• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мәселелері» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мәселелері» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 9730 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2014 жылғы 21 тамыздағы35-20/11-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Ұлттық экономика министрлігі туралы Қағида жобасына (бұдан әрі – Қағида жобасы) жалпы сипаттағы ескертулер.  
Қағида жобасымен Министрліктің орталық аппаратының 39 міндеті, 286 функциясы және ведомстволарының 243 функциясы айқындалған. Бұл ретте, функцияларды жазуда логикалық және тақырыптық реттілік жоқ.
Бұдан басқа, орталық аппараттың функцияларының бір бөлігі Министрліктің міндеттерінде көрсетілмеген. Мысалы, Әлеуметтік-экономикалық дамуды жорамалдауға, макроэкономикалық көрсеткіштерді талдауға, экономикалық болжауға және т.б. қатысты «Функциялар» 16-тармағының 14-19, 22-24-тармақшалары Министрліктің міндеттерінде көрсетілмеген.
Сондай-ақ, Министрлік міндеттерінде қайталанушылықты атап өтеміз. Мысалы, «Міндеттер» 15-тармағының «адал бәсекелестікті дамыту» 22-тармақшасы «бәсекелестікті дамыту» міндетін (32-тармақша) қайталайды. Немесе орталық аппарат функцияларының «кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін дайындау және ҚР Үкіметіне жолдау» 148-тармақшасы орталық аппарат функцияларының «кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін ҚР Үкіметіне жолдаумен, жеке кәсіпкерлік қызметі саласында зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру» 232-тармағын қайталайды.  
Қағида жобасының нақты тармақтары бойынша ескертулер және ұсыныстар.
1-бөлім. Жалпы ережелер.
Бірінші. 1-тармақтың екінші абзацында «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті, табиғи монополияларды және реттелетін нырақтарды шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады», - деп белгіленген.
Бұдан әрі 1-тармақтың төртінші және бесінші абзацтарында Министрлік:
тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополиялар қызметіне жатқызылатын қызметті бақылау және реттеу, сондай-ақ заңнамамен қарастырылған шекте салааралық үйлестіру және басқа да атқару, рұқсат беру және бақылау функциялары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, телекоммуникация және пошта байланысы облысындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу және бақылау, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергия жабдықтаушы қызметті бақылау және реттеу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады деп қайтадан бекітілген.
Осыған орай, бірінші тармақтың екінші абзацында «бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті, табиғи монополияларды және реттелетін нарықтарды шектеу» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз.
2-бөлім. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері.
«Міндеттер» деген 15-тармақ
Екінші. 22-ден бастап 39-ға дейінгі тармақшалар оны қалыптастыру бойынша Министрлік ұсыныстар әзірлейтін мемлекеттік саясат саласы ретінде емес, Министрліктің функциялары ретінде нөмірленуі тиіс.
«Функциялар» деген 16-тармақ
Орталық аппараттың функциялары
Үшінші. 23-тармақпен орталық аппараттың «республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлауды методологиялық қамтамасыз ету» функциясы айқындалған. Алайда, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 Жарлығымен бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіліктер Қаржы министрлігіне берілген (1 т. 1) т.).
Төртінші. Министрлік өз құзыреті күшімен монополияларға қарсы реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады, оны қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлемейді, осыған орай 62-тармақшаны мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«62) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу облысындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;».  
Бесінші. Осыған орай, орталық аппараттың функцияларының 262-тармақшасы екі құжатты бекітуді білдіреді, олардың бірі ҚР Ұлттық Банкімен келісілу бойынша бекітіледі, функцияны екі құрамдас бөлікке бөліп, 262-тармақшаны мынадай редакцияда жазу мақсатқа сай деп санаймыз:
«262) тауарлардың өзара алмасушылық критерийлерін, оларды сатып алу қолжетімділіктерін, сондай-ақ тауарлық нарық шекараларын айқындаумен тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жағдайын талдауды және бағалауды жүргізу бойынша әдістемені бекіту.  
Қаржы ұйымдарына қатысты тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жағдайын талдауды және бағалауды жүргізу бойынша әдістемені бекіту – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілу бойынша;  
Алтыншы. Ұғымдарды нақтылау және «Бәсекелестік туралы» ҚРЗ-мен сәйкестікке келтіру мақсатында орталық аппарат фукцияларының 263-тармақшасын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:  
«263) монополиялық жоғары, монополиялық төмен және монопсоникалық төмен бағаларды анықтау бойынша әдістемені бекіту».
Жетінші. Жазу стилистикасын өзгерту мақсатында 264-тармақшаны мынадай түрде жазуды ұсынамыз:  
«264) жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Үкіметіне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайы және монополистік қызметті шектеу жойынша шаралар туралы жылдық есепті жіберу.
Тауар нарықтарына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне тауар нарығын реттелетін нарыққа жатқызу бойынша, оның ішінде оларға мемлекетпен реттелетін бағаларды енгізу мақсатқа сай болатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізу.  
Сегізінші. Премьер-Министрдің Орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі А.О. Исекешевтің 2014 жылғы 7 наурыздағы Хаттамасымен ҚР Өңірлік даму министрлігінің және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ережелерінде келесі функциялар бекітілді:  
Индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын құруды үйлестіру, кеңейту және дамыту - ҚР Өңірлік даму министрлігіне;
Өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіру – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 Жарлығының 2-тармағына сәйкес, оған ҚР Өңірлік даму министрлігінің фнукциялары мен өкілеттіліктерін берумен ҚР Ұлттық экономика министрлігі құрылғанын ескере отырып, Қағида жобасын келесі функциямен толықтыру қажет деп санаймыз:  
«индустриялық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және тарату саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу».
Ведомстволардың функциялары
Тоғызыншы. «Бәсекелестік туралы» ҚРЗ-мен сәйкестікке келтіру мақсатында 80, 81 және 86-тармақшаларды мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«80) тиісті тауар нарығында басымдық немесе монополиялық жағдайды асыра пайдаланудың алдын алу, анықтау және жолын кесу;
81) нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдерінің және келісілген әрекеттерінің, адал емес бәсекелестіктің алдын алу, анықтау және жолын кесу;
86) реттелетін нарықтарда тауарларын өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, басымдық немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектісімен белгіленген монополиялық жоғары, монополиялық төмен және монопсоникалық төмен бағаларды анықтау».
Оныншы. 83-тармақшаны қолжетімділікті және ашықтықты арттыру мақсатында талдау нәтижелерін жариялау бөлігіндегі функциямен толықтыруды және оны мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«83) тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның жағдайын талдауды және бағалауды жүзеге асыру.  
Тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның жағдайын талдау және бағалау нәтижелерін ведомствоның интернет-ресурсында орналастыру».
Он бірінші. Стилистикалық дәлсіздіктерді жою және ұғымдарды нақтылау мақсатында 85, 88 және 93-тармақшаларды мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:  
85) басымдық немесе монополиялық жағдайды иеленуші нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
88) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан (оның ішінде салық және кеден органдарынан), нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және басқа да жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасымен көзделген өкілеттіліктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпияны құрайтын мәліметтерді сұрату және алу;  
93) мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен аффилирендірілген тұлғаларды құрудың алдын ала келісілуі, оларды құру Қазақстан Республикасының заңдарымен тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда».  
«Құқықтар мен міндеттемелер» деген 17-тармақ
Он екінші. Министрліктің міндеттемелері оның функцияларымен қарастырылатындығын ескеріп, тиісінше мазмұнында Министрліктің өз функцияларын орындауы кезіндегі құқықтарына қатысты тармақтарды ғана қалдырып, тармақтың атауын «Министрліктің құқықтары» деп өзгерту, сондай-ақ мәтіннен «монополияға қарсы орган» деген сөздерді алып тастап, осы тармақты тиісті нысанға келтіру мақсатқа сай деп санаймыз.
Басқарма мүшесі Ж. Ертлесова