• Мое избранное
«Құрғақ порттар» туралы Үкіметаралық келісімге қол қою және Келісімнің Тарабы мәртебесін алу туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Құрғақ порттар» туралы Үкіметаралық келісімге қол қою және Келісімнің Тарабы мәртебесін алу туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 9742 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
2014 жылғы 18 тамыздағы07-06/45 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Құрғақ порттар» туралы Үкіметаралық келісімге қол қою және Келісімнің Тарабы мәртебесін алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттар» тізбесінің 1-қосымшасына Қазақстан Республикасының Алматы облысында орналастырумен «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрғақ портын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ақтау қаласында орналастырумен  «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының құрғақ портын енгізуді ұсынамыз.
Басқарма мүшесі –Басқарма Төрағасының орынбасары Ж. Ертлесова