 № 83 бұйрығымен бекітілген
Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін шығарудың Тақырыптық жоспарын қалыптастыру жөніндегі Сараптамалық кеңес құрамы