• Мое избранное

Отправить по почте

«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 15-3-бабының  2  және  3-тармақтарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын
(жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 427-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:  
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.  
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 201 жылғы
« » № қаулысымен бекітілген
Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары
1. Осы Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 15-3-бабының  2  және  3-тармақтарына  сәйкес әзірленді.
2. Табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – субъект) инвестициялық бағдарламасы (жобасы) тиісті кезеңдерге қалпына келтіру, реконструкциялау, жаңғырту жүйелерінің салалық және жергілікті бағдарламаларының бекітілген көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы дамуының басымдықтары мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып әзірленеді.
Бекітілген инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген субъектінің негізгі құралдарына салымдар көлемі реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (бағалардың, алымдар мөлшерлемесінің) шекті өсу болжамын ағымдағы кезеңге және орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді перспективаға есептеу кезінде ескеріледі.
 Cубъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асыру Заңның 15-1-бабының 2-тармағына  сәйкес уәкілетті орган бекіткен шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің (бұдан әрі-Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес қалыптастырылған тарифтік сметаға сәйкес жүзеге асырылады.   
1) іске асыру мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді кезең (1 жылға дейінгі уақытты қоса алғанда), орташа мерзімді кезең (1 жылдан асатын 4 жылға дейінгі уақытты қоса алғанда), ұзақ мерзімді кезең (5 жыл және одан көп) қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне, жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне және өңірлік электр желісі компанияларына қоспағанда;  
3) іс-қимылдардың бағыттылығы бойынша – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған субъектінің және концессия субъектілерінің жаңа активтерін жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар болып бөлінеді.  
5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестициялық бағдарлама – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған субъектінің, реттелетін нарық субъектісінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;
         2) инвестициялық жоба – жаңа өндiрiстердi салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;
3) болжамды тарифтік смета – уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әрбір жылына қабылдаған және келіскен тарифтік смета;
Өңірлік электр желілік компаниялар үшін болжамды тарифтік смета ретінде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада белгіленген нысан бойынша ресімделген өңірілік электр желілік компаниялардың желілері бойынша электр энергиясын беру және тарату жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жүргізілген салыстырмалы талау нәтижеселері туралы ақпарат қолданылады.  
4) тарифтік кіріс – субъектінің уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алған кірісі;
5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
6) мемлекеттік орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатын субъекті үшін мемлекеттік орган тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы болып табылады.
2. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау және бекіту тәртібі
6. Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) осы тармақтың екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде көрсетiлген жағдайды қоспағанда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк органмен бiрлесiп бекiтедi.
Субъектінің мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын болып табылатын субъектiнiң инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен бiрлесiп бекiтедi.  
7. Субъекті инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті органға мыналарды:
1) осы Қағидаларға 1- қосымшаға сәйкес іс-шараларды іске асыруға жоспарланған басымдылықты сипаттай отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны);
2) заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілген қаржылық және техникалық сараптамалар қорытындыларын;
3) осы Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес инвестициялық бағдарламаның (жобаның) тиімділік көрсеткіштерін:
үнемдеуге қол жеткізу есебінен жабдықты пайдалудан шығарудың және (немесе) жабдықты пайдалануға енгізудің паспорттық сипатын құрайтын құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне жоспарланған шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының жоспарланған есебін;
жабдықты пайдаланудан шығарудың және (немесе) жабдықты пайдалануға енгізудің паспорттық сипатын құрайтын құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру нәтижесінде жоспарланған негізі құралдарды (олар болған кезде) төмендету есебін;  
жабдықты пайдалудан шығарудың және жабдықты пайдалануға енгізудің паспорттық сипатын құрайтын құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру нәтижесінде жоспарланған нормативтік техникалық ысыраптарды (олар болған кезде) төмендету есебін;  
баға деңгейлерінің салыстырмалы талдауын қоса бере отырып, сатып алынатын негізгі құралдарды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға арналған инвестициялық шығындар туралы ақпаратты;
инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезінде жоспарланған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің техникалық ерекшеліктерінің жобасы;
инвестициялық бағдарламаның (жобаның) тиіміділік есебін іске асырылатын техникалық және технологиялық іс-шаралардың тізбесін, оның ішінде технологиялық процестерді және коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған басқару жүйелерін көрсете отырып;
4) болжамды мөлшерді және алдын-ала қаржыландырудың шарттарын растайтын құжаттарды, оның ішінде қарыз ресурстарын (қарыз қаражаттары бойынша сыйақы, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлем ақылар, қарыз қаражаттарын қайтару мерзімдері мен шарттарын);
5) негізгі құралдар құнына жүргізілген қайта бағалау нәтижелерін (ол болған кезде);  
6) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын болса, оны қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттарды;
7) егер субъекті инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін қарыз қаражаттарын тартуды жоспарламаған жағдайда, қарыз қаражаттарын (оның ішінде шығындарды, нормативтік ысыраптарды одан әрі төмендету мүмкін еместігін растай отырып) пайдаланбаудың экономикалық тиімділік есебін;
8) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру әсерін ескере отырып, болжанған тарифтік сметаны;
9) жүргізілген энергетикалық сараптама нәтижелерін қоса бере отырып, өтінім береді.
Инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және субъекті басшысының мөрімен және қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және субъектінің және концессия субъектісінің мөрімен расталады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жоспарланған нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету есебі жөніндегі талаптары темір жол көлігі, кірме жолдары, аэронавигация, портар, әуежайлар объектілерімен магистральдық темір жол желілері, темір жол жолдары салаларында қызмет көрсететін субъектілерге таратылмайды.  
8. Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бюжетін жоспарлау және жасау Ерекше тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.  
Тарифтегі амортизация және пайда субъектінің инвестициялық міндеттемелерінің жоғарғы дейгейінде көзделеді.  
Шығындарды ойтайландырудан алынған қаражаттарды тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алудан үнем болған жағдайда, субъектіге өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға жолданады.
1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға бағытталған қарыз қаражаттарына тартылатын сыйақының негізгі қаражаттарының құнына енгізеді.
2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде кредиттерге (қарыздарға) қызмет көрсету шығыстарын материалдық емес активтер құнына енгізеді.  
10. Инвестициялық бағдарлама (жоба) мынадай өлшемдерді ескеретін іс-шараларды сақтай отырып әзірленеді:
1) салалық және өндірістік ерекшеліктерге қарай реттеліп көрсетілетін қызметттердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне шикізат, материалдар, отын, энергия және өндірістік шығындардың шығыстарын төмендету;
3) субъекті әзірлеген және іске асыратын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік ысыраптар болған жағдайда оларды төмендету және (немесе) нормативтен тыс ысыраптарды жою;
4) Осы Қағидалардың 6- тармағының 7) тармақшасына сәйкес қарыз қаражаттарын пайдалана отырып не қарыз қаражаттарын пайдаланудың экономикалық тиімсіздік негізділігі;  
5) қарыз қаражаттарын пайдаланған жағдайда өтеу схемаларын оңтайландыру және қарыз қаражаттарын қайтару;
6) ұсынылатын реттелiп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және/немесе сапасын арттыру;
7) технологиялық процестерді басқару және энергияны есепке алудың коммерциялық аспабының автоматтандырылған жүйесін енгізу;  
8) субъектінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешегі болған жағдайда, оның деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар;
10) реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің барлық кезеңдеріне есептеу аспаптарының технологиялық ерекшеліктерінің күшіне орнату.  
11. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) оны уәкілетті органға енгізген сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге өтінімді алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде субъектіні оны қарауға қабылдау немесе ұсынылған материалдарды мынадай:
1) субъектінің осы Қағидалардың 7-24-тармақтарында  көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;
2) ұсынылған инвестициялық бағдарламаның (жобаның) осы Қағидалардың 12-тармағында  көрсетілген өлшемдерге сәйкес келмеуі жағдайларында пысықтау қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді.
12. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау кезінде уәкілетті орган оны іске асыру кезеңінде тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) әсерін айқындау мақсатында тиімділікке экономикалық және қаржылық бағалау жүргізеді.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып, инвестициялық бағдарлама (жоба) туралы қол қойылған шешім жобасын жолдайды не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, субъектіні инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы хабардар етеді.
13. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешім жобасы субъекті ұсынған немесе уәкілетті орган түзеткен инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуді көздейді.
          14. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік орган уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не субъектіні инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабардар етеді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы хабардар етеді.  
15. Мемлекеттік органның дәлелді қорытындысы болған кезде уәкілетті орган субъектіге инвестициялық бағдарламаны (жобаны) пысықтауға қайтарады.
Субъекті енгізілген дәлелді қорытындыны ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны пысықтайды және оны уәкілетті органға қайта қарауға жолдайды.  
Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) қайта қарауды уәкілетті орган мен мемлекеттік орган осы Қағидалардың 13,16-тармақтарында  көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
16. Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, уәкілетті органның және мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бірлескен құқықтық актісімен бекітіледі.
17. Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган мен тиісті мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады.
18. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту үшін негіздер:
1) инвестициялық бағдарламаның (жобаның) экономикалық тиімділігінің болмауы;
2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру көздерінің болмауы;
3) осы Қағидаларға сәйкес ұсынылатын негіздеуші құжаттардың болмауы;
4) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.
Өзге негіздер бойынша инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тартуға жол берілмейді.
19. Осы Қағидаларға сәйкес бекітілген және тарифте ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) субъекті үшін орындауға міндетті болып табылады.
Егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде субъект осы Қағидалардың 7-тармағында  көзделген тәртіппен инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге жаңа өтінім берсе, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның қолданыстағы тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелердің) деңгейіне әсерін талдауды жүргізеді.
Егер жаңа инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың қалған мерзіміне болжанған көрсеткіштерден астам өзгертуді талап ететін жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 20-тармағында  көзделген тәртіппен оны бекітуден бас тартады.
3. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету тәртібі
20. Уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген жағдайларда және тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзетеді.
21. Субъекті ағымдағы жылдың соңына дейін күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсыныспен жүгінеді.
Осы тармақтың талаптары Осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес пысықтауға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету бойынша ұсыныстарды уәкілетті орган қайтарған жағдайда субъектіге таратылмайды.  
22. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсынысқа:
1) инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізуді негіздейтін материалдарды (бизнес-жоспар, прайс-парақтар) қоса бере отырып, түзетулер ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы;
2) инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер (басымдылық) енгізу қажеттігі туралы субъектінің бағалауы;
3) қаржыландырудың және қарыз қаражатын қайтарудың ықтимал шарттары қоса беріледі;
4) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын болса, онда қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттар ұсынылады.
Қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, субъекті басшысының мөрімен және қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және субъектінің мөрімен расталады.
23. Уәкілетті орган осы Қағидалардың  10 -17-тармақтарында  көзделген тәртіппен субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) түзету туралы ұсынысты қарайды.
Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын)
бекіту және оны түзету қағидаларына
1-қосымша
Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) 
 

р/с









Инвестициялық бағдарлама (жоба) көрсеткіштерінің атауы

Іс-шараларды іске асыру жылдары

Инвестиция

лық бағдарламаның сомасы, мың. теңге

Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы көлемдері

Инвестициялық бағдарлама іс-шарасының, объектінің нақты параметрлері (көрсеткіштері)

Заттай көрсеткіштегі саны

Инвестициялардың сомасы

Инвестициялардың көзі

















Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын)
бекіту және оны түзету қағидаларына
2-қосымша
Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламасы (жобасы) тиімділігінің көрсеткіштері 
 

р/с







Жаңа жабдықтың сипаттамалары ( ЖЖ )

Ауыстырылған жабдықтың сипаттамалары

Оны іске асыру кезеңіне арналған ивестициялық бағдарламаның (жобаның) экономикалық тиімділігі есебі

Шығыс баптары бойынша сомаларды төмендету

Негізгі құралдар тозуының төмендеуі %

Нормативтік ысыраптардың төмендеуі, %



Ж абдық тың және шығарушы зауыт тың а тауы (сорғы, құбыр диаметрі және т.б.)



Саны, дана , м

Бірлік бағасы мың. тенге

Жабдықтың атауы ( сорғы , құбы р диаметрі және т.б.)

Саны, дана , м

Құны, мың те ң ге

Пайдалану

іске асырудың 1- жылы

іске асырудың 2- жылы

іске асырудың

...

жылы

іске асырудың 1-жылы

іске асырудың 2-жылы

іске асырудың

...

жылы

іске асырудың 1-жылы

іске асырудың 2-жылы

іске асырудың

...

жылы



































«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Табиғи монополиялар субъектілері уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны бекіту немесе оны түзету үшін ұсынған ақпаратты ашу мен тәртіпке келтіру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік- экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қаулыны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық жағымсыз салдарларға алып келмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржы шығындары

Республикалық бюджеттен қосымша қаражаттарды талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімдері және болжанып отырған тиімділігі

Қағидалардың жаңа жобасы табиғи монополиялар субъектілері уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны бекіту немесе оны түзету үшін ұсынған ақпаратты ашу мен тәртіпке келтіру мақсатында әзірленді.

6.

Бұдан басқа жобада қаралып отырған мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

« Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №394 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Талап етілмейді



8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасының Мобильдік кеңсе» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдарды (үзінділерді) жіберу

Рұқсат етіледі



11.

Жобаны интернет-ресурста орналастыру туралы ақпарат

Жоба жалпы 436 Кб мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз парағын орналастыру туралы ақпарат (баспасөз парағының атауы, күні)



Талап етілмейді



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е.Досаев