Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Продукты: | Консультации |
Отправить по почте
«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеулік аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін; аңшылық шаруашылығы; қосымша орман пайдалану қажеттілігіне ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін орман ресурстары берілетін мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2011 жылғы 27 шілдеде № 7091 нөмірімен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 14-1/358 бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
3. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (Азбаев Б. О.) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаментімен (Коваль И. А.) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы «__» ________ №____бұйрығына 6-қосымша
«Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс
объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетледі.
Осы регламент «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-2) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысының негізінде әзірленді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау және нәтижелерін беру:
1) қызметті берушілердің кеңсесі;
2) «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) және Е-лицензиялау арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі – табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерінде туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер салуға қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған қағаз тасығыштағы не электронды нысандағы рұқсат беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
көрсету процесінде әрекет жасау тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімін (әрекетін) бастауға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет қызмет алушының құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
қағазға басылған нұсқада мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеп, оны қарауға көрсетілетін қызметті беруші басшылығына беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және қарар қоюы. Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкерін таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
ұсынылған құжаттарды бес жұмыс күні ішінде стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың түгел болуын қарау;
сәйкес келген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету туралы оң шешім дайындау;
шешімді (табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерінде туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер салуға рұқсат беру) көрсетілетін қызметті беруші басшысының келісімдеуі.
7. Мына рәсімдерді (әрекеттерді) орындай бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижелері:
кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
ұсынылған құжаттардың толымдылығы мен шынайылығы;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының электронды цифрлы қолы (ЭЦҚ) қойылған электронды құжат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш берілген жағдайда:
электронды тәсілмен – нәтиже электронды құжат нысанында ресімделеді;
қағазға басылған күйінде – нәтиже электронды құжат нысанында ресімделеді, қағазға басылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және мөрімен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
әрекет жасау тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) кеңсе қызметкері;
2) жауапты орындаушы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
4) қызметті берушінің басшылығы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) кезектілігінің сипаттамасы:
қағазға басылған нұсқада мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеп, оны қарауға көрсетілетін қызметті беруші басшылығына беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және қарар қоюы. Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкерін таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
ұсынылған құжаттарды бес жұмыс күні ішінде стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың түгел болуын қарау;
сәйкес келген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету туралы оң шешім дайындау;
шешімді (табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерінде туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер салуға рұқсат беру) көрсетілетін қызметті беруші басшысының келісімдеуі.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы осы «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін регламентіне (бұдан әрі – регламент) қосымшаға сәйкес блок-схемада келтірілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
11. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, қызмет алушының өтінішін өңдеудің ұзақтығы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін қызмет алушы порталға не қызмет көрсетушіге өтініш жасайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі стандарттың 8-тармағында көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде көрсетіледі.
12. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде жүгіну тәртібінің және көрсетілетін қызметті беруші мен қызметті алушының рәсімдері (әрекеттері) кезектілігінің сипаттамасы.
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы реттілікпен әрекет жасауы мен шешім қабылдауы (қызметтер көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) осы Регламентке қосымшада келтірілген:
1) қызметті алушы қызметті беруші компьютерінің ғаламтор-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталға тіркелуді жүзеге асырады (порталға тіркелмеген қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – қызметті алушы компьютерінің ғаламтор-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушының порталға парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – тіркелген қызметті алушы туралы деректердің шынайылығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) мен пароль арқылы тексеру;
4) 2-процесс – порталдың қызметті алушының деректерінде орын алып отырған тәртіп бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
5) 3-процесс – қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған өтініш нысанын шығару және қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, өтініш нысанына электронды түрдегі қажетті құжаттарды бекітіп, нысанды толтыруы (деректер енгізу);
6) 4-процесс - өтінішті куәландыру (қол қою) үшін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2–шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері шақырып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ көрсетілген өтініште ЖСН/БСН мен көрсетілген ЭЦҚ тіркеу куәлігіндегі ЖҰН/БҰН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
8) 5-процесс – қызметті алушы ЭЦҚ-сының шынайылығының расталмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6-процесс – қызмет көрсетуге жасалған өтініштің толтырылған нысанын (енгізген деректерді) қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);
10) 7-процесс - электронды құжатты (қызметті алушының өтінішін) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және өтінішті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өңдеу;
11) 3-шарт көрсетілетін қызметті берушінің қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беруге арналған негіздерге сай келуін тексеруі;
12) 8-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дағы қызметті алушының деректерінде орын алып отырған тәртіп бұзушылықтарға байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
13) 9-процесс – қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптасқан қызмет нәтижелерін (электронды лицензия) алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптасады.
Көрсетілетін қызметті берушінің реттілікпен әрекет жасауы мен шешім қабылдауы (қызметтер көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы Регламентке қосымшада келтірілген:
1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін логин мен парольді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға енгізуі (авторизациялау процесі);
2) 1-шарт – логин мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері туралы деректердің шынайылығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;
3) 2-процесс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде тәртіп бұзушылықтар орын алып отыруына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін өтініш нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қызметті алушы деректерін енгізуі;
5) 2-шарт - қызметті алушы деректерінің ЖТ МДБ/ЗТ МДБ -да болуын тексеру;
6) 4-процесс - ЖТ МДБ/ЗТ МДБ –да қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректер алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
7) 5-процесс – қағаздық нысанда құжаттардың болуы туралы белгі қою бөлігінде өтініш нысанын толтыру және қызметті беруші қызметкерінің мәліметтер нысанын толтыруы;
8) 6-процесс - өтінішті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және өңдеу;
9) 3-шарт – қызметті берушінің қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сай келуін тексеруі;
10) 7-процесс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дағы қызметті алушы деректерінде тәртіп бұзушылықтардың орын алып отыруына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
11) 8-процесс – қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қалыптастырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электронды лицензия) алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптасады.
13. Өтініш өңделгеннен кейін қызметті алушыға өтінішті өңдеу нәтижелерін былай қарап көру мүмкіндігі беріледі:
қызметтер алу тарихындағы «кіріс құжатын қарау» түймесін басқаннан кейін - өтініш нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақталсын» түймесін басқаннан кейін - өтініш нәтижесі Adobe Acrobat форматында тұтынушының магнитті тасығышында сақталады.
14. Электронды мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қажетті ақпарат пен консультацияны портал call-орталығының телефоны арқылы (1414) алуға болады.
____________________
«Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілерін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
.
Көрсетілетін қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
.
«Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы «____» _________ № ______бұйрығына анықтама-негіздеме
№
| Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (органның құзыреті) | «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 10-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында |
3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттар, дәлелдер және акті неге байланысты қабылданды) | Осы жобаны қабылдау жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын нақтылауға бағытталған |
4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзірлеу туралы мәліметтер | «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрықтың қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 27 шілдеде № 7091 нөмірімен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 14-1/358 бұйрығы күшін жойды деп танылсын |
5. | Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидалардың 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ
|
6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтіндігі | Жоқ
|
7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер | Жоқ |
8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәліметтерді | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналастырылды |
9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Құқықтық қамтамасыз ету
департамент директоры Ә. Жеңісов