«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации










Отправить по почте
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2. Биологиялық және су ресурстары департаменті Балық шаруашылығы комитетімен және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8065 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылдын 28 желтоқсанында № 284 (28223) жарияланған) 1-тармағы 1) , 2) және 4) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығына 1-қосымша
Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті:
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану, балық ресурстары мен өзге де су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген «Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау және нәтижелерін беру:
1) қызметті берушілердің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру нысаны: электронды және (немесе) қағаз.
3. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі - қағаз тасығышта не қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беруі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің (қызметкерлерінің) әрекет жасау тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекетін) бастауға қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен берілген құжаттар қоса тіркелген қызмет алушы сұрау салуының (бұдан әрі – өтініш (сұрау салу) болуы болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
қызмет алушылардан портал арқылы не қағазға басылған нұсқада мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініші (сұрау салуы) келіп түскен күні қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеп, оны қарауға қызметті беруші басшылығына беруі.
Өтініш қағаз тасығышпен келіп түскен жағдайда орындаушы өтініш портал арқылы келіп түскен күні барлық жиегін толтырып және қағаз тасығышпен берілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қосып тіркейді;
қызметті беруші басшылығының өтініш (сұрау салу) келіп түскен күні құжаттың мазмұнымен танысып, бұрыштама белгі қоюы. Құжатты қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшылығына (қызметті берушінің басшылығына) беруі;
қызметті беруші басшысының өтініш (сұрау салу) келіп түскен күні құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкерін таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
орындаушының ұсынылған құжаттардың шынайылығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарауы және қызметті алушының құжаттары алынған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру;
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қызмет беруші басшылығының қол қоюы.
6. Мына рәсімдерді (әрекеттерді) орындай бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижелері:
кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш (сұрау салу);
ұсынылған құжаттардың толымдылығы мен шынайылығы;
қызметті берушінің басшылығы қол қойған электронды құжат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш (сұрау салу) берілген жағдайда:
электрондық тәсілмен – нәтиже электронды құжат нысанында ресімделеді;
қағаз тәсілімен – нәтиже электронды құжат нысанында ресімделеді, қағазға басылады, басшы қол қояды және қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) кеңсе қызметкері;
2) жауапты орындаушы;
3) қызметті беруші басшылығы.
8. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) кезектілігінің сипаттамасы:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |