• Мое избранное
«Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына және 15-2- бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы С.М. Жұманғарин:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы С.М. Жұманғарин осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
3) он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне ресми жариялау үшін қағаз және электронды жеткізгіштегі көшірмесін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрі
 ______________ В. Школьник  
2014 жылғы «____» ____________
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2014 жылғы «___» ____________
№ ______ - НҚ бұйрығына
қосымша
Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
  1. Осы Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының  15-2-бабын   а сәйкес әзірленді.
2. Әдістеменің мақсаты өңірлік электр желілік компаниялар (бұдан әрі - ӨЭК) желілері арқылы электр энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге, олардың өндірістік және қаржылық қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тарифтерді есептеу тетігін айқындау болып табылады.
3. Әдістеме уәкілетті органның ӨЭК қызметіне салыстырмалы талдау жүргізу, салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне ӨЭК тарифтерін есептеу рәсімдерін айқындайды.
4. Салыстырмалы талдау әдісі:
1) ӨЭК қызметі тиімділігінің басқа ӨЭК қызметімен салыстырмалы талдау нәтижесінде өлшемдерін айқындауды;
2) әр ӨЭК үшін осы Әдістемеге сәйкес тиімділіктің белгілі бір өлшеміне түзетілген шығындардың тарифінде ескеру арқылы қызмет тиімділігін арттыру бойынша міндетті белгілеуді;
3) ӨЭК тарифінде амортизациялық аударымдар мен пайданы қоса инвестициялық құрамдасты есептеуді көздейді.
2. Өңірлік электр желілік компаниялардың жұмыс істеу тиімділігін салыстырмалы талдау үшін көрсеткіштерді таңдау
5. ӨЭК ұсынған ақпараттан ӨЭК-тің жұмыс істеу тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізу үшін көрсеткіштерді: нәтижелілік және факторлық белгілерді таңдау жүзеге асырылады.
Салыстырмалы талдау кейінгі төрт және одан көп жылда тарифті бірінші жылы бекіткенде салыстырмалы талдау жүргізу кезінде пайдаланылған сол бір факторлық белгілердің негізінде жүргізіледі. Факторлық белгілердің маңызы негіздеуші материалдармен расталған алдыңғы күнтізбелік жылға арналған өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы ақпараттың негізінде анықталады.
6. Нәтижелілік белгісі ӨЭК қызметінің жиынтық тиімділігі шамасын жанама көрсетеді және қызметтерді тұтынушылар үшін маңызды болып табылады. Салыстырмалы талдаудың нәтижелілік белгісі (шығу факторы) электр энергиясын беру және тарату қызметтерін көрсетуге арналған (ӨЭК-тің бақыланбайтын шығындары мен амортизацияны қоспағанда) алдыңғы күнтізбелік жылдағы ӨЭК-тің нақты шығындары болып табылады.
7. ӨЭК бақыланбайтын шығындарына ӨЭК шамасына тікелей ықпалын тигізе алмайтын шығындар жатады. ӨЭК-тің бақыланбайтын шығындары салық (еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар деңгейіне байланысты салықтарды алып тастағанда), электр энергиясын беру және тарату кезінде технологиялық шығыстардың өтемақысына арналған шығындар, жүйелік оператордың қызметіне төлем, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларына сәйкес бекітілген ӨЭК-тің инвестициялық бағдарламасын іске асыру үшін қарыз қаражаттарға сыйақы төлеуге арналған шығыстар және форс-мажорлық оқиғалардың нәтижесінде туындаған шығындар болып табылады. Бақыланбайтын шығындар нәтижелілік белгілерінен алып тасталады.
8. ӨЭК-тің бақыланбайтын шығындары ӨЭК ұсынған негіздеуші материалдардың электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерге ӨЭК тарифтерінде ескеріледі.
9. ӨЭК-тің тиімді жұмыс істеуіне салыстырмалы талдаудың факторлық белгілері (кіру деректері) нәтижелілік белгінің (шығу деректері) шамасына және ресурстарды пайдаланудың нәтижелілігінің деңгейіне елеулі әсер ететін белгілер болып табылады. Факторлық белгілер ретінде мына көрсеткіштер пайдаланылады:
1) қызмет көрсету аумағының алаңы;
2) қосылған тұтынушылар (абоненттер) саны;
3) электр берілісі желілерінің жалпы ұзындығы;
4) күштік трансформаторлар саны;
5) күштік трансформаторлардың жалпы қуаты;
6) электр желілеріндегі жыл бойы тіркелген ең көп жүктеме;
7) өткен күнтізбелік жыл ішінде электр желілеріндегі электр энергиясының нақты ысыраптары;
8) күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын беру көлемі.
3. Өңірлік электр желілік компаниялардың жұмыс істеу тиімділігін салыстырмалы талдау
10. Салыстырмалы талдауды жүргізу үшін ӨЭК тобының нәтижелілік белгілерінің жиынтығы мынадай түрде беріледі:
  Y   i     = y   1    , y   2    , …, y   n       (1)
мұндағы:
і = 1, 2,..., n - топтағы ӨЭК саны;
y   1    , y   2    , …, y   n    - бақыланбайтын шығындары мен амортизацияны шегеріле отырып, күнтізбелік жыл ішінде қызметтер көрсетуге жұмсалған ӨЭК нақты шығындары (тиімділік белгісі).
11. Салыстырмалы талдауды жүргізуге арналған ӨЭК тобының факторлық белгілерінің жиынтығы мәндер матрицасы түрінде беріледі:
   (2)
мұндағы:
і = 1, 2,.7., n - топтардағы ӨЭК саны;
m - салыстырмалы талдауда пайдаланылатын факторлық белгілерді бірдейлендіргіш;
xmi  - ӨЭК і-бойынша m факторлық белгісінің мәні.
12. ӨЭК жұмыс істеуінің тиімділігін салыстырмалы талдау ӨЭК белгілі бір топтары бойынша регрессиялық тәуелділікті құру жолымен жүзеге асырылады.
Барлық ӨЭК бір топқа құрылады.
13. Регрессиялық талдауды жүргізу Ү нәтижелілік белгісі мен Хm  факторлық белгілер жиынтығы арасындағы талдамалық тәуелділікті алудан тұрады:
Y = a  0  +  a  1  X  1  +  a  2  X  2  + … +  a   m    X   m    (3)
мұндағы:
m - салыстырмалы талдауда пайдаланылатын факторларды бірдейлендіргіш;
а0 , а1 , а2 , аm  - Хm  факторлық белгісінің әрбірімен Ү нәтижелілік белгісінің байланысын анықтайтын регрессия коэффициенті.
14. Регрессиялық талдау мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) Регрессия теңдеуінің коэффициенттерін теңдеулер жүйесін шешу жолымен алу:
   (4)
2) Регрессияның алынған теңдеуінің статистикалық анықтығы мен коэффициенттер мәнділігін тексеру;
Регрессиялық талдауды жүргізу үшін МS Excel «Талдау пакеті» баптауының «Регрессия» режимі пайдаланылады.
15. Мыналар регрессиялық талдау нәтижесі болып табылады:
1) әрбір ӨЭК үшін: салыстырмалы талдаудың Ү тиімділік белгісінің және X факторлық белгілері мәндері арасындағы сәйкес регрессиялық тәуелділіктің болжанған тиімділік белгісінің мәні (y1 нәт , y2 нәт , …, yn нәт )- регрессиялық тәуелділікке кірмеген тиімділік белгісінің қалдығының мәндері y1 қалд , y2 қалд , …, yn қалд .
  у   i     = y   i    нәт    ∙у   і    қалд    (5)
2) әрбір факторлық белгілер үшін: регрессия коэффициентінің мәні (а0 , а1 , а2 , …, аm ), регрессия коэффициентінің стандартты қателіктері (σa0 , σa1 , σa2 , …, σam ) және регрессия коэффициентінің мәнділігін сипаттайтын t-критерийдің мәнділік деңгейінің Р-мәні (p0 , p1 , p2 , …, pm ).
рm  = Расп. Стьюдента (tai ) (6)
мұндағы:
   (7)
3) регрессия сапасын (нақтылығын) сипаттайтын және мына формула бойынша анықталатын R2  көрсеткіші:
   (8)
мұндағы:
σ - мына формула бойынша анықталатын, негізі, сол сияқты қалдық факторлардың әсерін бейнелейтін Ү нәтижелілік белгісінің жалпы дисперсиясы:
   (9)
мұндағы: уср  - Ү нәтижелілік белгісінің орташа мәні:
  
σф  - мына формула бойынша есептелетін, тек негізі факторлардың әсерін бейнелейтін Ү нәтижелілік белгісінің факторлық дисперсиясы:
   (10)
σо  - мына формула бойынша есептелетін, тек қалдық факторларға әсерін бейнелейтін Ү нәтижелілік белгісінің қалдық дисперсиясы:
   (11)
4) R2  статистикалық мәнділігін тексеру жолымен регрессияның алынған теңдеуінің барабарлығын анықтайтын Фишердің F-критерийінің Мәнділік деңгейінің мәні.
16. Регрессия теңдеуінің статистикалық анықтығын және регрессия теңдеуінің коэффициентінің мәнділігін тексеру.
1) Егер Ү операциялық шығындарының кемінде 85% вариациясы X факторлық белгілерінің вариациясымен түсіндірілсе, Ү тиімділік белгісі және белгіленген X факторлық белгілерінің арасындағы регрессиялық тәуелділік анық деп қабылданады. Әлемдік практикада қабылданған ережелерге сәйкес регрессияның анықтық көрсеткішінің R2  мәні 0,85-тен кем болмауға тиіс.
R   2    ≥ 0,85 (12)
2) егер F - критерийінің мәнділігі мәнділік (дәлдік) деңгейінен 10%-ға аспаса, Ү нәтижелілік белгісінің болжалған мәнінің деңгейін түсіндіретін X салыстыру талдауының факторлық мәндерін таңдау дұрыс деп саналады.
  Fмәнділігі   < 0,1 (13)
Fмәнділігі = Фишер Расп  . (F) (14)
мұндағы:     (15)
3) а0 , а1 , а2 ,..., аm  регрессиясының коэффициенті егер:
- регрессия коэффициентінің стандартты қателіктерінің мәндері (σa0 , σa1 , σa2 , …, σam ) регрессияның өз коэффициенттерінің тиісті мәндерінен кем болса (а0 , а1 , а2 ,..., аm );
  σ   a0    , σ   a1    , σ   a2    , …, σ   am     < а   0    , а   1    , а   2    ,..., а   m     (16)
- t-критерийінің мәнділік деңгейлерінің Р-мәні (р0 , p1 , р2 , …, pm ) мәнділік деңгейінен 20% кем болса объективті (мәнді) деп қабылданады
  р   0    , p   1    , р   2    , …, p   m       < 0,2 (17)
17. Егер X факторлық белгілерінің жиынтығы статистикалық мәнді регрессиялық үлгіні алуға мүмкіндік бермесе, тиімділік белгісіне қатынасы бойынша факторлық белгінің түрлі жинағымен бірнеше регрессиялық үлгі құрылады.
18. Тарифтерді есептеу үшін ынталандырушы ықпал жасау (бұдан әрі - X-факторының коэффициенті) жыл сайын анықталады, ол R2 алынған анықтық коэффициенттерін ескеріп әрбір желілік компанияның тиімділік белгісі қалдығының мәніне регрессиялық үлгі құру жолымен алынған болжалған тиімділік белгі мәндерінің арақатынасынан 20%-ды құрайды.
   (18)
мұндағы:
yi нәт  - X салыстыру талдауының факторлық белгісі мен Ү нәтижелі белгісі арасындағы регрессиялық тәуелділікке сәйкес келетін болжалданған тиімділік мәндері;
уi қалд  - ӨЭК тобының і тиімділік белгісінің қалдық мәні;
і = 1, 2,..., n - топтағы ӨЭК саны.
0,85 < R2  < 1 - топтағы регрессиялық талдаудың анықтық көрсеткіші.
19. Бірнеше регрессиялық үлгі құрылған жағдайда Х-фактор әрбір үлгіден алынған Х-факторлардың орташа мәні ретінде анықталады.
   (19)
мұндағы:
kij x  j-үлгідегі і-нің ӨЭК Х-факторының коэффициенті;
j - топтағы құрылған үлгілер саны.
4. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу
20. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тариф әр ӨЭК үшін жылдарға бөліп бес және одан көп жылға бекітіледі және оның қызметінің тиімділігін ескере отырып жыл сайын түзетіледі.
21. ӨЭК желілері арқылы электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне арналған тариф бірінші жылға мына формула бойынша анықталады:
   (20)
мұндағы:
   у   - ӨЭК-тің бекітілген тарифтік сметасында қабылданған күнтізбелік жылға есепте электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шығындары (бақыланбайтын шығындары мен амортизацияны шегергенде);
   k   х       - Х-фактордың коэффициенті;
k   отр    - сәйкес жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамында көзделген тұтынушы бағаларының болжалды индексі;
А   бж    - бірінші жылға негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің жоспарланып отырған аммортизациялық аударымдары;
Р   бж    - бірінші жылға ӨЭК қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына арналған пайда деңгейі;
   у   бақыл       - бірінші жылға жоспарланып отырған бақыланбайтын шығындары;
W   бж    - бірінші жылға арналған ӨЭК желілері арқылы электр энергиясын берудің жоспарлы көлемі.
22. Келесі әр жылға ӨЭК желілері арқылы электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтер тарифі мына формула бойынша анықталады:
   (21)
мұндағы:
   у   - ӨЭК-тің алдағы жылға электр энергиясын (бақыланбайтын шығындары мен амортизацияны шегергенде) беру және тарату жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған нақты шығындары;
kх  - Х-факторының коэффициенті;
А аж    - тариф айқындалатын тиісті жылға негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің жоспарлы аммортизациялық аударымдары;
Р аж    - тариф айқындалатын тиісті жылға ӨЭК қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына арналған пайда деңгейі;
у   бақыл    - тариф айқындалатын тиісті жылға арналған жоспарлы бақыланбайтын шығындар;
   W   аж       - тариф айқындалатын тиісті жылға ӨЭК желілері арқылы электр энергиясын берудің жоспарлы көлемі;
k   отр    - сәйкес жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамында көзделген тұтынушы бағаларының болжалды индексі.
23. ӨЭК желілері арқылы электр энергиясын берудің жоспарланған көлемі ӨЭК ұсынған ниет хаттамасы мен тұтынушылармен шарттардың негізінде айқындалады.
Тарифтерге көлемдердің маусымдық ауытқуларының әсерін алып тастау мақсатында негіздемеге мұндай есептеу салықтық есеп ұстанымына сай келу жағдайларын қоспағанда бір жылға арналған есеппен деректер қабылданады.
Базаға реттеліп көрсетілетін қызметтердің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының  2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларының 35-тармағына сәйкес материалдарды ұсынар алдындағы төрт тоқсанға, немесе өткен күнтізбелік жылға арналған нақты көлемдері қабылданады.
Реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін төмендету кезінде нақты көлемдермен салыстырғанда төмендеуді негіздейтін және растайтын материалдар ұсынылады.
24. Бақыланбайтын шығындардың мөлшері шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне сәйкес айқындалады.
25. Негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары мен материалдық емес активтері есептеудің тікелей (тегіс) әдісі бойынша есептеледі. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуын есептеудің тікелей (тегіс) әдісін қолдану уәкілетті органмен келісуді талап етпейді. Амортизацияны есептеудің өзге де әдістерімен амортизацияны қолдану және есептеу белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісіледі.
    26. Тарифті есептеген кезде ескерілетін пайда (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі  нұсқаулыққа    сәйкес айқындалады.
    27. Жүргізілген салыстырмалы талдау әдісі және ӨЭК желілері арқылы электр энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер есептеу нәтижелері осы Әдістеменің  қосымшасына    сәйкес форма бойынша ресімделеді.
Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті есептеу әдістемесіне қосымша
Өңірлік электр желілік компанияларының желілері арқылы электр энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге жүргізілген салыстырмалы талдау әдісінің нәтижелері туралы  
ақпарат
 ________________________________________________
 (ӨЭК атауы)
  

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

Өндірістік көрсеткіштер

1

Қызмет көрсету аумағының ауданы

ш. км

2

Қосылған тұтынушылар (абоненттер) саны

дана

3

Электр берілісі желілерінің жалпы ұзындығы

км.

4

Күштік трансформаторлар саны

дана

5

Күштік трансформаторлардың жалпы қуаты

МВА

6

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде тіркелген электр желілеріндегі ең көп жүктеме

МВт

7

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр желілеріндегі электр энергиясының нақты ысыраптары

мың кВт сағ.

8

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын беру көлемі

мың кВт сағ.

Х-фактордың коэффициенті

Қаржылық көрсеткіштер

9

Электр энергиясын беруге және таратуға қызметтерді көрсетуге өңірлік электр желілік компаниялардың шығындары (күнтізбелік жылға арналған есепте бақыланбайтын шығындар мен амортизацияны ажыратуды қоса бере отырып шегеру)

мың теңге

10

Күнтізбелік жылға арналған есепте негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары

11

ӨЭК күнтізбелік жылға арналған есебінде бақыланбайтын шығындары оның ішінде:

мың теңге

11.1

салықтар

11.2

Электр энергиясын беру және тарату кезінде технологиялық шығынды өтеуге жұмсалған шығындар

мың теңге

11.3

Жүйелік оператордың қызметіне арналған төлем

мың теңге

11.3-1

заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ӨЭК-тің инвестициялық бағдарламасын іске асыру үшін қарыз қаражаттарға сыйақы төлеуге арналған шығыстар

мың теңге

11.4

Форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесінде туындаған шығындар

мың теңге

12.

Пайда

мың теңге

Тарифті қалыптастырған кезде ескерілетін ӨЭК желілері арқылы электр энергиясын берудің жылдық көлемі

мың кВт сағ.

Электр энергиясының бес және одан көп жылға бөлінген беру және тарату қызметтеріне арналған тарифі.

кВт сағ. теңге

20_ ж.

20_ ж.

20_ ж.

20__ ж.

20_ ж.





«Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 
2014 жылғы   ________   № _________ бұйрығына
АНЫҚТАМА – НЕГІЗДЕМЕ

Көрсетілуі тиіс

мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты



1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып,

нормативтік құқықтық актіні

қабылдау негізі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына және 15-2- бабының 1-тармағына сәйкес

3.









Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына және 15-2- бабының 1-тармағына сәйкес келтіру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Жоқ

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

8.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәлiметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жарияланған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмi

-

Заң департаментінің директоры С. Метенова